Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Жер комиссиясының жұмысы бойынша заң жобасы әзірленді — АШМ

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов аталған ведомствоның жұмыс жоспарының жобасын таныстырды. Жоспардың ішінде Жер комиссиясының жұмысы нәтижесінде қолға алынған шаралар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атап айтқанда, жердің жаңа кадастрлық бағасын белгілеу, нақты мәліметтер базасын жасақтау және геоботаникалық карталарды әзірлеу жұмысы жүргізіледі. Қазіргі заң жобасы Үкіметтің ақпанның 16-сы күнгі қаулысымен Парламенттің қарауына енгізілді», — дейді Айтуғанов. Бұдан бөлек, министрлік жоспарында ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасы аясындағы шаралар да бар. Бүгінгі отырыста Үкімет мүшелері аталған құжатты мақұлдады. «Жолдауда үлкен міндеттердің жүктелгенін бәріміз жақсы білеміз.

Бұл жоспар аталған міндеттерді орындауға бағытталып отыр. Осы орайда үлкен жауапкершілік жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Осыны тағы да ерекше ескерткім келеді. Біз өз тарапымыздан тиісті шараларды қолға алатын боламыз», — деді Үкімет басшысының орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметов.

Дерекөз kazinform

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …