Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Солтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 5 жыл ішінде 35% өсті

Солтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 5 жыл ішінде 35% өсті, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.


Бес жыл ішінде халықтың жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім өндірісі 1,9 есе ұлғайды, ауыл шаруашылығы өнімі – 2,4 есе, бөлшек сауда – 2,2 есе, өнеркәсіп өнімі – 2 есе.
Облыстың экономикалық даму параметрлерінің соңғы 5 жылдағы экономикалық-статистикалық талдауы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің серпінді өсуі туралы куәландырады.
Жалпы өңірлік өнім көлемі (ЖӨӨ) 2011-2015 жылдары 26,7%-ға ұлғайып, 2015 жылы 837,2 млрд теңгені, немесе 3775,7 млн АҚШ долларын, құрады. 2015 жылы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 1467,2 мың теңгені құрады.

Облыстың жалпы өңірлік өнімінде ең үлкен үлесті дәстүрлі ауыл шаруашылығы алады (25%-дан артық).

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 5 жыл ішінде 35% өсіп, 2015 жылы 380,8 млрд теңгені құрады. Халықтың жан басына шаққанда ауылшаруашылық өнім 2015 жылы 667,4 мың теңгеге өндірілді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімін шығару құрылымында өсімдік шаруашылығы жетекші орын алады, оның үлесіне барлық өнімнің 72%-нан артығы келеді. 5 жыл ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 1,6 есе ұлғайды. Егістік алқаптың 73%-нан артығын алып, астық өндірісі оның негізі болып табылады. Орташа түсімі бір гектардан 15 центнер болып, дәнділердің жалпы түсімі 2011-2015 жылдар аралығында 26,4 млн тоннаны құрады.

Азық дақылдарының егістік алқаптары 2011 жылғы 262,5 мың гектардан 2015 жылғы 655,9 мың гектарға дейін, майлы дақылдар – 298,7 мың гектардан 470,5 мың гектарға дейін ұлғайды.
Өнеркәсіп өндірісі ЖӨӨ құрылымының 11%-дан артығын алады. Облыс өнеркәсібі 2015 жылы 166,9 млрд теңгенің өнімін өндірді, 5 жылдағы өсім 20,4%-ды құрады. Ең үлкен ұлғаю кен өндіру өнеркәсібінде тіркелген – 4,9 есе.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында үштен екі бөлікті алатын өңдеу өнеркәсібінде 2010 жылға 17,4% өсіммен 2015 жылы 120,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді.
Азық-түлік өндірісі — 23,2%, сусындар өндірісі — 14,7% өсті.

Халықтың жан басына шаққанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2015 жылы 292,5 мың теңгені құрады.

Барлық меншік нысанындағы құрылыс-монтаж ұйымдары 2015 жылы өз күшімен 54,6 млрд теңгенің мердігерлік жұмыстары орындалды, ол 2010 жылғыдан 2 есе артық.

Бес жыл ішінде облыста 1050 оқушы орнына арналған жалпы білім беретін мектептер, 1378 орынға арналған мектепке дейінгі мекемелер енгізілді.

2011 жылдан бері облыс аумағында халықпен және кәсіпорындармен тұрғын үйдің жалпы ауданы 575,1 мың ш.м. енгізілді, одан 57,3% — жеке салушылармен. Пәтерлердің орташа мөлшері 2011 жылғы жалпы ауданы 101,9 шаршы метрден 2015 жылғы 129,3 шаршы метрге дейін ұлғайды.
Бөлшек сауда көлемі 5 жыл ішінде 1,6 есе ұлғайып, 2015 жылы 161,3 млрд теңгені құрады. Жеке кәсіпкерлер үлесіне бөлшек сауда көлемінің 57%-ы келеді.

Халықтың жан басына шаққандағы көлемі 2015 жылы 282,7 мың теңгені құрады.

Қызылорда облысының күрішіне орақ түсті

Шиелі ауданында 2017 жылдың күріш орағы басталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын уақыт жетті — Елбасы

Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын уақыт жетті. Бұл туралы Ақмола облысында жұмыс сапарымен жүрген …

Мемлекет басшысы Ақмола облысында егін алқабын аралады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Зеренді ауданындағы «Ұмай жер» ЖШС-нің …