Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Шекара маңында ауылшаруашылық жерлерін беруге талаптар айқындалды

ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмысты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған заң жобасы Жер реформасы бойынша комиссия жұмысының қорытындысы аясында әзірленді. Заң жобасының негізгі ережелері жер пайдалану құқығын беру тұрғысында конкурстық комиссияның қызметін егжей-тегжейлі реттеу арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді берудің айқын тетіктерін белгілеуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануын және тұрақты мониторинг жүргізу арқылы жер пайдаланушылардың өздеріне алған міндеттемелерін орындалуына бақылауды күшейтуге қатысты»,-деп тоқталды депутат Сапархан Омаров Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, мұнымен қоса, мемлекеттік органдарға қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің шекті максималды көлемін анықтау бойынша құзырет беріледі. «Бұдан басқа, заң жобасымен мемлекет мұқтажына жеке тұрғын үй құрылысын дамыту және ауыл тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету үшін жерді алып қою мүмкін болатын ерекше жағдайлардың тізбесі кеңейтілген.

Сонымен қатар қорғаныс мұқтажы және ұлттық қауіпсіздік үшін жерлерді берумен байланысты мәселелер қарастырылған. Шекара маңындағы аумақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін беруге талаптар анықталған. Жалпы, ұсынылып отырған заң жобасындағы нормалар жергілікті атқарушы органдар қызметінің жариялылығының дамуына, ауыл шаруашылығы жерлерін беру жүйесінің ашықтығына бағытталған»,- деді С. Омаров.

Дерекөз kazinform

Ақмола облысында «Нұ­рлы жер» бағдарламас­ын жүзеге асыру жөнінде келісім жасалды

Ақмола облысының әкімдігі мен «Тұрғын үй-құрылыс жинақ бан­кі» АҚ өзара әріптес­тік туралы меморанду­мға қол …

Бос жерлер туралы мәліметтер халыққа қолжетімді болуы тиіс — Бас прокуратура

Бос жерлер туралы мәліметтер халыққа қолжетімді болуы тиіс. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» …

Оралда сегіз жер телімі кәсіпкерлерге сатылды

Орал қаласы әкімдігінде коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру құқығын …