Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

С.Сұлтанғали: Бәрі сәтімен келіп тұр

Комиссия өз миссиясын толық атқарды. Бес жылда үлкен техникалық мамандар дайындаймыз. Бұл туралы «Бірлік» партиясының төрағасы, Комиссия мүшесі Серік Сұлтанғали мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

С.Сұлтанғалидің айтуынша Комиссия өзінің басты міндеттерін толық атқарып шықты.

«Комиссияның жұмысы өте маңызды өттi. Комиссия өз жұмысын екi жүз пайыз орындады. Себебi, аралаған жерлерiмiзде халықтың пiкiрi бiр нүкте қою керек дегенге тоғысты. Бес жылға мораторий жариялауды қолдаймын. Бес жылда жерге қатысты сауатымызды көтеремiз. Екiншiден, Елбасы жылдың басында тапсырма берiп, келесi жылдан кәсiптiк-техникалық бiлiм тегiн болады. Бәрi сәтiмен келiп тұр. Бес жылда үлкен техникалық мамандарды дайындаймыз. Оның барлығы кезiнде жабылды ғой. Екiншi жағынан, ғылыми әлеуеттi дамыту керек», — дейді С.Сұлтанғали.

Ол комиссия жұмысы осымен бiтуi керек деп есептейді. Ең бастысы, халықпен санасу үшiн Елбасының тапсырмасымен осы комиссия құрылды. Ендi комиссияның уақыты келдi. Бәрiне рахмет айтып, мамандардың жұмыс тобына кiрiп, еңбек етуiне ешкiмнiң қарсылығы жоқ.

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …