Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

ОҚО: Ауыл шаруашылығына инвестиция үш есеге артты

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына бағытталған инвестициялар көлемі 2017 жылдың 11 айында 34 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3 есеге артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.

Қаржылық қолдаудың арқасында өңір шаруалары мал басын ұлғайтуға мүмкіндік алды, ал жұмыссыздар өзінің шаруашылығын дөңгелетіп жатыр. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша, фермерлер 18 мың мүйізді ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша, 65 мың бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 3 мың жылқы алды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша, 3,2 млрд теңге бөлініп, игерілген. Ал «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» өңірлік бөлімшесі арқылы 4,8 млрд теңге бөлінді және бұл соманың басым бөлігі осы уақытта игерілді. Сонымен қатар, оңтүстіктің су шаруашылығы нысандарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу үшін 2 млрд теңге бөлінді.

Айта кететін мәселе, биылғы жылдың көктемінде өңірде Халықаралық жануарларды қорғау ұйымының мамандары болып, мал шаруашылығы нысандарының барлығына инспекция жүргізді. Осылайша, оңтүстіктің шаруалары өңірде өндірілген етті экспорттауға мүмкіндік алды.

Дереккөз kazinform

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …