Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Сенат Жер заңнамасына ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И.Мырзахметов ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Заң жобасын таныстырды.

«Аталған Заң жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігі Елбасы Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 18 тамыздағы Жарлығын орындау үшін әзірледі», – деді Вице-Премьер.

Заң жобасының негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі 50 пайыздан асатын заңды тұлғаларға жалға және қазақстандықтарға жеке меншікке беруге байланысты Жер кодексінің және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына жарияланған мораторий мерзімін 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту болып табылады.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы жерлерінің сапалы жағдайы, олардың пайдаланылуы, меншік иелелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтер базасын құруға бағытталған ревизия және топырақтық, геоботаникалық зерттеу, оның кадастрлық құнын анықтауды қамтитын жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

Қазақстан Президенті Асқар Мырзахметовті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев вице-премьер — ауыл шаруашылығы министрін Асқар Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлайды …

Солтүстік Қазақстан облысында астық жинау аяқталды

Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп құрылымдары астық жинау жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Республика бойынша 14,7 млн астық бастырылды

Соңғы мәліметтерге сәйкес, астық алқабының 76,7 пайызы орылып, 14,7 млн тонна астық бастырылды. Бұл …