Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысына 67 мүше қатысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Жер реформасы бойынша республикалық комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен комиссияның екінші отырысы басталды.

«Комиссияның 75 мүшесінің 67-сі өзінің отырысқа қатысатынын растаған. Біраз адамдар сұхбат беріп жатыр, жолда келе жатқандары бар. 7 адам белгілі себептермен қатыса алмай отыр. Оның екеуі өз еріктерімен комиссия құрамынан шығатындарын айтқан. Қалғандары денсаулық жағдайына байланысты өткен жолы да қатыса алмаған болатын. Сол себептен ол кісілерге тезірек сауығып, жұмысымызға қосылуын күтеміз», — деді Б. Сағынтаев.

Комиссия төрағасының айтуынша, бүгінгі күні реформалар бойынша аймақтарда да қарқынды жұмыстар атқарылған. Барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында отырыстар өтті. «Кеше облыстармен селекторлық кеңес өткізіп, комиссия мен жергілікті жерлердегі қоғамдық кеңестердің қатынасына қатысты мағлұматтар бердік. Қоғамдық кеңестерге де келіп түскен ұсыныс, пікірлер жинақталады, комиссия штабына ұсынылатын болады», деді Б. Сағынтаев.

kazinform

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …