Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

ОҚО-да шұбат өндірісі жолға қойылады

Түркістан қаласында қымыз бен шұбат өңдеу зауытының іргетасын қалау рәсімі өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60 қадамын орындау мақсатында осы жобаны бастама етіп көтерді.

Өңдеу зауыты қазақстандық «Вторметалсервис» компаниясымен жүзеге асырылатын болады. Ол қытайлық «Голден Кэмел групп» компаниясының инвестицияларын тартты.

Осындай объектіні салу еліміздің өңделген өнім экспортын жоғарылатуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 33 000 тонна.

Жобаны іске асыру мультипликативті әсерін береді. Яғни, осы маңды мекендейтін ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін ішінара шешуді көздейді. Сондай-ақ, түйе шұбатынан дәрі-дәрмек өндірісін және ОҚО-ғы сүтті дайындау жөнінде ауыл шаруашылық кооперацияны дамытуға серпін береді.

Анықтама: Қазіргі уақытта «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» заңын іске асыру барысында 564 ауыл шаруашылық кооперативі тіркелген. Оның ішінде 81 ауыл шаруашылық кооперативі сүтті дайындау мен сатуға бағытталған. Бұл дегеніміз жылына 8,0 мыңнан астам ЖҚШ тарта отырып, 40 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік болады деген сөз. Кооперативтерді құруды қаржыландыру үшін «Жұмыспен қамиту жол картасы» шеңберінде 31,8 млрд. тенге көзделген.

Дереккөз mgov 

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …