Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Мемлекет басшысы Ақмола облысында егін алқабын аралады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Зеренді ауданындағы «Ұмай жер» ЖШС-нің егін алқабын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы аталған шаруашылықтың астық алқаптарын аралап, сол жерде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті. Сондай-ақ астық дақылдарының ахуалы мен жиын-терін науқанына дайындық жұмыстарын пысықтады.

«Сонау 90-шы жылдардың орта тұсында не өндіреміз деген мəселе туындады. Енді қазір шығарған өнімді қайда сатамыз деген мəселе толғандыруда. Сондықтан мемлекет тарапынан бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілуде», — деді Н. Назарбаев диқандармен кездесуінде.

Кездесу барысында шаруалар мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар үшін Елбасына алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, 2009 жылы құрылған «Ұмай жер» ЖШС-і бидай, майлы дақылдар өндірумен айналысады. Шаруашылықтың 26 мың гектарға жуық жері бар. Онда 130-ға жуық адам еңбек етеді.

Дереккөз kazinform

Ауғанстан Қазақстанға астық терминалдарын салуды ұсынып отыр

Қазақстан астығын тиімді экспорттау үшін Ауғанстанда терминал салу керек. Бұндай пікірді Мәжіліс төрағасының орынбасары …

Ақмола облысында астық сақтайтын кешен ашылды

ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Ақмола облысының Астархан ауданында астық қабылдау, сақтау және жөнелту пункті …

Үкімет басшысы: Зауыттарды қант қызылшасына көшіруге уақыт керек

«Атамекен» ҰКП төралқасының кеңейтілген отырысында ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев елімізді қантпен қамтамасыз ету …