Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Қызылорда облысында пайдаланбай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару науқаны басталды

Қызылорда облысында пайдаланбай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару науқаны басталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат өңірлік әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.  «Қызылорда облысының әкімдігі «Мүлдем пайдаланбай жатқан немесе заңсыз пайдаланып жатқан жер учаскелерін толық қайтарып алу туралы» жол картасын жасады және бекітті.

Жол картасына сәйкес, Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда жұмысшы топтар құрылып, топ құрамына прокуратура мен мүдделі мемлекеттік орган өкілдері енгізіліп отыр, — делінген xабарламада. Облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаев, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов Жол картасының негізгі жайттарымен таныстырды.

«Бүгінде жұмыс топтары іске кірісті. Жол картасына сәйкес, елді мекендерде жұмыс 1, 2, 4 тоқсандарда жүргізіледі. 3-тоқсанда пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері түгенделеді», — дейді Қанатбек Серікбаев. Сонымен қатар облыста өз бетінше жер учаскелерін иеленіп алғандарға қатысты да шара қолданылады. Ұсынылған мәлімет бойынша бүгінгі күнге дейін Қызылордада жер қойнауын өз бетінше пайдаланудың 800-ден аса дерегі анықталған. «Мемлекеттік жер учаскесін немесе оның бір бөлігін заңсыз иелену жеке тұлғаларға — 170175 теңге, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 340350 теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады. Сондай-ақ, өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған құрылыс ҚР ЖК-нің 164-1 бабына сәйкес бұзылатындығын ескертеміз», — дейді басқарма басшысының орынбасары.

Дерекөз kazinform

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …