Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өте қызу өтті – Н.Ерімбетов

Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өте қызу өтті және меніңше, бұл орынды да. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов осындай пікір білдірді.

«Алғашқы отырыс (Жер реформасы жөніндегі комиссия – автор ескерт.) өте қызу және тартысты өтті. Егер бұл парламенттің, қандай да бір комиссияның немесе қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болса, біз үшін бұл үйреншікті жәйт болар еді. Алайда бұл жерге түрлі саланың, өңірлердің адамдары жиналған. Әркез өзекті мәселеге қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі өз әсері туралы айтса, енді бірі технологиялар, әлеуметтік саясат жөнінде ой бөлісті», — деді Н.Ерімбетов.

Алғашқы отырыстан алған әсерімен бөліскен қайраткер іс-шарада ешкім қалыс қалмағанын, әркім өз пікірін ортаға салғанын атап өтті.
«Әркім өз ойын білдіруге ұмтылды. Келесі кездесулер нақты тақырыпқа арналатын болады. Алғашында 75 адам мен үшін тым көп болып көрінген. Комиссия құрылады дегенде небәрі 25-30 адам болатын шығар деп ойлаған едім. Алайда ол жерде түрлі топтың өкілдері жиналған, бұл жақсы. Агрономдар, мал өсірушілер, саясаттанушылар мен журналистер, тарихшылар да бар. Жер мәселесіне техникалық тұрғыдан қарауға болмайды. Комиссия нақты бір министрліктің емес, жалпы қоғамның пікірін білдіруі тиіс. Халық жер реформасына қаншалықты дайын, оның маңызы қандай деген мәселелерді естен шығармаған абзал», — деп түйіндеді Н.Ерімбетов.

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …