Ең төменгі нормалы бірінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды субсидиялаудың қолданыстағы механизмі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің тиісті техника, жинаған тұқымдарды әрі қарай көбейтуге және сақтауға мүмкіндіктері, сондай-ақ тұқым шаруашылығы бойынша арнайы білімдері жоқ болғандықтан күтілген нәтиже берген жоқ. Бұл ретте, шағын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері субсидиялардың көлемі шамалы болғандықтан субсидияларды рәсімдеу және алуға қызығушылық білдірмеді.
Осыған байланысты 2017 жылдан бастап ЕАЭО мемлекеттерінде тұқым шаруашылығын қолдау тәжірибесін есепке ала отырып, бірінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды субсидиялауын алып тастап, бірегей және элиталы тұқымдарды (40% дейін) қайта субсидиялауды ұсынылады.
Осыған байланысты жүгерінің бірінші ұрпақ будандарына, қант қызылшасына, күнбағыс және рапс, жеміс-жидек дақылдарының элиталық көшеттеріне және жүзімге субсидиялар әрі қарай берілетін болады.
Тұқым түрлеріне жаңа механизм арқылы мемлекет тарапынан қолдау көрсету түпнұсқалы тұқымдар және элиталық тұқымдардың қажетті мөлшерде өндірісі есебінен уақытылы сұрыптардың жаңарып және ауысуын (элиталық тұқымның егістік алқабын
6 %-ға жеткізсе, жалпы егіс алқабының өндірісі мен элиталық тұқымды қолдану 2,8 есе (78 мыңнан 134 мыңға дейін 2017 -2019 жылдар аралығында) олар тұқым жүйесінің келесі түйінін жабдықтауға, биологиялық және егістік алқабындағы сұрыптардың сапасына, оларда болатын аурулардың алдын алуын қамтамасыз етпек.
Осындай тұқым түрлеріне берілетін субсидия нарық механизімінің және бәсекелестіктің алдын ала дамуына әкелмек, сондай-ақ нарықта аттестациядан өткен, стандартқа сәйкес сапалы тұқым алатын тұқым өндірушілердің басымдылығы жоғары болмақ.
Сонымен қатар осындай механизм түрі еліміздегі жеткіліксіз көлемдегі тұқым өндірушілердің және аттестациядан өткен альтернативті дақылдар тұқымын өндірушілердің өсуін ынталандыратын болады.
Дереккөз mgov