Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Жер туралы қазақстандық заңнама тарихы

1990 жылдан бастап елімізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ҚР азаматтарына және шетелдік азаматтарға жалға алу құқығымен берілді:

— қысқа мерзімге — 3 жылға дейін;

— ұзақ мерзімге — 10 жылға дейін.

1995 жылдан бастап ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер ҚР азаматтары мен шетелдік азаматтарға жалға алу құқығымен берілді:

— қысқа мерзімге — 3 жылға дейін;

— ұзақ мерзімге — 3 жылдан 99 жылға дейін.

2001 жылдан бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жалға алу құқығымен берілді:

Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына:

—  қысқа мерзімге — 5 жылға дейін;

— ұзақ мерзімге — 5 жылдан 49 жылға дейін.

— шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға:

— жерді екінші рет пайдалануға беру құқығынсыз 10 жылға дейін.

2003 жылы Жер кодексі қабылданып, бұл құжат бойынша Қазақстанның заңды және жеке тұлғаларына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке алу құқығы берілген.

Сол жылы Үкіметпен шетелдіктердің жалға алу құқығында бола алатын, бір әкімшілік аудан (қала) шеңберіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің ең көп аумағы бекітілді.

2011 жылы жарғылық капиталында шетелдіктердің үлесі елу пайыздан асатын шетелдіктерге, заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер тек 10 жыл мерзімге жалға алу құқығымен берілді.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер  шетелдіктерге 25 жылға дейінгі мерзімге жалға алу құқығымен беріледі.

 

Қазақстан Президенті Асқар Мырзахметовті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев вице-премьер — ауыл шаруашылығы министрін Асқар Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлайды …

Солтүстік Қазақстан облысында астық жинау аяқталды

Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп құрылымдары астық жинау жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Республика бойынша 14,7 млн астық бастырылды

Соңғы мәліметтерге сәйкес, астық алқабының 76,7 пайызы орылып, 14,7 млн тонна астық бастырылды. Бұл …