Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын уақыт жетті — Елбасы

Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын уақыт жетті. Бұл туралы Ақмола облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақмолалық шаруалармен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде Мемлекет басшысы алдымен Социалистік Еңбек Ері, Ақмола облысы мен Аршалы ауданының құрметті азаматы, «Ижевский» ӨК бас директоры Ибраһим Жанғоразовты 80 жасқа толуымен құттықтады.

Жиында диқандар отандық ауыл шаруашылығы техникаларын өндіру мәселесіне назар аударды.

Ауыл шаруашылығы техникаларын құрастырумен айналысатын «Вектор» комбайн зауыты» ЖШС директоры Шота Джахуташвиллидің сөзіне қарағанда, кәсіпорын жылына 300 комбайн құрастырады. Келер жылы бұл көрсеткішті 500-ге жеткізу жоспарлануда.

«Отандық техникалар сырттан алынатын көлік құралдарынан анағұрлым арзан, әрі сынып қалса қосалқы бөлшектер жылдам табылады. Шетел комбайндары ылғалды климатқа сай жасалынған. Біздің климат құрғақ, өзімізде құрастырылатын техникаға қолайлы», — дейді шаруалар.

Еліміздегі комбайн зауытына ресейдің «Россельмаш» компаниясы әріптес болып отыр.

Осы орайда, Елбасы өзімізде құрастырылатын техникалардың тиімділігін мәселе етіп көтеріп, осы мәселені мықтап қолға алатын кез жеткенін айтты.

«Өзіміздің ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын уақыт жетті. Бұл үшін барлық жағдай жасайтын боламыз», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ  кездесуде Елбасы ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, ірі компанияларды оңтайландыру мәселелеріне тоқталды.

Дереккөз kazinform

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …