Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Қ.Құсайынов: пайдан ешқандай пайда жоқ

1991-1995 жылдары еліміздің әрбір азаматына жеке-жеке пай берілді. Қазір сол пайдан бiздiң халық ешқандай пайда көрген жоқ. Бұл туралы Жер реформасы жөніндегі комиссияның Көкшетауда өтіп жатқан төртінші отырысында профессор Қасымхан Құсайынов мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Профессордың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында жерден басқа да қордаланып қалған мәселе көп. Соның бірі пайдан пайда көрмей отырмыз.

«Әрине, сыртқа сату, жалға беру, басқа да жұмыстарды да бiз шешемiз. Халық не айтса, соған көнемiз. Менiң айтайын дегенiм, бiздiң ауыл шаруашылығында мәселелер жыл сайын емес, күн сайын көбейiп келедi. Ендi осының бәрiн шешетiн уақыт жақындады ғой деп ойлаймын. Бiздiң ең басты жағдай, пайларды дұрыстауымыз керек. Әрбiр адамға 1991-1995 жылдары жеке-жеке пай бердiк. Сол пайдан бiздiң халық ешқандай пайда көрген жоқ. Ал ендi сол пайларды өздерiне беретiн болсақ, өздерi сол жерде жұмыс iстеп, жерiнiң иесi болса, ол жанын салып, сол жерде жұмыс iстейдi, — дейді профессор Қасымхан Құсайынов.

Профессор көптеген мемлекеттер пайдаланып отырған кооперативтердi қолдау керек. Бұл ауылдардың дамуына үлкен серпін береді. Бәрiн емес, бiрақ бiразын көшiрiп, халықтың өз ойынан шыққанымыз дұрыс деп есептейді.

«Мен Беларусь елiнiң тәжiрибесiн зерттеген едiм. Олар кооператив жүйесi арқылы алға басты, Еуропада жан басына шаққандағы есеп бойынша бiрiншi орынға шықты. Қазiр бұл ел 3 мың тоннадан астам сүт және сүт өнiмдерiн сатады. Бұл, шамамен, бiздiң Ақмола өңiрi секiлдi 10 облысты құрайды. Сондықтан кооператив жүйесiн зерттеп, қарастыруымыз керек. Мұны өткеннiң iсi деп қабылдағанымыз жөн. Былтыр Израильде болдым, бұл елде де кооператив жүйесi тиiмдiлiгiн көрсеттi. Екiншiден, бiзге басқару жүйесiн жетiлдiру қажет. Бүгiнгi әкiмшiлiк экономика жақсылық әкелмейдi. Қазiр бiздiң ауылдар бәсекеге қабiлеттi емес. Осы мәселенi ойластырған абзал», — деп қорытындылады сөзін профессор.

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …