Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

«Мен халықпен біргемін!» депті сондағысы

orken

Макс Боқаев Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысына демарш жасағанда, бық демедім.
Мақсат Ілиясұлы «Алаш жолын» алып, елдің ортақ мүддесі үшін бір үстел басына отырудан тайқығанда үндемедім.

Бүгін енді Зәуреш Батталова үкіметтік комиссиядан шығып тыныпты.Үндейін.

«Мен халықпен біргемін!» депті сондағысы. Қандай халық? Бұл істің ымырамен бітіп, екі жақтың бітімге келіп, билікке де, халыққа да жағымды шешімге келуіне ынталы адамдар сонда халық емес пе? Әлде әйтеуір шеруге шығып, алаңға барған соң, қан шықса да, сүйек тайса да көреміз деп отырғандар халық деген атауға патент алып қойды ма?

Иә, бұл демарш Батталовамен бітпейді. Әлі бұлар конструктивті диалог процесіне келіскен тәуелсіз азаматтарды «терроризировать» етумен болады. Демек, Мұхтар Шаханов, Жүрсін Ерман, Айдос Сарым, Дос Көшім, Мұхтар Тайжан секілді тұлғаларды осы комиссиядан шығарып алмайынша, жағдайды ширықтыра береді. Сол арқылы Елбасы өзі құрып берген комиссияның беделін жұрт алдында түсіру, абыройын шашу, осылайша жер мәселесінің барынша сиырқұйымшақтанып кетуіне мүдделі бұлар….

Алдымен олар жер мәселесін билік естігеніне мұқтаж еді. Естіді. Мораторий жариялады. Комиссия құрды. Құрамына кірді. Енді келіп, одан шығып алып, мен қатыспаймын, бұл жұмысқа сенбеймін дегендер өздері бастапқы мақсаттан ауытқып жатыр. Айтпақшы, 21 мамырда алаңға шығамыз деп отырған «Алаш жолының» мақсатын қараңыздаршы! Алаңға «жер реформасын қолдау және қоғамдық келісімді нығайту» үшін шығамыз дейді.Сонда мынау комиссияның жұмысы жер реформасын қолдау мен келісімді нығайту емей, немене?

Демек, митингінің анық мотиві жоқ. А-а, бар мотиві — ол халықты алаңға шығарып көру, әйтеуір шықсын дейді. Жеткілікті дәрежеде адам жиналса, оны кез-келген саяси ұранмен қалаған бағытына өргізіп-тұрғызатынына бұлар сенімді. Бастысы, адамдарды алаңға шығару керек… ар жағын өзімізге қалдыр деп алақандарын ысқылап отыр.

Бұл әрекеттердің барлығы ортақ шешімге келмей билікті тізеге салу, халықты қинап қою дегеннен басқа анықтамаға келмей тұр.
Ниеттерің сұм болса, жетпеңдер оған! Әумин!

Өркен Кенжебек facebook

Қызылорда облысының күрішіне орақ түсті

Шиелі ауданында 2017 жылдың күріш орағы басталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын уақыт жетті — Елбасы

Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын уақыт жетті. Бұл туралы Ақмола облысында жұмыс сапарымен жүрген …

Мемлекет басшысы Ақмола облысында егін алқабын аралады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Зеренді ауданындағы «Ұмай жер» ЖШС-нің …