Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Жер Кодексiндегi Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін жерді нарықтық айналымға енгізуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды.

Жердің белсенді нарықтық айналымын ынталандыру және жер қорының экономикалық қайтарымдылығын арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) Жер кодексіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Бірінші. Аукцион өткізу арқылы жер учаскелерін берудің жаңа механизмін енгізу.

Мәселен, мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына аукциондар арқылы сату жолымен жеке меншiк құқығымен мынадай тәртіппен берілетін болады:

Бірінші кезекте — жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы.

Егер екі аукцион өткізу қорытындылары бойынша учаске өткізілмесе, онда ол учаске бағасының кадастрлық құннан белгіленген ең төменгі шекке (кадастрлық құнның 50 %) дейін төмендетілуін көздейтін аукционға қойылатын болады.

Екінші. Жалға берілген жер учаскесін сатып алу бойынша жеңілдікті жағдайларды ұсыну. 

Аталған норма Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының мүдделерін ескереді және оларға бұрын берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау мерзімі аяқталғанға дейін жеке меншiкке оның кадастрлық құнының 50% мөлшерінде айқындалатын жеңiлдiктi бағамен, төлеу мерзiмiн 10 жылға дейін ұзартып сатып алу құқығын береді.

Сондай-ақ, осындай үлестерін шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативтерге жарна ретінде берген жер үлестері иелерінің құқықтарын қорғайтын норма көзделеді.

Үшінші. Жалға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау.  

Кодекс жер пайдаланушыларға жалдау құқығымен, атап айтқанда, жалдау мерзімі шегінде банкке кепілдікке салу, иеліктен шығару құқығымен құқықтық мәмілелер жасауға мүмкіндік береді.

Төртінші. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін жеңілдету.

Жер кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес аталған учаскелерде ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілер салу кезінде және шаруашылық жүргізу нысанын өзгерту кезінде ауыл шаруашылығыжерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін алып тастау көзделеді.

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …