Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Оралда сегіз жер телімі кәсіпкерлерге сатылды

Орал қаласы әкімдігінде коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру құқығын сату бойынша ағылшындық әдіспен аукцион өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қала әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аукционға Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының 1 және 2-кезеңінен 8 жер телімі ұсынылды. Аукционға барлығы сегіз лот бойынша 14 адам қатысты. Аукцион қорытындысына сәйкес 8 жер теліміне жалға беру құқығы 197 мың теңгеден бастап 1 млн 301 мың теңгеге дейін сатылды.

Айта кетейік, бұл — Орал қаласында өткізілген алғашқы аукцион. Енді кәсіпкерлер сатып алған жерлерін Деркөл кентінің жаңа шағынаудандарындағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес тек өз мақсатына пайдалана алады.

Дереккөз kazinform

Ақмола облысында «Нұ­рлы жер» бағдарламас­ын жүзеге асыру жөнінде келісім жасалды

Ақмола облысының әкімдігі мен «Тұрғын үй-құрылыс жинақ бан­кі» АҚ өзара әріптес­тік туралы меморанду­мға қол …

Бос жерлер туралы мәліметтер халыққа қолжетімді болуы тиіс — Бас прокуратура

Бос жерлер туралы мәліметтер халыққа қолжетімді болуы тиіс. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» …

Оралда сегіз жер телімі кәсіпкерлерге сатылды

Орал қаласы әкімдігінде коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру құқығын …