Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Реформа тұжырымдамасы қайта қаралу керек — М. Әбенов

32423

‪#‎ЖЕР‬ Комиссия жұмысы ашық жария түрде болуын және жер реформасы бойынша азаматтық қоғамның пікірлерін ескерілүін қалай қамтамасыз етеміз?

Біздің жұмыс тобымыздың басты міндеті осы деп түсінемін. Осыған дейін көппен келіспей жасалған, дау туғызған Жер Кодексін түсіндіру емес. Реформа тұжырымдамасы қайта қаралу керек. Ал ол үшін комиссия қоғамда бар барлық ұсыныстарды жинақтап, топтастырып, сараптамадан өткізіп , содан кейін ғана көпшіліктің пікіріне сүйеніп шешім ұсынылуы мүмкін.

Кеше жер реформасы жөніндегі комиссияның қоғаммен байланыс жасау және комиссия жұмысы жайлы хабардар ету тобымыздың бірінші отырысы өтті.

Алдағы уақыттағы жұмысымызды келісіп алдық.

Тобымыздың негізгі міндеттері:

— жан-жақты пікірлерді зерттеу үшін қоғамдағы әр түрлі топтармен, жергілікті жерлердегі комиссиялармен , БАҚ өкілдерімен, ұсыныс жасаймын деген жеке азаматтармен, әртүрлі сала мамандарымен кездесу;
— қоғамды комиссия жұмысы жайлы хабардар ету;
— азаматтарымды жер реформасына қатысты барлық ақпараттармен қамтамасыз ету ( мысалы кәзір жерді иеленіп отырғандар кімдер , олар қалай алды, қандай заң бұзышылық бар)
— осы заңды дайындауға негіз болған мемлекеттік органдардан , Парламенттен , зерттеу институттарынан қажетті ақпараттарды алдырып комиссия мүшелеріне және көпшілікке жеткізу;
— қоғаммен кері байланыс орнату;
— келіп тұске ұсыныс пікірлерді зерттеп, топтастырып комиссия қарауына ұсыну.

Комиссия жұмысын ақпараттандыру үшін Ауыл шаруашық Министрлігі арнайы www.Jerturaly.kz сайтын ашты. Пікірлерді жинақтау үшін саll-центр қызметін бастады.

Бірақ ол жеткіліксіз деп есептейміз. Сол себетен Жер рефомасы бойынша комиссия атынан тікелей байланыс жасау үшін әлеуметтік желілерден парақша ашуды шештік!
Кешеден бастап фейсбукте Жер реформасы жөніндегі комиссия — Комиссия по земельной реформе деп аталатын парақша қызметін атқарады. Барлық нақты пікірлерді сол жерге ортаға салып , талқылауға болады.

Барлық пікірлер назардан тыс қалмау үшін #ЖЕР хэштегін пайдалануға ұсынамын

Құрметті азаматтар! Осыған байланысты келесі мәселелер бойынша ұсыныстарыңызды жолдауларыңызды сұраймын:
1. Қандай, қайда және кімдермен кездесулер ұйымдастыруды ұсынасыздар?
2. Қандай жолдармен қоғамды комиссия жұмысы жайлы хабардар етеміз?
3. Министрліктер және Парламенттен қосымша ақпараттар қандай ақпаратр алдыру керек?
4. Қоғаммен кері байланысты қандай әдістермен орнатамыз ( хаттарға жауап, интернет арқылы, азаматтарды қоғамдық қабылдаулар, БАҚ тарға ақпарат беру т.б.)
5. Кім және қалай келіп түскен ұсыныс пікірлерді жинақтап , сараптамадан өткізіп, топтастырыға көмектесе алады ?
6. Комиссия және тобымыздың жұмыс жоспары бойынша ұсыныстар
7. Тобымыздың кездесу орны және уақыты бойынша ұсыныстар

Аталған мәселелер бойынша ұсыныстарды арнайы тіркелген [email protected] поштасына жолдауларыңызды сұраймын.

Әрине комиссия жұмысына қатысу ол маған өте жауапты қызмет және сенім. Басымызды алып қашпаймыз. Дегенмен шынайы , елдің алдында ұялмайтындай жасау ушін көп уақыт керек. Өзіміздің күнделікті тіршілігіміз де бар. Сол себептен комиссия жұмысына араласамын , көмектесемін деген белсенді азаматтар болса біздің топ жұмысына қолдау көрсетуге шақырамын. Ол үшін міндетті түрде Астанада болу қажет емес. Интернет арқылы байланыс жасап өз үлестеріңізді қоса аласыздар.

Менің жеке поштам: [email protected]

Комиссия мүшесі , «Серпін» білім беру ұйымдарының Ұлттық қауымдастық төрағасы Мұрат Әбенов .

Ауғанстан Қазақстанға астық терминалдарын салуды ұсынып отыр

Қазақстан астығын тиімді экспорттау үшін Ауғанстанда терминал салу керек. Бұндай пікірді Мәжіліс төрағасының орынбасары …

Ақмола облысында астық сақтайтын кешен ашылды

ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Ақмола облысының Астархан ауданында астық қабылдау, сақтау және жөнелту пункті …

Үкімет басшысы: Зауыттарды қант қызылшасына көшіруге уақыт керек

«Атамекен» ҰКП төралқасының кеңейтілген отырысында ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев елімізді қантпен қамтамасыз ету …