Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Солтүстік Қазақстан облысында астық жинау аяқталды

Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп құрылымдары астық жинау жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров «ҚазАқпаратқа» биыл өңірде 5,6 млн тонна астық бастырылғанын мәлім етті.

«Соңғы 6 жылда алғаш рет астық және бұршақ дақылдарының өнімділігі гектарына 18,2 центнерден артты», — деді Айдарбек Сапаров.

Жаңа өнімді қабылдау және сақтау үшін облыста лицензиясы бар 50 астық қабылдау кәсіпорны дайындалған. Олардың жалпы сыйымдылығы 3,4 млн тоннаны құрайды. Қалған 3,2 млн тонна астық агроқұрылымдардың қоймаларында сақталады.

«Қазір облыстық астық қабылдау кәсіпорындарына жалпы 1,1 млн астық жеткізіліп отыр. Агроқұрылымдар 2018 жылдың ауылшаруашылық дақылдарына бөлінген тұқымды толық сеуіп болды», — деді СҚО әкімінің бірінші орынбасары.

Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығын дамыту үшін солтүстікқазақстандық шаруаларға мемлекет тарапынан биылдың өзінде 42,5 млрд теңге бөлінгенін тілге тиек етті.

«Майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасып жатыр. 12 қазан күнгі жағдай бойынша егін жиналған алқаптар 89,6%-ті құрап отыр. Өнімділік гектарына 10,2 центнерді құраған. Ал күнбағысты жинау жұмыстары аяз түскен соң басталады», — деді Айдарбек Сапаров.

Дереккөз kazinform

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …