Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Үкімет комиссиясы

Сіз бұл жерде Комиссияның жұмысына қатысты өзіңіздің тілегіңіз бен ұсынысыңызды білдіре аласыз.

125 responses to “Үкімет комиссиясы

    1. Уважаемая Айша!
      Online-трансляцию заседания Комиссии по земельной реформе можете смотреть на сайте http://www.bnews.kz.

  1. Мен ОҚО.Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылының тұрғынымын.Менің сіздерге қояр сурағым мына төмендегіше.Менің отбасым ауылдағы Бәйтен шаруа қожалығының мушесі шаруа қожалығы белгісіз себептерге байланысты ұжым мүшелеріне тиесілі шабындық жердің гост әкттісін алмаған екен осы уақытқа дейін.Аудандық ауыл шаруашылық бөлім басшылары сіздер осы уакытқа дейін гост акт алмағансыздар енді жерлеріңіз конкурсқа түсіп сатылады дейді.Бәйтен шаруа қожалығының басшылығының жіберген кемшілігінен уақтында гост акт алмағандығынан 30-отбасы малға шөп орып алатын шабындығымыздан айырылайын деп отырық.Осы жерімізге гост акт алып қайта рәсімдеп алуымызға болама.Аудандық ауыл шаруашылығының маманы жерлеріңізге конкурс жарияланып қойды,заң орындарына барып шағымдансаңыздар болады біз заң бойынша жұмыс істеп отырық дейді.Заң бойынша Бәйтен ұжымының жері конкурсқа түсу үшін ұжым төрағасының немесе мүшелерінің келісімі керек емеспе.Конкурсқа түспестен бұрын ұжым төрағасына немесе ұжым мүшелеріне сіздердің шабындық жерлеріңіздің гост акттісі жоқ гост акт алыңыздар немесе конкурсқа түседі деп жазбаша хабарлама жазып жіберуі ескертуі керек емеспе.Бізге осы уақытқа дейін ешқандай хабарлама немесе ескерту қағазы келген емес ауыл шаруашылығы бөлімінен..Малға шөп орып алып жүрген шабындығымыздан айырылсақ күніміз қалай болады.Мүмкіндік болса шабындығымызға гост акт алуға жағдай жасаса құжаттарымызды заңдастырып алар едік.Мораторий жарияланды бізде шабындық жерімізге гост акт алып жерімізді заңдастырсақ болатын шығар.Осы жазылған мәселені назарларыңызға алып анықтап берсеңіздер

    1. Құрметті Асан Жамалбекұлы!

      Конкурсқа ешкімге табысталмаған мемлекеттік қордағы мемлекет меншігіндегі жерлер шығарылуы тиіс және ол ашық түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жариялағаннан соң жүргізілуі тиіс.
      Жергілікті атқарушы органдардың жер берудегі қабылдаған шешімдерінің заңдылығына жерді пайдалануы мен қорғалуын бақылайтын мемлекеттік орталық уәкілетті орган (қазіргі жағдайда Казақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі) тексеру жасайды. Сондықтан ол жерлер заңсыз беріліп кетті деген күмәніңіз болып, қанша жер және қандай тұлғаға берілгендігі туралы тиісті өтініш жолдасаңыз тексеру жүргізіледі.

  2. Осы порталдың сіздің сауалыңыз деген бөліміне қойған сұрақ бір тəулік бойы «ожидает проверки» деп тұр. Қанша уақыт тексеруге болады? Əлде төте сұраққа жауап беру қарастырылмаған ба?

    1. Құрметті Жұлдызай!
      Осы сайтты әзірлеу үдерісінде, кейбір күрделілігіне байланысты, желісінде техникалық ақаулар болған. Осы мәселе шешілген және қойылған сұрақтарға міндетті түрде жауаптар дайындалып беріледі.

  3. Сәлеметсіздер ме, құрметті комиссия мүшелері.
    Бірінші, осы сайтта жер тікелей ақша табу үшін емес оны экономикалық айналымға саламыз деп жатыр, бірақ иесі болу керек дейді. Бұл біздің ұлттық санамызға қайшы, себебі бұл біріншіден қазақ жеріндегі қазақтың ортақ мұрасы және кейін барлық қазақстандықтардікі. Ол ешкімнің жеке мұрасы бола алмайды және мұрагерлікпен берілмеуі қажет деп ойлаймын. Ал жерді тоздырып жатыр дегендерге айтарым, заңды олқылық болса және қадағалаушы органдар өз жұмыстарын салғырт атқарса, жеке меншіктегі жердің де құм боларына ешкімнің де күмәні болмас.
    Екінші, еуропада 1га осыншама табыс береді дейді, бірақ өзімізде егін бітік шыққанда далада шіріп те қалып жатқан жоқ па? Одан артық алып не істемекпіз?
    Үшіншіден, егістік алқаптарын болып, жайылым алқаптарын саудалап, арендаға беру деген шықты. Қазақтың алтын бесігі ауыл, осы тәуелсіздік жылдары қаншама ауылға жол тартылды екен, сол шебін сол, соның өзін жөнге келтіре алмай отрған күйіміз бар. Алсықа бармай Зеренді-Бурабай арсын бір аласақ жетеді. Курортық аймақ, түристерге қара жолда иномаркалардың қалай жүйткігенін көрсетеміз бе? Ал енді Қазақстандықтардың жартсына жуық халқы ауылда тұрған болса, жайылым жерлерін алып, халықты не қыласыңдар? Жерде жұмыс істеп жүрген үлкен коорпорациялар бір ауылдан көп болса үш адамға жұмыс берер, қалған өз малымен күн көріп жүр. Ертен кризис келесе доллар деген қағазды ешкім жей қоймас, шамылы болсада өзіміздің төрт түлік малымыз аман болсын. Үйде болмаса да, елде болсын деген!!! Ауыл маңайындағы жерді сол ауылдың тұрғынының сатып алуының мүмкіндігі бола қоймас бұл күні. Ал мал кетсе, 32 жыл қайта келмесін, алда жауапты 17жыл келіп тұр(азық түлік қауыпсіздігі деген осы). Және ауылдар жабылса, ол ауылдардағы мектептерді қалаға көшіреме(қандай ақшаға)? Адамдарына қалада жұмыс табылама. Бәрімізді 16 қалаға қамаса жауларың жеңісіне бір сеп болады(16 бомба жетпей ме).
    Төртіншіден, мысалы заң олқылығы ма деймін тағы да, Зеренді ауданы Кіші Түкті орман шаруашылығында орманды жекешелендіргендер, ағаштың қартайуын себеп қылып, кей жерлерде шоқ ағаштардың жаппай жығылуы(кесілуі) орын алып, жатыр, Әрине, орнына егеді ау талдарды, бірақ қандай КОМИССИЯ сол талдардың өскенін қадағалады???? 49 жыл өткенде кәрі қайыңды қойып, түбірін таппасақ кімнен сұраймыз??? Қазақстанның басқа да өңірлерінде осындай жағдайлар кездесетін шығар.
    ҚОРТЫНДЫ. Менің ойымша жердің айналымда болғаны дұрыс. Бірақ тек жалға берілген күйінде(10 жыл әбден жеткілікті). Қадағалаушы органдар мен заң механизмдерін жетілдіру қажет(жердің тозбауын қамтамасыз ету мақсатында). Енді кімге береміз деген сұрақ қалып отыр. Ең алдымен әрбір ауылдың қажетілігіне жер бөлінуі қажет. Одан соң қалып жатқан жерлер болса, сол ауылдың адамдарының арасында алам дегендер болса, соларға берілуі тиіс(Бизнес жоба негізінде жүргізілген болса дұрыс болар еді, бірақ тағыда әкімдердің жұмысын қадағалау керек, және бизнес жобаларың орындалуын). Ол ауылдан ешкім бос жерлерде шаруамен айналыспаса, аудан көлемінде осы жұмыс атқарылуы қажет, одан соң облыс көлемінде, одан қалды республика көлемінде. Сол дұрыс болар ма деймін, себебі алыс шалғайлардағы жерлерде ауылдар бітіп, орталықтарға жақын ауылдар қалды. Қалталы азаматтарға да жақын жерден жер алғылары келеді, сондықтан бар ауылдарды аман сақтау үшін осы амал дұрыс. Ал кімде кім кандайда бір түкбірде бизнес ашып, жолдарын салып, мектептерін ашып, сол мекенді адамдармен(жұмысшылармен) толтырып жатса, барсын қолына жасыл ту.
    Ал енді шетелдіктер бізге бидай қалай өсіру керектігін үйретсе, бізден бидай алмаған болар еді. Құлақтарыңызға алтын сырға, негізі ауылда жұмыс жүру үшін ауылдық корпоративтер (совхозға ұқсас), құру қажетпе деп ойлайм, жалғыздың шаңы шықпас, один в поле не воин деген бар. Соны заң жүзінде ынталандыру қажет. Ол қоғамды біріктіреді, бар табыс сол корпоратив ішінде үлестірілу қажет, сол дабыстарынан салық төлесін, ел табысы өссін. Міне сонда жеке басына шаққандағы табыс туралы айтуға болады. Осы қатып қалған каптитализм мен социализмнен басқа форма болмай ма не? Екеуінің жақсы тұстарын бейімдеумен айналысуымыз қажет. Ерте ме, кешпе байдар мен кедейлер арасындағы жағдай ушығып кетеді(абай болғанымыз жөн). Алтын уақыттарыңызды бөліп, оқыған болсаңыздар, рахмет. Ел разы болар өзгерістер енгізіп жатсыңыздар, АЛЛА разы болсын!

    1. Құрметті Берік!
      Сіздең бір қатар ұсыныстар келіп түсті. Сонын ішінде жер учаскелерін жалға беру міселесіне қатысты, қадағалау механизимдерін жетілдіруге қатысты тағы да басқа басқа ұсыныстар.
      Осындай жолданған ұсыныстарыңызға ұлкен алғыс білдіремз және бұл ұсыныстарларыңыз 2016 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылған Жер реформасы бойынша комиссиянын мүшелеріне танысу және қарау үшін жолданатын болады.

    2. Құрметті Берік!
      Сізден бір қатар ұсыныстар келіп түсті. Соның ішінде жер учаскелерін жалға беру мәселесіне қатысты, қадағалау механизмдерін жетілдіруге қатысты тағы да басқа ұсыныстар.
      Осындай жолданған ұсыныстарыңызға үлкен алғыс білдіремз және бұл ұсыныстарыңыз 2016 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылған Жер реформасы бойынша комиссияның мүшелеріне танысу және қарау үшін жолданатын болады

  4. Ақыр сіздер жеріді сатып жатсіз соның орына шетелден ақашнын оырына бір фирма әлде тағы баскаға ауструға болатын шығар калай ойлай сіз

    1. Құрметті Нышанбай Онғарбай!
      Келіп түскен сұрағынызда мәселе нақтыланбаған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің нормаларына сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлері шетел азаматтарына тек жалдау шартымен берілетінін хабарлаймыз. Жеке меншікке жерді сату тек Қазақстан азаматтарына көзделген. Осылайша жеке меншікке жер учаскелерін сатып алған, Қазақстан азаматтары өз қалауы бойынша фирма аша алады.
      Сонымен қатар, Қазақстан азаматы шетелдікке ауыл гаруашылық жерлерін сата алмайды.

  5. сол жерді сатычанің оның орына бір фирма әлде атығы баска насе аліға болатын шығар калай ойлаи сіз

    1. Құрметті Нышанбай Онғарбай!
      Сіздің сұрағыңыз түсініксіздеу. Осыған байланысты ойыңызды толық баяндауыңызды сұраймыз.

  6. Жерди казакстандыктарга сатуга болады.Ал шетелдиктерге арендага беру маселесин токтату керек.Менинше биздин менталитетимизге келмеиди жане биз дамыган Европа сиякты ел емеспиз халыктын турмыс тиршилиги санасы али даиын емес.Жанеде жанымызда кара кытай тур жерине симай.Европа жер саткан мен кытайларга жакындагы Казакстаннын жерин арендага алу тимди жане кеин биздин коорупционер шенеуниктер аркылы сатып та алады.Ал пара берсе кай заманда болса да жерин саткан азгындар аз болмаган.Осы уакытка деин жер заны толыктай жумыс истеп жаткан жок кой.Халык осыган да сенимсиз. Жалпы алганда креслода отырган мемлект кызметкерлерине сенимсиз.

    1. Құрметті Темирболат!
      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы өкімімен Жер реформасы бойынша Комиссия құрылған. Сол Комиссия құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, біріккен ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ғалымдар мен қоғам белсенділері кіріп және 75 мүшеден тұрады.
      Осылайша, келіп түскен ұсыныстар Комиссияның мүшелеріне қарауға жолданады.
      Жолдаған ұсынысыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

  7. Менің жеке пікірім және ұсыныс деседе болады.
    Жерді Қазақстандық азаматтарға, шет ел азаматынада сатуға да, жалға берудің қажеті жоқ.
    Қазақстанның әр облысы, аудан орталығы және ауылдық округітері әкімдеріне бюджетті беріп отырған үкімет пайдаланылмай отырған жерлерді сол жергілікті билекке игеру үшін қаржы қарастырса болмайма екен?
    Сан түрлі пікірлер айтылғанмен ертең бәрібір созылған сағыз бір кезе үзеледі емеспе.
    Қазақстандағы игерілмей жатқаны жерлердің барлығы аты бар заты жоқ түрлі ЖШС (ТОО), АҚ (АО) секілді қалталы адамдардың қолында кеткен. Сол жерлерді ҚР Заңдарында көрсетілген баптармен қайтарып алып, жергілікті билікке беру керек сияқты. Қазақстанның әр ауылдық округіне бюджеттін бергенсоң жерді игеру үшінде қаржы қарастыса. Біртіндеп болсада ауылдық жердің азаматтары жұмыспен қамтылады округтегі жағдайы нашар отбасыларда артық ақша шығармас еді деген өз пікірім бар.

    1. Құрметті Мұратбек Қожахметович!
      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы өкімімен Жер реформасы бойынша Комиссия құрылған. Сол Комиссия құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, біріккен ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ғалымдар мен қоғам белсенділері кіріп және 75 мүшеден тұрады.
      Осылайша, келіп түскен ұсыныстар Комиссияның мүшелеріне қарауға жолданады.
      Жолдаған ұсынысыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

  8. Курметти Комиссия мушелери! Казирги уакытта енбектенген ауыл халкынын турмыстык жагдайы жаксы!Сиздерден отиниш, Шаруа кожалыктары окиметтен алатын кейбир занды каржылай комекти алу бойынша, ауыл халкы толык магулымат алмаган,ягный каржылай женилдиликти копшилиги алмайды, ауданда ауыл шаруашылык мекемеси гана аныктама береди оган ауыл халкынын бари бирдей аудан орталыгына баруга мумкиншиликтери жок. Осы жуйени ауыл акимшилиги мен, алде акпарат куралдары аркылы халыкка тусиндирилип ел игилигине дурыс пайдаланса? Рахмет!

    1. Құрметті Муктар!
      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы өкімімен Жер реформасы бойынша Комиссия құрылған. Сол Комиссия құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, біріккен ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ғалымдар мен қоғам белсенділері кіріп және 75 мүшеден тұрады.
      Осылайша, келіп түскен ұсыныстар Комиссияның мүшелеріне қарауға жолданады.
      Жолдаған ұсынысыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

  9. Ассалаумағалейкүм құрметті комиссия мүшелері. Жерді игеру керек болса,неге халыққа берілмейді?Климатқа баспқ жер жоқ деп шығарып салады. Сонда қай жер игерілмей жатқан?Халыққа берсеңіздер өзіміз -ақ игеріп ала аламыз.Жауап күтем

    1. Құрметті Бауыржан Жаппасұлы!
      ҚР аумағында 100 млн га артық босалқы жер қоры бар. Осы жерлер ауыл шаруашылығын жүргізу үшін сұраныс арқылы жүзеге асырылады.
      Қолдаңыстағы жер заңнамасының нормаларында белгіленген талаптарға сәйкес жер учаскелерін беру жергілікті атқарушы органдармен іске асырылады. Осыған байланысты, тиісті өтінішпен сұралып отырған жер учаскесі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органдарға жүгінуге құқылысыз.

  10. Ассаулаумағалейум! Шетелдіктер келіп жерді пайдаланса, оларға қазақ тілі бойынша шарттар қоюдың ретін қарастыру керек сияқты. Менің ойымша оларды келгеннен қинамай 2-3 жыл қолайлы тілде (орыс, ағылшын) жұмыс жасасын, содан кейін қазақ тіліне көшу және оны қолдау шарты қойылсын. Орындалмаған жағдайда жерді пайдаланудан шеттетілсін. Осы ұсынысқа қалай қарайсыздар?

    1. Құрметті Жарқын!
      ҚР Конституциясына сәйкес, ҚР мемлекеттік тілі — қазақ тілі, ал орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Сонымен қатар, Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасалған.
      Сіздің ұсынысыңыз Жер реформасы жөніндегі Комиссияның қарауына енгізілетін болады.

  11. Салеметсiз бе! Менде бир усыныс бар, жерге катысты, егинге катысты инновациялык технология жасау идеясы бар, виртуалды турде 3D моделI бар. Соны колдансак егин маселесин шешер еди. Егер толыгырак билгиниз келсе хабарласыныздар. Номер 87089600930, эл.почта [email protected]

  12. Мен Ұзақбаев Жұбаныш Жер Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәселесі бойынша өз ойым жер тек Қазақстанның азаматтарына және отандық кәсіпкерлерге сатылуы тиіс. Жалға берілген 99,5 млн. га жердің 65 тыс. га ғана шетелдіктерде. Бұл шамамен 0,06% құрайды бұнымен қай тесігімізді жамаймыз. Мен білітін Маңғыстау облысында жер алып асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытқысы келіп жүрген азаматтар көп. Осы азаматтарға мүмкіндік берейік. Осы азаматтарымыз өсіп бәсекеге қабілетті болып жатса, Жерді жалға беруді талқылауға болады.

    1. Құрметті Жұбаныш!
      Осындай ұсыныстарды жолдағаныңыз үшін алғыс білдіргіміз келеді. Себебі осындай ұсыныстар негізінде келешекте жер заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілетін болады.
      Сонымен қатар, Сіздің жолдаған ұсыныстарыңыз міндетті түрде 2016 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылған Жер реформасы бойынша Комиссия мүшелеріне жолданатын болады.

  13. Продажа или аренда земли иностранным странам или гражданам это не вопрос менталитета. Дело и не жадности народа. Земля после таких аренд становится экологически неприемлимым для проживания. Как гражданин и патриот казахстана этот вопрос очень болезнен для меня и думаю всех казахстанцев. Для имеющих апартаменты в зарубежных странах политиков расспродать землю это было делом 1 подписи. Было бы желание. У нас очень большая квота недоверия власти. Президент со своей стороны сделал отлично запустив данный мораторий. Он всегда пользовался у меня большим уважением. В данном саите нужно сделать анкетирование по земле распродаже и аренде среди казахстанцев. Уверен счет будет за 200 против 15 млн наших граждан. И эти отговорки , что будем говорить только с теми кто заинтересован, как глава комиссии выразился недопустимо. Пусть он сам продает свои земли , дом , имущество и покинет пределы страны. Все казахстанцы готовы души отдать как наши предки защищая земли, а толстосумы готовы их распродать. Конечно же я не готов дать в аренду даже 1 соток зарубежным интервентам. Земля это будущее наших детей , и нашего народа,и то что называется отдать в аренду родину не готов даже на 10 мин. Спасибо за создание саита , спасибо президенту, за родину и Казахстан.

    1. Уважаемый Берик!
      Ваше мнение относительно предоставления земель сельскохозяйственного назначения иностранцам, особенно касательно экологии (охраны плодородия почв) будет изучено.
      В связи с этим, все Ваши предложения будут направлены членам Комиссии по земельной реформе.

  14. Сәлеметсіздер ме, құрметті комиссия мүшелері.
    Бірінші, осы сайтта жер тікелей ақша табу үшін емес оны экономикалық айналымға саламыз деп жатыр, бірақ иесі болу керек дейді. Бұл біздің ұлттық санамызға қайшы, себебі бұл біріншіден қазақ жеріндегі қазақтың ортақ мұрасы және кейін барлық қазақстандықтардікі. Ол ешкімнің жеке мұрасы бола алмайды және мұрагерлікпен берілмеуі қажет деп ойлаймын. Ал жерді тоздырып жатыр дегендерге айтарым, заңды олқылық болса және қадағалаушы органдар өз жұмыстарын салғырт атқарса, жеке меншіктегі жердің де құм боларына ешкімнің де күмәні болмас.
    Екінші, еуропада 1га осыншама табыс береді дейді, бірақ өзімізде егін бітік шыққанда далада шіріп те қалып жатқан жоқ па? Одан артық алып не істемекпіз?
    Үшіншіден, егістік алқаптарын болып, жайылым алқаптарын саудалап, арендаға беру деген шықты. Қазақтың алтын бесігі ауыл, осы тәуелсіздік жылдары қаншама ауылға жол тартылды екен, сол шебін сол, соның өзін жөнге келтіре алмай отрған күйіміз бар. Алсықа бармай Зеренді-Бурабай арсын бір аласақ жетеді. Курортық аймақ, түристерге қара жолда иномаркалардың қалай жүйткігенін көрсетеміз бе? Ал енді Қазақстандықтардың жартсына жуық халқы ауылда тұрған болса, жайылым жерлерін алып, халықты не қыласыңдар? Жерде жұмыс істеп жүрген үлкен коорпорациялар бір ауылдан көп болса үш адамға жұмыс берер, қалған өз малымен күн көріп жүр. Ертен кризис келесе доллар деген қағазды ешкім жей қоймас, шамылы болсада өзіміздің төрт түлік малымыз аман болсын. Үйде болмаса да, елде болсын деген!!! Ауыл маңайындағы жерді сол ауылдың тұрғынының сатып алуының мүмкіндігі бола қоймас бұл күні. Ал мал кетсе, 32 жыл қайта келмесін, алда жауапты 17жыл келіп тұр(азық түлік қауыпсіздігі деген осы). Және ауылдар жабылса, ол ауылдардағы мектептерді қалаға көшіреме(қандай ақшаға)? Адамдарына қалада жұмыс табылама. Бәрімізді 16 қалаға қамаса жауларың жеңісіне бір сеп болады(16 бомба жетпей ме).
    Төртіншіден, мысалы заң олқылығы ма деймін тағы да, Зеренді ауданы Кіші Түкті орман шаруашылығында орманды жекешелендіргендер, ағаштың қартайуын себеп қылып, кей жерлерде шоқ ағаштардың жаппай жығылуы(кесілуі) орын алып, жатыр, Әрине, орнына егеді ау талдарды, бірақ қандай КОМИССИЯ сол талдардың өскенін қадағалады???? 49 жыл өткенде кәрі қайыңды қойып, түбірін таппасақ кімнен сұраймыз??? Қазақстанның басқа да өңірлерінде осындай жағдайлар кездесетін шығар.
    ҚОРТЫНДЫ. Менің ойымша жердің айналымда болғаны дұрыс. Бірақ тек жалға берілген күйінде(10 жыл әбден жеткілікті). Қадағалаушы органдар мен заң механизмдерін жетілдіру қажет(жердің тозбауын қамтамасыз ету мақсатында). Енді кімге береміз деген сұрақ қалып отыр. Ең алдымен әрбір ауылдың қажетілігіне жер бөлінуі қажет. Одан соң қалып жатқан жерлер болса, сол ауылдың адамдарының арасында алам дегендер болса, соларға берілуі тиіс(Бизнес жоба негізінде жүргізілген болса дұрыс болар еді, бірақ тағыда әкімдердің жұмысын қадағалау керек, және бизнес жобаларың орындалуын). Ол ауылдан ешкім бос жерлерде шаруамен айналыспаса, аудан көлемінде осы жұмыс атқарылуы қажет, одан соң облыс көлемінде, одан қалды республика көлемінде. Сол дұрыс болар ма деймін, себебі алыс шалғайлардағы жерлерде ауылдар бітіп, орталықтарға жақын ауылдар қалды. Қалталы азаматтарға да жақын жерден жер алғылары келеді, сондықтан бар ауылдарды аман сақтау үшін осы амал дұрыс. Ал кімде кім кандайда бір түкбірде бизнес ашып, жолдарын салып, мектептерін ашып, сол мекенді адамдармен(жұмысшылармен) толтырып жатса, барсын қолына жасыл ту.
    Ал енді шетелдіктер бізге бидай қалай өсіру керектігін үйретсе, бізден бидай алмаған болар еді. Құлақтарыңызға алтын сырға, негізі ауылда жұмыс жүру үшін ауылдық корпоративтер (совхозға ұқсас), құру қажетпе деп ойлайм, жалғыздың шаңы шықпас, один в поле не воин деген бар. Соны заң жүзінде ынталандыру қажет. Ол қоғамды біріктіреді, бар табыс сол корпоратив ішінде үлестірілу қажет, сол дабыстарынан салық төлесін, ел табысы өссін. Міне сонда жеке басына шаққандағы табыс туралы айтуға болады. Осы қатып қалған каптитализм мен социализмнен басқа форма болмай ма не? Екеуінің жақсы тұстарын бейімдеумен айналысуымыз қажет. Ерте ме, кешпе байдар мен кедейлер арасындағы жағдай ушығып кетеді(абай болғанымыз жөн).
    Комиссия отырысын тікелей эфирде корсетулеріңізді сұраймын.
    https://www.youtube.com/watch?v=tqoP7FPraI4 осыдан кейін комиссия не айтасыңдар?
    Ел разы болар өзгерістер енгізіп жатсыңыздар, АЛЛА разы болсын!

  15. Ауыл мәселесі – ұлт болып
    көтеретін мәселе

    Қазір ақпарат құралдарынан, телехабарлардан азық-түлік тағамдарының сапасыздығы туралы жиі айтылады. Шынында да мысық ішпейтін сүттердің түрі көп екен, олардың жемейтін шұжықтары да бар болып шықты.
    Енді ойлап қарасақ, соңғы жылдардағы елдегі жиілеп кеткен ауру нәрестелердің тууы, бұрын болмаған, ауру түрлерінің көбеюі, психологиялық ауытқулар, өзін өзі өлімге қию дегеннің себептері, осындай әртүрлі химикатқа толы шетелдік тамақтарды пайдаланудан емес деуге біздің үәжіміз жоқ сияқты. Егер шөп шықпайтын сахарада, құмды шөлейт өлкеде тұрсақ, бірсәрі, Қазақстандай дүниежүзінде теңдесі жоқ бай өлкеде (жерде) тұрып, ауылшаруашылық өнімдерін жеткілікті өндірмеу ұлттық намысымызға ұят деп ойлаймын. Астық өндіруді айтпағанның өзінде, 90 жылдардың басында республикада қой саны 40 миллионға, жылқы 1 млн 300 мыңға, ірі қара 9,5 млн. жетті. 30ға тарта құс фабрикалары болды. 1 миллион 300 мың тонна ет өндіріліп, 1 миллион тоннасы шетке шығарылатын. Сүт өнімдері ешқайдан әкелінбейтін. Көкөніс, басқа да жеміс жидек өнімдері республика көлемінде тұрғындарды толық қамтамасыз ететін жағдайда болатын. Ауылшаруашылығы министрлігінің мал басы жөніндегі мәліметіне сүйенсек, қазірдің өзінде елдің 500 мың тонна ет экспорттауға мүмкіндігі бар, бірақ өткен жылы одан 15 есе кем ет сатылыпты.
    Ата-баба жерінде, түгін тартса, майы шығатын бай жерде тұрып, тәуелсіздік алған елде, өз билігіміз, өз байлығымыз қалымызда тұрған кезде, басқасы басқа, ал ауыл шаруашылық өнімдеріне тәуелді болуымыз айтуға ұят, бірақ қазіргі жағдай осындай.
    Мен бұл саланың өткенін, қалай құлап, қайда кеткенін қайталаудан аулақпын. Түсінетін министр болса, Заң шығарушы депутаттарамыз болса, түсінерлік дәрежеде айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ бізде көтерілген стратегиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іргелі мәселелерді тіркеп, зерттейтін, нәтижесін тиісті орындарға жеткізетін мекеме жоқ. Соның салдарынан ауылшаруашылығы, жер қатынастары төңірегіндегі заңдар мен заңнамалардың көпшілігі жұмыс жасамай, елдің дамуын тежеп отыр деуге болады. Құдайға шүкір, мұнай мен газ салаларынан түскен мол қаражат елдің экономикалық жағдайын біршама түзеді. Соның арқасында көптеген әлеуметтік мәселелер өте күрделенбей, шешілуде. Бірақ халықтың жан айқайы жоқ емес.Ол, бірінші кезекте ауылдың жағдайы, ауылшаруашылығының жағдайы.
    Қазір «алтын бесік» ауылымыз жұқарды. Бұрын 1,5-2,0 мың адамы бар совхоз орталығында 600-700-дей адам қалды, 600-700 бала оқитын мектепте 120-150-дей бала оқиды, көшу жалғасуда. Мал басы өсетін емес. Оған жағдай, мүмкіндік жасалмай отыр. Басты проблема мал азығын дайындау қиындық туғызуда, мал азығы өте қымбат, сондықтан мал өсіруге жағдай жоқ. Ал осы онша қиын, шешімі табылмайтын мәселе емес. Жерге шөп шығады, оны шауып, жеткізіп беретін 5-6 трактор керек әр ауылға, осыған кететін қаражат әртүрлі жолдармен кетіп те жатыр. Соңғы 10 жылда ауылшаруашылық саласына бөлінген қаражатқа ауылшаруашылық өндірісін дамытудың жаңа жүйесін қалыптастыруға болатын еді. Бірақ алға басушылық байқалмайды. Көп кемшілік бағыт-бағдар белгілейтін басқарудан деп ойлаймын. Ауылдың тұрмыс-тіршілігін білмей, жердің қасиетін білмей, шаруашылық жүргізудің мән-жайын білмей, бұл саланы басқаруға болмайтынын ескерген жөн. Сайып келгенде, бұл сала — адамзат өмірі үшін өте маңызды сала, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сала, оған жеңіл-желпі қарауға болмайды. Оның үстіне жұмыссыздықты азайтатын бірден-бір жол – осы сала. Әрине, бұл салада жіберілген кемшіліктер өте көп, оны түзетіп алу оңайға соқпайды, әсіресе, сиреп қалған елді мекендерге қайтадан адам апару оңай емес. Бірақ «тың» көтерудің қиыншылығын да көрген, нәтижесін де көрген халықпыз ғой, үкімет шындап қолға алса, мал санын көбейту көп қиынға соқпайды.
    80 жылдарда «ауылды қалаға теңейміз» деген ұран да болды. Оған жақындап та қалған едік. Қазіргі жағдайда оны түбегейлі іске асыруға толық мүмкіндік бар. Елді мекендер газдандырылып, үйлерге су құбырлары тартылуда, жолдар салынуда, «интернет» байланысы да бар. Енді қоғамның жасап жатқан осы игі істерінің нәтижесін кім көреді, егер ел көшетін болса?!
    Басты мәселе — елге жастарды көптеп тарту, ол үшін ипотекалық үйлерді керек жеріне көптеп салу қажет, ынталандыру шараларын міндетті түрде ойластырған жөн. Бұл мәселені шешкеннен кейін оларға мал ұстатып, мал азығын дайындауға көмектесу керек. Кез келген ауылда 300-400 сиыр сауылса және ол сүт сол жерде қабылданса, республика бойынша қанша отандық таза сүт өнімі дайындалар еді. Бұл қазіргі жағдайда бастапқы жұмыс. Ауылға халық бармай, ештеңе өзгермейді. Ең бастысы шағын фермерлермен, жеке шаруашылықтармен ет, сүт, тағы да басқа тамақ өнімдеріне деген сұранысты түпкілікті шеше алмаймыз. Сондықтан болашақта ірі-ірі ұжымдық шаруашылықтар, кооперативтік құрылымдарды, тағы да басқа тиімді ауылшаруашылық салаларын құрған дұрыс болар деп ойлаймын. Қазір ауыл шаруашылығын кооперациландыру туралы заң да шықты. Бірақ оның орындалу тетігін қиылыстыру біраз ұйымдастыру мен түсіндіруді қажет етеді. Дегнмен қазір қиюы кетіп тұрғанмен, бұл саланың өткені көптің көз алдында. Кеңес заманындағыдай болмағанмен, жаңаша қалыптастыруға болады. Бұл — өте үлкен күрделі жұмыс, көптеген заңдар мен заңнамаларды қайта қарап өзгертуге тура келеді. Бірақ елдің экономикалық, интеллектуалды мүмкіндігі мол, ғылым жетістіктері жеткілікті. Сондықтан мұндай ел болашағы үшін маңызды жұмысты түбегейлі қалыптастыру үшін тікелей Президентке бағынатын тәуелсіз ұлттық комиссия құрған жөн деп есептейміз. Оның құрамында ауылшаруашылығының қыр-сырын жақсы білетін, тәжірибесі мол мамандарды, ғалымдарды, фермерлерді т.б. зиялы азаматтарды тартқан жөн болар еді.

    Нұрлан Ізтілеуов
    Ауыл шаруашылығының ардагері,
    Орал қаласы
    8 7026385016

    1. Құрметті Нұрлан!
      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы өкімімен Жер реформасы бойынша Комиссия құрылған. Сол Комиссия құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, біріккен ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ғалымдар мен қоғам белсенділері енгізілді және 75 мүшеден тұрады.
      Келіп түскен ұсыныстар Комиссияға жолданады.
      Осы орайда, Сіздің жолдаған ұсыныстарыңыз Комиссия мүшелерінің назарына жолданатын болады.

  16. Жер жеке меншікке өтсе, тірліктің күні мынадай болмасына кім кепіл: https://www.youtube.com/watch?v=tqoP7FPraI4. Сондықтан,бірінші, жер алдымен ауылдардың мұқтаждығына берілуі тиіс. Кейін қалған жерлер болса, сол жергілікті тұрғындардың арасында, ондай адам болмаса район көлемінде, одан соң облыс, республика көлемінде конкурс жүргізіліп, жалға берілуі тиіс.
    Екінші, жалға беруді жергілікті тұрғындарға 50га жер бизнес жоба негізінде жүргізуге болады.
    Үшінші, жер жалға тек қазақстанда туылған қазақстан республикасының азаматтарына және шет елден оралған қандастарымыз ел азаматтығын алған, жасы кәмілетке толған жеке тұлғаларға, он жылдан аспайтын мерзімге берілуі тиіс.
    Төртінші, кәсіп орындардың қазақстандық үлесі 70 % кем емес болғанда ғана жалға берілі мүмкін болуы шарт. Олардың тек республика көлемінде ғана конкурсқа қатысып, жалға алынған жер көлемінің жоғарғы шекарасы бекітілуі тиіс.
    Бесінші, экономиканың қозғаушы күші ол кіші бизнес, егер 50га аз жері бар шаруа басқа, өзіндей шаруамен біріксе, ауыл болып біріксе соларды ынталандыру шараларын ойлау қажет. Ел табысы өседі, ауқыты, ең маңыздыс бірлігі күшейеді.

    1. Құрметті Берік!
      Сіздің көтерген мәселелеріңіз Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы өкімімен жер реформасы бойынша құрылған Комиссияның қарауына жолданады.

  17. Құрметті жер мәселесі жөніндегі комиссия төрағасы және комиссия мүшелері! Біздін сиздерге қояр сұрағымыз: 90-шы жылдардың соңында колхоз, совхоздар тарап, жекешелендіру жұмыстары жүргізілді. Сол кезде онда жұмыс жасайтын жұмысшыларға жер пайлық үлеспен жеке меншікке берілген болатын. Содан бері бұл жерлерді қазіргі таңға дейін иеленіп, пайдаланып келеміз. Енді жаңа заңнама бойынша сол жерлерімизди қайтадан сатып алуымыз керек пе? Біздіңше бұл дұрыс емес. Онсыз да біз бұл жерлерді игеру үшін қаншама қаржы жұмсадык және де бұл жерлер бизге пай үлесіміз бойынша тиесілі болып табылады. Пайлық үлесімізді дәлелдейтін заңды құжатымыз бар. Бұл жерлерге пайлық үлесімізді иелену үшін қаншама жыл совхоздарда еңбек еттік. Пай үлесі жоқ тұлғалардан биздин қандай айырмашылығымыз болады сонда? Жерді пай үлесімен алған тұлғалар да, совхоздарда жұмыс жасамай, пай үлесі жоқ тұлғалар да сатып алатын болса.
    Комиссияға ұсынысымыз: Пайлық үлес бойынша алынған жерлер тегін берілсін.
    Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ақалтын ауылының бір топ дихандарының атынан!

    1. Құрметті Нұрбай Тұратұлы!
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке беруге мораторий қойылған.
      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы өкімімен Жер реформасы бойынша Комиссия құрылған. Сол Комиссия құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, біріккен ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ғалымдар мен қоғам белсенділері енгізілді және 75 мүшеден тұрады.
      Келіп түскен ұсыныстар Комиссияға жолданады.
      Осы орайда, Сіздің жолдаған ұсыныстарыңыз Комиссия мүшелерінің назарына жолданатын болады.

  18. Барлык сурактар мен усыныстар ескериледи жане тындалады дегени кайда? Неге биздин усынысымызды жарияламайсыздар? Жибергенимизге еки кун отти.

    1. Құрметті Нұрбай Тұратұлы!
      Бұл сайт жаңа құрылғанына және техникалық сәйкессіздіктер болуына байланысты біраз кешіктіру болды.
      Алайда, осы күнде аталған кемшіліктер жойылып сайт өзінің нақты жұмысын атқаруда екенін хабарлаймыз.
      Сіздің ұсынысыңыз жарияланғаннан кейін, оны талдауға уақыт керек екенін ескеру қажет.

  19. Ассалаумағалейкүм. Менің ойымша жерді шетелдіктерге жалға берілмей тұрып, үй-күйсіз қаңғып жүрген қазақтардың хал-ахуалын жөндеп алсақ қайтеді. Өйткені, олардың қазақтан басқа жанашыры да жоқ қой. Одан кейін де жеріміз асып-тасып бос жатса, ана ұлпарақтай жері болғанмен, өсіп-өне алмай жүрген қазақтарға берейік. Шынымен халықтың қамы үшін болса, бірінші сол халықтың жағдайын түзейік.Олардың жағдайын жөндегеннен кейін барып шетелдіктерге жалға берсеңіз халық та наразы болмайды. Шетелдіктерге жалға бергенде де тек Қытайға бермеңіздерші.Өтініш! Басқа мұсылман халыққа немесе дамыған Еуропаға жалға беріңіздер, тек Қытайға емес. Жауап қайтады деп үміттенем. Жəне сіздерге айтқан сөзім жерде қалмас деп сенемін.

    1. Құрметті Ерназ!
      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы өкімімен Жер реформасы бойынша Комиссия құрылған. Сол Комиссия құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, біріккен ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ғалымдар мен қоғам белсенділері енгізілді және 75 мүшеден тұрады.
      Келіп түскен ұсыныстар Комиссияға жолданады.
      Осы орайда, Сіздің жолдаған ұсыныстарыңыз Комиссия мүшелерінің назарына жолданатын болады.

  20. Құрметті комиссия мүшелері! Біз Мухтар Шаханов мырзаға ғана сенеміз! Сондықтан сол кісінің сөзін толық естігіміз келеди.Ол кісі комиссия мүшесінде дегенге ел қуанып отыр. Сіздерден өтініш ол кісінің сөзін толық қысқартпай жіберсеңиздер жаналықтардан! Халық үкүметке сенбейди, біздің ел жемқорлық пен өтіріктен қуралып турғанын кунде омірде де теледидарданда көріп жүрміз! Қанша алдап көпірсендерде үкімет болудан қалды! Болашақ урпақтын жерін жемқор, жағымпаз, өтірікші үкіметке қалай сеніп тапсырамыз?

  21. Құрметті комиссия мүшелері! Сіздерден сұраймын және өзімнің жеке пікірім жерді сатпаңыздар. Қазақтың байтақ даласы үшін Ата — бабаларымыз қасықтай қанын төккен, соны біліп отырып жерді сатам деген барып тұрған жауыздық. Ата — бабаның қанын сатумен бірдей.

    1. Құрметті Базарбай!
      Сіздің пікіріңіз Жер реформасы бойынша комиссиямен ескертіледі.

  22. Саламатсыздар ма?!

    Ауылды жерлерде белгілі егістік, жайылмалы жерлерді сатуға болмайды және оны мемлекет меншігінде қалдыру керек. Себебі 15-20 ірі қарасымен ұсақ малдары бар адамдардың қолдары байланып қалады, малды жаятын жер қалмай.

    Соған орай: 1) Ауылдық аймақтарда белгілі егістік, жайылмалы жерлерді (сонда тұратын халықтың коэфицентімен формулаға салып) сатуға немесе жалға беруге болмайды.
    2) О. Құдайбергенов айтқандай ауыл-шаруашылық мақсатындағы жерлер туралы ақпарат ашық болуы керек. Сол кезде әділеттілік байқалады.
    3) Қанша жылдар өтті, қанша мемлекеттік ақша бөлінді ауыл-шаруашылығына. Нәтиже өте-өте нашар. Себебі министрліктің тиімсіз атқарып жатқан жұмыстары деп ойлаймын.
    4) Қазақ халқының (себебі нақты өзімізден басқа ешкім наразылық білдірмеді) ауылшаруашылық жерлерін жалға және сатуға қарсы ойына келісемін.

    1. Құрметті Қанибек!
      Сіздің сұрағыныз және оған ұқсас мәселелер Жер реформасы бойынша Комиссияның талқылауына шығарылып қаралады. Оның нәтижесінде сәйкес ұсыныстар әзірленетін болады.

  23. Ассалаумағалейкүм құрметті комиссия мүшелері. Бәйсерке-Агро холдингі Талғар ауданында жалға алған жерлерін 6 сотоктан жеке меншікке 1000000 нан 2000000 ға дейін сатып жатыр, егер осылай жалға алған жерлерді халыққа сататын болса, ертең жеке меншікке сатып алып кімге сатсам да өзім білем дейтін болар. Жерді ұжымдықтарға беру керек, мысалға 10-20 адамға берсе олардың ішінде жартысы қолданбаса да жартысы қолданады. Жақсы жерлердің барлығын ақшасы барлар алып алған, ал енді халыққа қандай жерді сатпақшысыздар. Бау-бақша кооперативтеріне беру керек жерлерді, өздері кіріс-шығыс шығындарына қаржы жинап, жолдарын, суларын, электрэнергияларын өз қаржыларына жасайда, өкіметтен ешқандай қаржы жұмсалмайды. Адамдарға да жерлер беріліп, өкіметтен ештеңе сұрамас еді. Пайдаланылмаған жерлер көп дейсиздер, сол жерлерді халыққа көрсету керек, сонда ғана ол жерлер пайдалануға алынар еді, менің таныстарым достарым бар жер алып оны игеруге шамасы жететін. Тек сол жерлерді қалай алуға болады, кім бізге қай жердің бос екенін айтады, Тек жергілікті әкімдерге немесе жер комитетіндегілерге пара беру арқылы білмесеңіз, оны білу мүмкін емес. Бос жердерді сайтта көрсетіңізіздер, сол игерілмей жатқан жерлерді игерейік. Жерді кімнің танысы бар және кімнің ақшасы барлар ғана алады бізде, халық соған күйінеді. бау бақша кооперативтері өз жерлерін құжаттардыру үшін аудандық жер комитетіне, архитектураға, акиматқа тауелдіміз. Осылардың барлығына пара бермесеңіз құжаттандыру мүмкін емес. Сайтта e.gov.kz сайтында жерді, үйді құжаттандыру, жерге өтініш, бос жерлер туралы мәліметтер болуы тиіс.

    1. Құрметті Рахмадилла!
      Ауыл шаруашылығы жерлерін сату мен жалға беру жергілікті жердегі әкімдіктерінің құзыретіне кіреді.
      Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті аландар әзір болған жағдайда әкімдіктермен жер учаскелерін беру туралы конкурс өткізіледі. Оның хабарламасы жергілікті бұқаралық ақпараттар мен интернет сайтында жарияланады.
      Сонымен қатар, бос жер учаскелері туралы электронды түрде сайтта көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде, оған біраз уақыт керек екені хабарлаймыз.
      Сонымен қатар, Сіздің бұл ұсынысыңыз ескеріліп, Комиссия мүшелеріне жеткізілетін болады.
      Қазіргі кезде алуға болатын жер учаскелер туралы ақпарат алу үшін жергілікті жердегі әкімдікке хабарласуыңыз қажет екенін назарыңызға жеткіземіз.

  24. Ассалаумағалейкүм құрметті комиссия мүшелері. Қазір жерді жеке меншікке сатамыз дейсіздер, Осы уақытқа дейін жалға алғандар адамдар, алған жерлерін пайдаланылмай келеді, пайдаланатын адамдарға бермейді. Пайдаланбаған жерлерге және оларды пайдалануға беру туралы жарна жарияланбағандарға жылына налог мөлшерін екі есеге көбейту керек. Жері бар адам пайдалануы керек, болмаса пайдаланатын адамға беруі тиіс. Өздері пайдаланбайды, біреуге пайдалануға бермейді. Жекеге сатып алса, жер ертең зат сияқты жылдан жылға сатылатын болады, ертең кімнің жері екенін ажырату қиын болады. Жер иелеріне түсіндіру керек, егер пайдаланбаса, пайдаланатын адамдарға уақытша пайдалануға беруі тиіс. Ақшасы барлар әр жерлерден жерлерді сатып алады, бір жанұяның Қазахстан бойынша бір ауданда ғана бір жерге иелік етуге құқығы болуы тиіс. Қазірде ақшасы барлар бүкіл ұрпағына жететін жерлерді сатып алып қояды. Молаларда да туыстарына үлкен көлемді жерлерді сатып алып жатқанын әр ауылдарда көзіміз көріп жүр.

    1. Құрметті Рахмадилла!
      Сіздің ой-пікірлеріңіз бен ескертуіңіз жер реформасы бойынша Комиссия мүшелерінің отырысына жолданады.

  25. Құрметті комиссия мүшелері! Менің Сіздерге келесідей ұсыныстарым бар:
    — Жерді шетелге жалға беруге болмайды! Тек ауылшарушылығы (сельхозназначения) жерлерін ғана Қазақстанда туып-өскен азаматтарға жалға немесе жеке меншікке беруге болады. Бірақ нақты механизмдері жасалып, заңға енгізілуі қажет;
    — Жеке меншікке берілетін жерлерді шектеу керек. Көп жердің және шұрайлы жерлердің жеке меншікке кетіп қалмау жағын аса ыждахаттылықпен қарастыру керек. Бұл мәселеде де баланс, тепе-теңдік болуы керек деп ойлаймын;
    — Болашақта жер иелері жеке меншіктегі жерлерін басқа сала мамандығының иелеріне сатуға заңмен тиым салынуы керек;
    — Жердің меншік иесі жерін сата қалған жағдайда да,тек Қазақстанда туып-өскен азаматтарға ғана және ауылшаруашылығы маманына ғана сата алуы қажет. Осы мәселе заңмен бекітілуі керек;
    — Жер иелері сата қалған жағдайда да, қайткен күнде де халыққа тиімділік жағы заңмен қарастырылуы керек.
    Дамыған шетелдердің практикасынан мысалдар келтіріп, бірнеше ондаған, тіпті жүз, екі жүз жылға алға шығып кеткен мемлекеттермен Қазақстанды салыстыруға болмайды. Дамыған мемлекеттердің күн тәртібінде мемлекеттің егемендігі, халықтың болашағы, тілі т.б. проблемалар тұрған жоқ. Олармен Қазақстанды салыстыруға әлі ерте. Экономикалық жағынан тиімділікті арттырғанмен, егемендігімізге қатты қауіп төнеді. Қытайларға жерімізді 25 жылға арендаға берсек, казақ деген ұлт енді бір 200-300-400 жылда жер бетінен жоқ болып кетуі мүмкін. Сондықтан шетелге жер жалға берілмеуі керек!!!!!!!!!!!!
    Заңдарымызда халықтың мүддесі бірінші орында тұруы керек.
    Құрметті комиссия мүшелері! Сіздерді халық мүддесін қорғайтын оң шешім шығарады деп сенеміз. Жер мәселесі біздердің қабырғамызға қатты батты. 90-жылдардың қиыншылығында да бұлай алаңдап, қабырғамыз қайысып көрген жоқ.

    1. Құрметті Айша!
      Сіздің жолдаған ұсыныстарыңыз үшін алғыс білдере отырып, олар міндетті түрде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы өкіміміен құрылған жер реформасы бойынша Комиссия мүшелерінің талқылауына жолданады.

  26. Үкімет жанынан құрылған Жер туралы комиссияға ұсыныс.
    Мен Қазақстан Республикасының азаматы Мейрам Мұқыш азаматтық құқығымды қолданып комиссияға ұсыныс жасаймын.
    1) ҚР-ның жері шетелдік компанияларға және азаматтарына сатылмасын.
    2) ҚР-ның жері шетілдік компанияларға және азаматтарына жалға берілмесін.
    3) ҚР-ның жері қазақстандық азаматтарға сатылмасын.
    4) ҚР-ның жерін Қазақстан Республикасының азаматтарына жалға беруге қарсы емеспін.
    А) ҚР-ның азаматына жалға бергенде тек 10 жылға және өз өтініші бойынша жалға беру мерзімін ұзарту.
    Б) Жер Қазақстан Республикасында туып-өскен азаматтарға және тарихи отанына оралған Қазақ азаматтарына беру.

    1. Құрметті Мейрам Мұқыш!
      Жұмыс комиссиясының атына келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстар жер Комиссиясы отырысының қарауына жолданып, әрі қарай сәйкес ұсыныстар мен түсініктемелер берілетін болады.

  27. Біз, 2015 жылғы 2 қарашадағы № 389-V ҚРЗ ҚР Жер кодексіне байланысты Ақтөбе облысы бойынша құрылған үшжақты комиссияға қатысушы қоғамдық ұйым өкілдері — елімізде қалыптасқан саяси, қоғамдық, экономикалық ахуалға алаңдаушылық білдіреді және 1,2 кіріспе жолдарды басшылыққа ала отырып, төмендегі ҰСЫНЫС-тарды (а; ә; б; в; г; ғ; д…) жүзеге асыруға болады деп есептейді.

    КІРІСПЕ

    1. Комиссия жұмысы «4 жұмыс тобын» құрудан басталуы тиіс. Бірінші – құқықтық. Екінші – ақпараттандыру және түсіндіру. Үшінші – экономикалық және төртінші – жариялылық пен жалпы процедуралар тобы. Оcылайша құрылған комиссияның алдында көтерілген мәселелерді жан-жақты талқылай аламыз. Комиссия жұмысы ашық болуы шарт, әрбір отырыс бейне не дыбыс таспасына жазылып, хаттама толтырылуы керек.
    2. Облыс көлемінде меншікке өтіп кеткен жерге түгендеу жұмыстарын – ревизия жүргiзу. Сол арқылы жер иелерінің қолында қанша жер барын анықтау және жер мен топырақ жағдайын және жер пайдалануды бақылайтын, мониторинг жүргiзетiн ұлттық жүйе құру. Ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерінің иелері туралы толық ақпараттарды жариялау. Осы мәселенi шешпей тұрып, жер қатынастарын реформалауға және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi пайдалану құқығы барларға бөлiп беруге (сату, жалға беру) болмайды. Осы жұмыстар нақтыланып, толық орындалғаннан кейін қойылатын ұсыныстар мен атқарылатын жұмыстар төмендегідей:

    ҰСЫНЫСТАР

    а) Елдің арасында ауыл маңындағы жайылымдық жерлер, мал үшін қажетті шалғын жерлер де жекеменшікке сатылып кете ме деген алаңдаушылық бар. Сондықтан қалыптасқан алаңдаушылықты болдырмау үшін ауылдың төңірегіндегі 15-20 шақырым жерді мемлекет меншігінде алу.
    ә) Жер қазақстандықтарға да, шетелдіктерге де сатылмауы тиіс, тек қана «қазақстандықтарға» ғана жалға берілуін қарастыруға болады. Қоғамдық пікір, комиссия мүшелері осы ұстанымға ойысқаны дұрыс болар еді.
    б) Жер салығының әдiлеттi, экономикалық негiзделген ақысы бел¬гiленiп, заңмен бекiтiлуi тиiс.
    в) Пайдаланылмай, дұрыс игерiл¬меген жерлердi толық тү¬гендеп, оларды мемлекет меншi¬гiне өткізіп, жаңа жобаларын ұсынған отандық инвесторларға сынақ түрiнде жалға жер берудi қолға алу.
    г)1994 жылы халыққа үлестіріліп берілген жер пайларын нақты құжаттандырып жер иелерін нақтылау.
    ғ) Қалаға көшiп кеткен еңбек күшiн ауылдарға қайтару үшiн, ауылдардағы әлеуметтiк инфрақұрылымдарды қалпына келтiру мен тұрғын үй салуға арналған мемлекеттiк жоспар құру.
    д) Қазіргі коммерциялық банктер ауыл шаруашылығын қаржыландыруға құлықсыз. Олардың несиесінің пайызы жоғары. Сол себепті үкіметтік жеке Ауыл шаруашылығы банкін құру. Мұндай банктер АҚШ, Қытай, Ресей сияқты әлемнің көптеген елдерінде жұмыс жасап жатыр.
    е) Қоғамда резонанс тудырған ЖЕР Кодексіндегі «төрт бап» шешімін таппаған жағдайда оған Президентпен құқықтық жағынан әрекетке ендіруден бас тaртатын «вето» қою.

    Ауыл шаруашылығына, жерге қатысты болашақ инвесторларға қойылатын талаптар, ережелер мен тәртiптер осылай айқындалуы тиiс деп есептейміз.

    Жер Кодексіне қатысты Ақтөбе облысы бойынша
    құрылған үшжақты комиссия мүшелері:
    Ахметов Көшкінбай
    Сисенбай Нұрлыбай Қошаманұлы
    Жайлыбай Естай Нұрмағанбетұлы
    Ташкенбай Сұлтанбек
    Көбенов Ізімғали Әбдірахманұлы

    Ақтөбе қ.
    19.05.2016.
    .

    1. Құрметті Н.Қошаманұлы!
      Сіздің ұсыныстарыңыз Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылған Жер реформасы жөніндегі Комиссияның қарауына енгізілетін болады.

    2. Құрметті Н.Қошаманұлы!
      Сіздің ұсыныстарыңыз қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылған Жер реформасы жөніндегі Комиссияның қарауына енгізілетін болады.

  28. Мен Сақаев Оразалы 1995 жылы көп балалы ретінде 10 га жерді Еңбекшіқазақ ауданынан алдым. Содан 2008 жылы кадастр алудан өттім. Онда бюрократиялық режим үстемдік етіп, содан 2007 жылы сот шешімі бір жылда әрең орындады. Бір жылда әрең гос акт алдым. 2013 жылы 13.04 айда тағы жерімнен мені шектеп, бұл госархивтің жері деп шектеу қойды. Содан бері үш жылдан бері әлі сарсалаңда жүрмін. Жерімді дұрыс пайдаланған жоқпын. Бірақ налогын күні бүгінге шейін төлеп келемін. 2013 жылы мәдени мұра қорғау аймақтарының құрылыс салу аймақтарымен қорғалатынын бекіту туралы шешіміне мен келіспеймін. Құрметті жер мәселесін шешу комиссиясы осы өтінішімді қарап, жерді өкімет өз қарамағына алған күнде де менің күні бүгінге дейін өкімет заңына заңына бағынып, жер салығын төлеп келгенімді ескеріп,осы жеріме жер құнын алуыма көмектесулеріңізді сұраймын.Мен барлық инстациядан өттім.
    1Аудандық әкім
    2Земельный кадастр НПЦЗем
    1. Аудандық Зем.отд.
    2. Аудандық Прокуратура
    3. Тарихи қорық- мәдени Мұражайына
    Осылардың бәрінің айтатұғыны сіз бұл мәселемен сотқа жүгініңіз дейді. Ал мен
    заңға жүгінсем, Процесуалдық кодексте сот бір істі бір рет қарап шешім шығарса, тура сол істі екінші рет қарамайды. Соттың шешімінде маған- ТОО «Қуанышқа»- берген екінші қабат маған қарамайды. Екіншіден, бәрінің көзқарасы Мұражай мемлекеттің мекемесі, ал сіз жекеше серіктестіксіз. Сотсыз ак алдық дейді. Қазақстан Республикасының Конституциясына Мемлекеттік мекеме мен жеке тұлғаның терезесі тең. Жеке тұлғаға ондай көзқараспен қарағандарына міне үш жылдан бері қорлық болды. Мен мемлекет жерді алып, жекелерге үй салуға бөліп бергенге қарсы емеспін. Бірақ маслихат жердің заңын шығарғанда осы істі ескеріп, баяғы социализмнен қалған заңды қолданбай, 20 жылдан бері налогын төлеп келген азаматқа демократиялық принциптің негізінде (тағы үш жыл созбай)компьютерге енгізілген нарықтың мониторингімен ақшасын берсе болды, мен келісемін.Сіздерден қандай көмек болады екен ?осы мәселені шешуге қол ұштарыңызды берсеңіздер екен!

    1. Құрметті Оразалы!
      Сіздің жолдаған мәселеніз жер реформасы туралы комиссияның қаралуына жатпайды.
      Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес орталық уәкілетті орган жергілікті жердегі әкімдіктерін шығарылған шешімдерінің заңдылығын тексеру жүргізеді.
      Осы орайда, көрсетіп отырған сұрағыңызға нақты жауап беру үшін жазбаша түрде орталық уәкілетті органға дәлел құжаттарын көшермелерімен қоса арыз жолдауыңызды сұраймыз.
      Жер реформасы туралы комиссияға келіп түскен арызыңыз, тексеріс өткізуге құқықтық негізі жоқ, интерактивті диалог болып табылады.
      Осыған байланысты, Сіздің мәселеңізді нақты қарау үшін, Сізге жазбаша арызбен орталық уәкілетті органга жүгіну қажет екенін хабарлаймыз.

  29. Ассалаумағалейкүм құрметті комиссия мүшелері. Менде мынандай бір ұсыныс бар егерде қазақстан азаматы болып оның осы жерде үлкен көлемде жері болатын болса, егерде ол қазақстан азаматтығынан шығып басқа мемлекетке кетіп сол елдің азаматтығын алатын болса онда оның жері толықтай мемлекеттің меншігіне өтуі керек.

    1. Құрметті Өмірбай!
      2016 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен жер реформасы бойынша комиссия құрылған.
      Осылайша, Сізден келіп түскен ұсынысыңыз сол жер реформасы бойынша Комиссия мүшелерінің қарауына жолданады.

  30. Сідер немене жерді сатуға және шет елдіктерге жалға беру туралы шешіп.Енді олардың қай тілде сөйлесу туралы шешіп жатырсыңдар ғой түге.Жерді сатуға қарсымыз.Және оны шет елге жалға беруге қарсымыз. Жер біздің анамыз анамызды сатпаймыз.Бізге қытай келіп қазақшада сөйлемейақ қойсын.Өзқазағымыз да жетеді.Жер олай жайылып жатпасын дейсіндер.Сонда қытайға беріп бүлдіру керек пе.Қытай 1 ақ жылда жеріңді улап береді ол жерге кейін өзіміз егін еге алмаймыз.Россия қытайға берген жерінің бүлінгенін күнде жарыса жазып жатыр сонда сендердің не ұтпақ болып тұрғандарыңды түсінбедім.Жер алған азаматтар ертең жерін қоршап алып білгенін істейді.Мал жайылатын жер қалмайды.Сендердің жауаптарың әйтеуір бәріне дайын екен.Елді 8-10 соттық пен алдап қалған жерді шет елдегі заңсыз ақшаларыңмен сатып алып заңдастырмақсыңдарма.Егер сендер өз елдерің адал патриоттары болсаңдар бұндай бассыздыққа жол бермес едіңдер.Аз адамның мүддесі үшін жерді бәйгеге тігуге болмайды.Жер кодексі өз қалпында қалсын.Бұл менің Қазақсан азаматы ретіндегі даусым десеңдерде болады.Сосын 73 комиссия мүшесі шешетін іс емес жалпы халықтық референдум өткізілуі тйіс.Неге халықтың атынан аз ғана адам шешуі тиіс.Және референдумды жариалы түрде ашық өткізілуі тйіс.Менің де ата бабам осы жер үшін талай соғысқан.Сонда елді жеп тонаған адамдар жерді үлкен көлемде сатып алып ақшасы жоқтар жерсіз қалсын ба.Сондықтан жер тұтастығын бұзып оны сатуға және шет елдіктерге арендаға беруге мен қарсымын.

    1. Құрметті Кулзада!
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен 2016 жылғы 13 мамырда жер реформасы бойынша комиссия құрылған.
      Сол комиссия құрамына Парламент депутаттары, біріккен ұйымдардың өкілдерінен, саяси партиялардан, БАҚ, шаруа, фермерлік қожалықтардың басшыларынан, үкіметтік емес ұйымдардан құрылған.
      Жұмыс комиссияның атына келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстар жер комиссияның отырысының қарауына жолданады және Сіздің ұсыныстарыңыз комиссия мүшелерімен қаралатын болады.

  31. Жеріміз ешқандай мемлекетке арендаға берілмесін! Оданда еш пайдаланусыз жатқаны артық, жайылым жерлер не болмақ? Халқымыз малмен күн көріп отыр емеспе!

    1. Құрметті Айгерім!
      Бүгінгі күнде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен 2016 жылғы 13 мамырда жер реформасы бойынша комиссия құрылған.
      Осылайша, Сіздің ешқандай мемлекетке жалға жерлер бермеу тұралы ұсынысыңыз сол комиссияның қаралыуна жолданады.
      Сонымен қатар, қазіргі кезеде Қазақстан Республикасы Парламентінің қаралуына «Жайылымдар тұралы» Заң жобасы енгізілді.

  32. Құрметті комиссия мүшелері!!!!
    Жер туралы нақты ұсыныстар:
    1) Алдымен Қазақстандағы бар жерлерді түгел есептеп, оларды нақты санаттарға (категориялар) бөлу керек.
    Ойымша:
    1 санат/ — Жалпы халықтық. Мүлде жекеше қолға берілмейтіндер: Тарихи, ел сеніміндегі әулие жерлер, қорғандар, бейіттер, табиғи қорықтар, табиғи демалыс орындары (көл, өзен, орман) және осы тәріздес тәлімдер; Бұл типтес жерлер белгілі бір жол (трасса) бойына шейін ашық, кедергісіз баруға мүмкін болуы керек.
    2 санат/ — Мемлекет қарамағындағы. Қорғаныс саласындағы, авто-темір жол, электр, газ линиялары бойлары. Олардың тиісілмейтін периметрлері анықталынуы керек, құрығанда 100 м көлденеңі. Ормандар мен таулар. Елді-мекен орналасқан жерлер. Жайылымға, жайлау-қыстауға мал айдайтын трассалар.
    3 санат/ — Мемлекет қажеттілігіне керек жерлер, яғни, жол, маңызды құрылыстар салынатын. Егер ондай қажеттілік жоспардан тыс пайда болса, жер иесінен мемлекет сатып алмауы керек, тек қана, басқа жерден жер берілсе болғаны!
    4 санат/ — Шекаралық аумақтар. Міне бұл жерде шекара бойынан 500 км жер белгіленуі керек, немесе, қазіргі әкімшілік аумақтар бойынша шекаралық облыстардағы аудандар көлемі. Бұл жерлерде мүлде шетелдік жал, жекеше деген түсінік болмағаны дұрыс. Негізі, ондай аудандарға мемлекеттік шаруашылықтар (тұқым шаруашылықтары, ғылыми институттар, тұқым сынайтын станциялар, метерологиялық станциялар, зертханалар, мал заводтары) шоғырландырылсын.
    5 санат/ — Ауыл шаруашылығы жерлері. Ешқашанда бір түрден екіңшіге ауыстырылмауы керек. Яғни, егістік жерлер (пашня) қалалық құрылысқа, немесе, жайылым мен шабындыққа әлдебір облыс әкімінің шешімімен, әлдебір қожайындардың ұйғарымымен өзгермеуге тиісті. Ондай қажеттілік жағдайда парламент пен үкіметтің бірлескен комиссиясы қарап, ғылыми тұжырымдар негізінде ғана шешім қабылдануы керек.

    Ауыл шаруашылығы жерін пайдалану
    1. Әр елді-мекендердің айналасында жайылымдық, шабындық жерлер, жергілікті әкімдіктер қарамағында болып, сол ауыл тұрғындарының ортақ пайдалануында болсын. Ал, алысырақ жайылымдар мен шабындықтар шаруашылықтарға берілу жағы қарастырылсын.
    2. Ауыл шаруашылығы жерлері ешкімге де сатылмасын. Өйткені, қазіргі практика көрсетіп отырғандай, оны тексеру, бақылау-қадағалау қиынның қиыны. ҚР «Кәсіпкерлік туралы Кодексі» тексерулерге белгілі шектеулер қойылған. Ал қайтарып алу деген тіптен мүмкін емес, оны қайтарып алуға ешкім де мүдделі емес. Кім жүгіріп соттасып жүреді? Әкімдер ме? Бос сөз!
    Оның үстіне көп жер алуға қазақтардың экономикалық жағдайы көтермейді. Тіптен өздеріне тиісті 5-6 га жерді алды дегеннің өзінде, олар кейінгі кезде алпауыт корпорациямен, латифундистермен мүлде бәсекелестікке түсе алмайды! Аз ғана жерде, агротехникалық шараларды, әсіресе ауыспалы егіс жүйесін енгізу мүлде мүмкін емес!
    3. Мынандай қалыптасқан жағдайда шетелдіктерге де жалға беру ауыл тұрғындарының мүддесін құртқанмен тең. Сондықтан оған кемінде 10 жыл мораторий жарияланып, қазіргі елге ауыл шаруашылығымен айналысуға жағдай жасалсын. Себебі, ауыл тұрғындарына берілген жер өте дұрыс болмады. Біріншіден, басшылар өздеріне көп жердерді алып-алып, қолдан латифундистер жасалынды. Ал, ондайға қолы жетпеген шаруалар (5-6 га тиген) шаруашылқтарын дамытуға мүмкіндіктері жоқ, «натуралды» шаруашылықтың күнін кешуде. Субарендаға формалды түрде, тиым салынғанымен, жұмыс істегісі келгендер еріксізден, басқа жер иелерінен жалға алуда. Әсіресе, ауылдық жерде (бәрі бір-бірімен таныс, туыс жағдайда, қалайша жалдық ақысын бермессің?!)
    4. Ауылда жұмыс істегілері келетіндер әлі де бар. Бірақ, жерлері жоқ. Міне, сондықтан ондай шаруаларға қосымша әліне қарай жер берілсін.
    5. Ауыл шаруашылығыне жүргізудің ең тиімді тәсілі – адамдардың ерікті бірлескен түрі (кооператив). Оған жету үшін, былай істеу керек: Конкурстық негізде жұмыс істеймін дегендерге әлдебір жер учаскесі емес, ғылыми негізде жасалынған толық ауыспалы егіс жүйесі ұсынылсын. Мысалы: 5 (бес) танапты, әрқайсысы 100 га, 500 га егістік: көп жылдық шөп-пар-күздік бидай-күздік бидай-арпа. Осы жүйе 4-5 отбасына ұзақ мерзімге ауыспалы егісті міндетті түрде қолдану шартымен берілсе, ондай жерді 2-3 трактор, 1 комбайн, бірер автомашиналармен толық игеруге болады. Бұл үшін елдің қазіргі қолындағы жер емес, қосымша жерлер қарастырылысын.
    6. Үкімет тарапынан берілетін субсидиялар сапалы, класты тұқым, сапалы мал ұрықтары, асыл мал (құс) аталықтары, қажетті пестицидтер (улы химикаттар), минеральды тыңайтқыштар, техника, арнайы ғимараттар т.с.с түрінде берілгені дұрыс. Ақшалай берген көбіне, экономикалық тиімділік бермейді.
    7. Ауыл шаруашылығы жерлерін түгелдей инвентаризация жасап, белгілі санаттарға бөлу қажет. Тың игеру дақпыртымен айдалып кеткен, егістікке (пашня) ыңғайсыз жерлер (биік таулардағы, шөлейт-шөлдердегі сияқтылар) үкімет тарапынан көмек ретінде көпжылдық шөптер (изен, житняк) себіліп, қайтадан шабындық-жайылымдарға айналдырылсын.
    8 Біздің жер, түгелдей дерлік эрозияға ұшыраған, сондықтан қорғаныш орман алқаптарын дамыту қайта қолға алынсын.
    9. Барлық жерлерге құнарлығын анықтайтын агрохимиялық тексерулер жүргізіліп отыруы керек. Оның қаражатын кім төлейді? (Мысалы Алматы облысында 53 мыңнан астам шаруашылықтар бар). Міне, бұл да үлкен мәселе. Өйткені, жерді қайтарып алудың ең бір алғашқы критерийлерінің өзі де осы. Бұған қосымша, тағы бір критерий ретінде жекеленген шаруашылықтардың алған түсімі дер едім, яғни, гектар түсімі (өнімнің ц/га) ауылдық округтегі басқа шаруашылықтардың алғанынан қатарынан 2 жыл кем болса, ондай шаруашылық, жер иеленуші кімге керек? Себілмей, өңделмей қалған да осы критерий қатарында.
    10. Жерді бергенді әкімдердің құзіретінен алған да дұрыс сияқты. Бұл жерде алдымен, жергілікті тұрғындардың ой-мүддесі ескерілсе. Ғылыми негіздегі комиссиялар, қоғамдық кеңестер ойларын ескере отырып мемлекеттік комиссия бергені дұрыс болар. Жалпы әкімдіктерден жер қатынастары бөлімін алып тастап, архитектураны ғана және жер инспекциясын қалдырған дұрыс.
    11. Астық қабылдау орындары (элеватор), агрохимиялық қызмет (қоймалары) жандандырылып, химиялық өңдеу жүргізуші орындар, авиациалық мекемелер, мал тұқымын асылдандыру мекемелері, мал заводтары… мемлекет қарамағына алынса (ең болмаса 51 пайызы мемлекеттік болса).
    Азамат Ақылбеков

    Өзім туралы: 1985 жылы Қаз АШИ (Каз СХИ) (Алматыда) үздік дипломмен аяқтадым. Біліктілігім – ғалым-агроном. 1985-96 ж.ж. Алматы облысы, Кербұлақ ауданындағы ірі-ірі колхоз-совхоздарда бөлімше агрономы, тұқым жөніндегі аға агроном, бас агроном. 1996-2008 ж.ж. Сол Кербұлақ ауданында жеке шаруашылық қожалығы. Қазіргі күнде Талдықорған қаласында, ауыл шаруашылығы саласында қызметкермін. Телефоным: 8-777-820-57-18

    1. Құрметті Азкен!
      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы өкімімен Жер реформасы бойынша Комиссия құрылған. Сол Комиссия құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, біріккен ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ғалымдар мен қоғам белсенділері енгізілді және ол 75 мүшеден тұрады.
      Келіп түскен ұсыныстар Комиссияның мүшелеріне жолданады.
      Осы орайда, Сіздің жолдаған ұсынысыңыз Комиссия мүшелерінің назарына жолданатын болады.

    1. Құрметті Айгерім!
      Бір қатар техникалық проблемалар болуына байланысты уақытылы жауап бермегеніміз үшін кешірім сұраймыз. Сайтқа жолдаған ұсыныстар мен сұрақтар толығымен қаралып қарастырылатын болады. Жауабын сайтта көре аласыз.

  33. Неге біздің коментариямыз шықпаған?
    Тек сіздерді қорғаушыларды ғана шығарамысыздар?

    1. Құрметті Айгерім!
      Бір қатар техникалык проблемалар болуына байланысты уақытылы жауап бермегеніміз үшін кешірім сұраймыз. Сайтқа жолдаған ұсыныстар мен сұрақтар толығымен қаралып қарастырылатын болады. Жауабын сайтта көре аласыз.

  34. бугінгі күнде жерді шетелдіктерге жалға берудің мүлде қажеті жоқ. жерге келген қытайлықтар нашар жерді неғылсын. біздің 99%-ға жемқорлық жайлап тұрған елімізде ертеңгі күні жердің бар қаймағы соларға сатылып кетеді. бұған дәлел батыстағы мұнай өндіріп елімізге пайда әкеліп отырған компаниялардын сатылып кетіп, ал онда жергілікті халықтың қытайлықтарға қарағанда әлде қайда аз жалақыға жұмыс істеуінде. жерді шетелдіктерге жалға беру туралы қандай заң қабылданса да қалтасын ғана ойлаған шенділер оп- оңай заңды айналып өтеді .сөйтіп ондағы жергілікті халықтың жағдайы нашарлай түседі. қытайда отырып ақ сапасыз өнім шығарып қазақстан халқын арзан өніммен қамтамасыз етіп отырған қытайлар ертеңгі күні қасыңа келсе мүлдем жұмыссыз қаласың. телеарнаның бірінде көрсеткендей, жайлаудағы шаруашылығын дөңгелетіп жүрген шаруаларға жер сатылмайды деп, шенділердің ол жерлерді басқа шенділерге сатып жібергені. ертеңгі күні жерді жалға беру туралы заң қабылданғанда, саған сатылмайды деп жүрген жерге кімнің келіп қоныстанғанын да білмей қаласын

    1. Құрметті Ареке!
      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы өкімімен Жер реформасы бойынша Комиссия құрылған. Сол Комиссия құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, біріккен ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ғалымдар мен қоғам белсенділері кірген және ол 75 мүшеден тұрады.
      Келіп түскен ұсыныстар Комиссияның мүшелеріне жолданады.
      Осы орайда, Сіздің жолдаған ұсынысыңыз Комиссия мүшелерінің назарына жолданатын болады.

  35. АРЫЗ

    Біздің, сіздерге шағым жасауымызға себеп болып отырған жағдай, жоғарыда аталған әкімшілікке қарасты 10 елді мекенде 2500 ден астам отбасыдан құралған 10 000 ға жуық халықтың жайылымдық жер пайы үлесіне тиген. Тиесілі 4094 гектар жердің 1212 гектар шұрайлы жері аудан әкімдігіндегі жер қатынастары, аудандық кадастр бөліміндегілердің кесірінен заңсыз, коррупциялық жолмен кім көрінгеннің қолында кетіп бүгінгі күні ауыл азаматтарының ашу ызасын келтіруде. Оған негізгі себеп мал жайылымының тарылуымен қоса мал айдау және суғаруға өтетін өткелдерінің бекітіліп, елдімекендерге өтетін ауыз суларымыздын құбырларын тесіп,сол маңайда орналасқан,атап айтқанда Бүргелік елдімекендеріндегі саяжайлардың егелері заңсыз суларымызды алып,су тапшылығын елдімекендер көріп жатыр. Және де егістік жерлерге өтетін су құбырларын бекітіп, суғармалы жерлерімізге су өткізе алмай жатырмыз. Және оларды жөндеуге арналған жолдарды қоршап тастаган. Онымен қоса таудан келетін үлкен ағын сулардын жағасын қоршап және сулардың үстінен өткілдер жасап, апаттық қауіпсіздік шараларын сақтамай антисанитариялық талаптарды да бұзып отыр. Оған қоса бекітілген уакыттан кейінде қатты жаңғырықпен музыка қойып, азанға дейін халықтын тыныштығын бұзуда. және мазараттарымызға жақын демалыс орындарын ашып, зерттеп зерделеу жұмыстарын жүргізбей, біздің жайылымдық жерімізге кіретін тарихи мәдени маңызы бар ескі мазараттарымызды заңсыз аукциондарға сатып. Арыз жазғанға дейін, бірнеше жылдан астам уақыт тиісті мемлекеттік құзырлы орындарға арыз талап, шағым жасағанымыздан ештеңе өнбеді.Бірінші мәселе жер дауы 01.02.2013ж. Қ.Р Өңірлік даму министерлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша аумақтық жер инспекциясына хат жазған болатынбыз. тіркелген хатымызға жауап алдық. №2-1215-13-00341 Басшысы Ө.Панзарбек зерттеп, зерделеп жауап берген болатын. Осы бізге жолданған «ЖерҒӨО» РМК ОҚФ Ө.Панзарбектін хаттары Төлеби ауданының әкіміне және Төлеби ауданының прокуроры әділет кеңесшісі Қ.Елшібаевқа жіберілген. Осы уақытқа дейін жұмыс өте көп, қол тимей жатыр деп,көмекшілері шығарып салып отырды. Осы мәселе бойынша ОҚО прокуроры И.Ә.Иманов мырза өзініңіз анықтап,қадағалап, кінәлі адамдарды заң алдында жауапқа тартуынызды сұранамыз, және де біздің жайылымдық жерімізді қайтару мақсатында «ЖерҒӨО» РМК ОҚФ инспекциясының жолдаған хаты негізінде облыстық экономикалық сотына талап арызымызды, жайылымдық жерімізді қайтару мақсатында жолдасаңыз. Және жер инспекцясының жіберген жауаптарын және осы заң бұзушылыққа қатысты адамдардың анықтамаларын, толығын келесі беттерде мәлімдейміз.
    Қазақстан Республикасының Жер кодексі 26 бабы «Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бөлек меншгіне және жер пайдалануына: тұрған халықтың қажетіне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар орналасқан жер учаскелері жеке меншікке берілмейді» деген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013-2017 жылғы «Күрделі жерлер мен табиғаты әсем жерлер сондай-ақ мал жайылымдарын сатпау туралы» Жарлығын елемей, сыбайлас жемқорлыққа жол берген.
    Нақтылай айтар болсақ ОҚО Төле би ауданы Алатау ауыл округінде, шоғырланған 10 елді мекенінің жайылымдық жер пай үлесіне тиген мал жайылымдық жерлерін бөлінбейміз деп ортақ шешімге келіп және аудан әкімдігінде заңдастырып беру туралы арызданған. 2005 жылы 5 қаңтарда ОҚО Төле би ауданы әділет басқармасына арызданып, жоғарыда айтылған, мал жайылымдық жерге, №28-1958-09 «Игілік» селолық тұтыну кооперативтін ашқан. Және сол ұсынысты аудан әкімі М.Әлиев қабылдап 20 маусым 2003 жылғы №442-2 Қазақстан Республикасының «Жер Кодексінің» 35,37,44-бабтарына және аудандық жер учаскесіне құқық беруді анықтау комиссиясының 2006 жылғы 16 мамырдағы №218 хаттамасының қорытындысына сәйкес;

    1. Құрметті Ғалымжан!
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресми сайттарға келіп түскен немесе электрондық қол қойылмаған арыздар негізінде тексеру жұмыстары жүргізілуге жол берілмейді.
      Алайда Сіздің осы арызыңызда көрсетілген мәселелер заң талаптарын сақтауы тұралы тексеру жұмыстарын жүргізілуін талап етеді.
      Осы орайда, дәлел құжаттармен қоса орталық уәкілетті органға жазбаша түрде шағым берулеріңізді сұраймыз. Шағымыңыз негізінде тиісті тексеріс жүргізіліп мән-жайлар анықталатын болады. Заң бұзышылықтар анықталған жағдайда, тиісті шаралар қабылданады.

  36. Ассалаумағалейкум ағайындар және депутат мырзалар осы жер дауын шулатпаяқ шешуге болмадыма егерде жер игерілмей жатса оған кім кінәлі кезінде егемендік осы екендеп пайға да жайғада жерді таратып бердік, оны игереме жоқпа ешкімнің шатағы жоқ болды ал енді сол жерлердің иелері баяғыда ауылын жерін тастап аяқтарын айқастырып қалада жатыр,ал жер болса менікі ақша төледеп ойбаи салат өзі еңбек еткісі келмеиді, ол сонда кім болғаны алыстағы қолынан түк келмейтін бос далбаса қожайын емеспе , жалқаулығы тартып қалаға тайып қойған ал ауылда қалып жер игерем мал өсірем деген ағайын жерін кеңейте алмай алысып әкімшілікте жүр , егер шын жерді игереміз десек өтірік әкімдердің есебіне жүгінбей ауыл депуттатарын әр обылыстың осы жазда автобусқа тиеп ауыл ауылға жіберіп шынайы көзбен көріңіздер , қай жер игерілуде қай жер құр дала болып жатқанын көздеріңізбен көресіздер , содан сол игерілмей жатқан жердің бәрін тегіс өкіметке тартып алып шын ниетпен жерде жұмыс істеп жүрген азаматтарға жалға берейік де үстінен қосымша салық қойыңыздар сол азаматтар кытайдың істегенін ол да істей алардеп сенем , әйтпесе біздің халық не өзіне жоқ не көршісін көре алмай бір біріне сазарып отыр , сондықтан жер иесі өкмет болу тиіс деп ойлаймын жәнеде бұрынғы аграрлық жоспарларды көтеріп әр ауданға өзі өндіретін өнімдеріне жоспарлату керек ,сонда елде тыныш жерде тыныш болар әйтпесе миллиондаған өкмет қаржысын өтірік далаға шашып отыр кейбір әкімдер игерілмей жатқан жерге игерілуде деп қаржы бөлумен мәз мәйрәм болып , сондықтан біраз аттан түсіп кішкене жермен жүріп көріңіздер халық өздеріңізбен болат әитпесе ауылда интернет тұрмақ кейбіреуіде ұялы телофоны жоқ сіздермен хабарласатын , ал қалада болып жатқан митингдеріңіз біреудің құр долбасасы жерден не өндіру керектігінде білмейтін, назар аударғандарыңызға рахмет!!!

    1. Құрметті Қайрат Әулейсұлы!
      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы өкімімен Жер реформасы бойынша Комиссия құрылған. Сол Комиссия құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, біріккен ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ғалымдар мен қоғам белсенділері кірген және ол 75 мүшеден тұрады.
      Келіп түскен ұсыныстар Комиссияның мүшелеріне жолданады.
      Осы орайда, Сіздің жолдаған ұсынысыңыз Комиссия мүшелерінің назарына жолданатын болады.

  37. Осы аталған жер учаскелерінің ішінен көлемі 150,0 га жерге №19-298-010-720 санды және көлемі 593,0 га жерге №19-298-010-720 санды кадастрлық істерге рәсімделіп, қағаз тасығышқа (дежурная картаға) орналастырып, ЖерҒӨО» РМК ОҚФ Төлеби аудандық бөлімшесі тарапынан сәйкестендіру актісі басылған. Алайда, Төлеби ауданының жер жұмыстарын жүргізуді және сәйкестендіру актісін,беру мерзімдерін тиісті түрде бақыламай, жер учаскесіне уақытша жер пайдалану құқығын беретін актілерін өз уақытысында табысталмаған.
    Осы аталған сәйкестендіру актілері біріңғай мемлекеттік жерлердің тізіміне енгізіліп, мемлекеттік есепке алынған.
    Төлеби ауданы әкіміндігінің 16.10.2007 жылғы №652 санды қаулысы негізінде, азамат Абилгазиев Нұрбол Кеимбековичке Алатау а/о қарасты ауданның арнайы жер телімі қорынаң алынып, 1,2 га жайылымдық жер телімі алынып, демалыс аймағының құрылысы үшін 3жыл ұзартылған мерзіммен жеке меншік құқығымен сатып берілген. Осы қаулыға зерделеу барысында келесі мән-жайлар анықталды.
    Аталған жер учаскесіне рәсімделген №19-298-010-731 санды жер кадастрлық ісіне тіркелген құжаттарға сәйкес, азамат Н. Абилгазиевтің 1,2 га жері «Игілік» СТК-ң кадастрлық №19-298-010-720 санды жер учаскесінің үстінен қабатастыра рәсімделген.
    Жоғарыда көрсетілген Төлеби ауданы әкімдігінің 16.10.2007 жылғы №652 санды қаулысында табысталудағы жер учаскесі «Игілік» СТК-ң жер пайдалануында болғандығын ескерсек, онда ол жерлер ауданың арнайы жер қорында болмаған.
    Сонымен қатар «Игілік» СТК -не жер учаскесін табыстау туралы Төлеби ауданы әкімдігінің 05.06.2006 жылғы №323 санды қаулысындағы, жалпы көлемі 4094 га жер учаскесі Алатау елді мекеніне қарасты ортақ пайдаланудағы жайылым жерден берілген.
    Алайда,Төлеби ауданы әкімдігі өз құзыретіне кірмейтін,елді мекеннің ортақ пайдалануындағы жайылым жерінен және ортақ пайдаланудағы жер құрамынан шығармай,жер учаскесін жеке меншік құқығымен азамат Н.Абилгазиевке табысталған.
    Осыған ұқсас жағдайлар Төлеби ауданы әкімдігінің 10.04.2005 жылғы №283 санды қаулысында орын алған. Аталған қаулымен азамат С.Оңғаровқа «Көктерек» ӨК-ві жерінен 27,41 га оның ішінде, тәлімі егістік жер,14,69 жайылым жер шаруа қожалығын жургізу үшін 49жылға жалға берілген.
    Осы аталған жер учаскесіне рәсімделген №19-298-010-922 санды жер кадастрлық іске тіркелген құжаттарға сәйкес, «Көктерек» ӨК -ві тарапынан, бөлінген жер үлестерінің сызбасы бойынша жер участкелері мүлдем басқа,бұрынғы «Игілік» СТК-ң шабындық жеріне орналастырған. Ал,Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы А.Сейтқұлов жерге орналастыру жобасын және жер кадастрлық ісіне тіркелген құжаттарды заң талаптарын бұза отырып бекіткен.
    Өз кезегінде, Төле би ауданы әкімдігінің 10.09.2008 жылғы №376 санды қаулысы негізінде азамат Шинибеков Абай Амирсейтович шаруа қожалығын жүргізу үшін, Алатау а/о орналасқан «Көктерек» ӨК жерінен улесі есебінен тиесілі жалпы көлемі 13,21 га жер,оның ішінде,6,12 га тәлімі егістік жер үлесіне сәйкес 49 жылға ұзақ мерзімге өтеулі жер пайдалану құқығымен жалға берілген. Аталған жер учаскелеріне,кадастрлық №19-298-010-737 және 738 санды іс-құжаттары рәсімделген.Осы кадастрлық №19-298-010-737 санды жалпы көлімі 5,36га жер учаскесі жоғарыда көрсетілген кадастрлық №19-298-010-721 санды «Игілік» СТК-ң жеріне қабаттастыра орналастырып,заң бұзушылық орын алған.
    Төлеби ауданы әкімдігінің 27.07.2011 жылғы №303 санды қаулысы негізінде, «Игілік» СТК-нің Алатау елді мекенінде орналасқан жалпы көлемі 4094,0 га жайылым жер учаскесін ұзақ мерзімді 15 жылға жалға беру туралы аудан әкімдігінің 02.06.2006 жылғы №323 қаулысының күші жойылды деп таныған.
    Осы қаулыда,Төлеби ауданың жер қатынастары бөлімінің 22.07.2011 жылғы №329 санды ұсыныс хатын негізінде алғандығы көрсетілген. Алайда,аталған ұсыныс хатта күшін жоюға негіз болатын дәлелді себептер жоқ «Аудан әкімдігінің «Игілік» СТК-не жер учаскесін беру туралы 05.06.2006 жылға №232 қаулысының күшін жоюыңызды сұраймыз» деп көрсетілген. Басқа негіз болатын себептер көрсетілмеген.
    Қазақстан Республикасы Жоғары сотының 2007жылғы 16 шілдедегі «Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы» №6 Нормативтін қаулысының 8 тармағының 3 абзатцына: соттар, атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы өз шешімін онда көрсетілген талаптар орындалғанға дейін,мәселен,тұлға жер учаскесіне Мемлекеттік акті алғанға дейін,өзгертуді жою мүмкін екендігі көрсетілген.
    Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, Төлеби ауданы әкімдігі мен Толеби ауданы жер қатынастары бөлімі тарапынан «Игілік» СТК-ға жер беру туралы қаулысының күші жойылмай жатып, үстінен қабаттастыра отырып басқа тұлғаларға жер телімдерін табыстау фактілерін жасыру мүмкіндігі заң талаптарын бұза отырып, жерге сәйкестендіру актісі рәсімделгендігіне қарамастан,негізсіз жер учаскесін табыстау туралы қаулының күшін жою деп пайымдаймыз.
    Анықталған заң бұзушылықтарды жою және жауапты мамандардың жауапкершілігін қарау мақстында Төлеби ауданы әкімдігіне хат жолданды.
    Қ.Р Жер колексінің 164-1 бабына сәйкс, жер учаскесінің меншік исі келмесе, жер пайдаланушы жер учаскесін бөгденің заңсыз иеленуінен қайтаруды талап етуге құқылы.
    Қ.Р Азаматтық кодексінің 265 бабына және Қ.Р жер кодексінің 265 бабына және Қ.Р жер кодексінің 167 бабына сәкес, «Игілік» СТК-сі өз құқықтарын қорғау мақстында сот органдарына жүгінуге құқылы екендігін тусіндіреміз деп ОҚО аумақтық жер инспекциясының басшысы Ө.Панзарбек хат жолдайды.Жолданған хат осы уақытқа дейін жасырынып, қараусыз қалған. Сол себептен 28.10.2015 жылы облыс әкіміне Б. Атамқұловқа және облыс прокуроры И. Ә. Имановқа жолдаған болатынбыз. Аталған мырзалар бақылауменен Төле би ауданы жер қатынастар бөліміне және Төле би ауданы прокуратурасына жолдаған екен. Нәтижесінде бақылау менен жұмыс жүргізіп жатыр бірақ бізге әлі толық мәлімет жауап алған жоқпыз. Оның есесіне біз күдікті деген жер сатқан адамдар түрлі қоқанлоқылық сөздер айтып өзімізді қорқытпақшы сол себептен 19.09.2015 жылы Игілік СТК-на жалпы жиналысында қаралған бірінші мәселесі бойынша орынбасар және кеңесші басқарма мүшелері мен олардың көмекшілері сайланған болатын. Өзімнің және осы азаматтардың жеке қауіпсіздігіміз үшін және олардың отбасыларының қауіпсіздігі үшін жеке бақылауда ұстауларыңызды қажет болған жағдайда қорғауларыңызды сұранамыз. Ол азаматтар мыналар:
    1. Игілік СТК-ның төрағасы Ибрагимов Ғалымжан Тағайбекұлы
    2. Орынбасары Кемешов Сапарғали Қайнар елді мекені
    3. Иглік СТК-ң заңгері Тәліпбаев Абай
    және менің алдымда Игілік СТК-нің төраға қыземтін атқарған Тәліпбаев Болаттың және басқарма мүшелері және көмекшілері:
    4. Қайнар елді мекені Байтұрсын Ұзақбай
    5. Көмекші Шадияров Амалжол Нысанбек елді мекені
    6. Мұсаев Омархан көмекшісі Оразбаев Мимахан
    7. Байтасов Мейірбек көмекшісі Абдыханов Мұрат Алатау елді мекені
    8. Төлендиев Ақтай көмекшісі Қыдыралиев Досым Тасарық елді мекені
    9. Үсіпов Қамыт көмекшісі Нұсқабаев Ғалым
    10. Шұбар ағаш елді мекені Абдыхан Мұстафа көмекшісі Зиябек Ералхан
    11. Біркөлік елді мекені Керімбеков Мүтәлі көмекшісі Өтегенов Манап
    12. Ақ мешіт ж\е Біркөлік елді мекені Көшенов Қуат көмекшісі Тұңғышбаев Мұсағали
    13. Қорған елді мекені Сәлімқұлов Махмұт көмекшісі Ташметов Ығаламқадір
    14. Медетов Исағали көмекшісі Дүйсенбеков Спабек
    осы азаматтарға және маған жақтас болып жүргендердің жеке қауіпсіздіктерін қадағалап бақылауда қажет болған жағдайда қорғауға алуларыңызды сұранамын.
    Бұл тексеріс нәтиежесі мәлім болғаны 5.06.2006 жылы №323 санды қаулысы негізінде аудан әкімі М.Әлиев «Игілік» СТК-на Алатау елді мекеніне қарасты ортақ пайдалымдағы жайылымдық жердің жалпы көлемі жер ұзақ мерзімде 15жыл жалға пайдалану құқығымен берілген. Осы қаулының негізінде мемлекеттік актілер жасалып мемлекет есебіне алынған.Осы актілерге және қаулыға көзді жұма қарап заңды бұзып қабаттарстыра жеке адамдарға құжаттар жасап тапсырған осындай ұқсас заң бұзушылықтар Алатау округінгің барлық жайылымдық жерлерінде анықталған, толығымен анығын артына тіркеп көрсетеміз. Бір сөзбен айтқанда Алатау ауыл округінен берілген «Игілік» СТК-ның заңды құқығын аудан әкімшілігі тарапынан бұзған. Атап айтқанда сол кездегі Төлеби ауданы жер кадастрінің меңгерушісі Т.Жеткеров 849,40га, жоғарыда көрсетілген 4 мемлекеттік актілері алынған болатын. Т.Жеткеров мырза «Алынған мемлекеттік актілерді Әділет басқармасына тіркеймін» деп қолдарына табыстамай 5жылға дейн алдап созып жүрген. Осы аралықта № 298010719, № 298010720, №298010721, № 298010722 мемлекеттік актісінен 550га жер кеміген. Онын есебін Шұбарағаш елдімекенінің шабындық және жайылымдық жерін жылжытып орналастырған. Осыны көрген халық және ауыл ақсақалдар мен ардагерлер кеңес төреағалары құзырлы органдарға шағымданып әділеттік іздеп жүргенде әкімшілік өз тараптарынан бұзылған заңсыздықтарды жабу үшін, жерді әкімшілік қорына қайтарып алды, әкімшілік тарапынан жасалған қаулысын, шешімін бұзып, өздерінің жерлерін бөгде адамдарға сатып жатқанын,көрген халық толыққанды барлық елді мекендерге Мемлекеттік актіге ақша жинауға кедергі болып, мемлекеттік акті алу созылады. Осыны пайдаланған әкімшілік тарапындағы қызыметтегі құзырлы азаматтар өздері тарапынан заң бұзушылықтары ашкере болмау үшін 2011жылғы 27 шілдедеде №303 санды қаулысы негізінде «Игілік» СТК-ның Алатау елді мекенінде орналасқан 4094га жайылымдық жер учаскесін ұзақ мерзімде 15жылға жалға беру туралы аудан әкімдігінің 05.06.2006 жылғы №323 нөмерлі қаулысы жойылды деп танылған.
    Төлеби ауданың әкімдігінің 27.07.2011жылғы №303 санды қаулысы негізінде «Игілік» СТК-ның Алатау елді мекеніңде орналасқан жалпы көлемі 4094 га қаулысы мен мәжбүрлеп алып ауданның арнайы жер қорына иесіз мүлік ретінде есепке алынған. Жер учаскасы бір жыл толуына байланысты ауданның арнайы жер қоры құрамына алынды-деп жауап қатады аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев.
    Алайда бір жыл толмай жатып, арыз-талап протестері жазылғанын көрсетеміз. Қ.Р заңына сәйкес заңсыз мәжбүрлеп алынған жер бір жыл ешкім қайтару жөнінде арыз, талап, протест жазып,іздеп келмеген жағдайда, ауданың арнайы жер қорына өтеді. Алайда біз Төлеби ауданы Алатау ауыл округінің Шұбар-ағаш елді мекенінің СТК «Игілік» мүшелерінің ж/е Ғ.Ибрагимовтың 20.07.2012 жылы ЖТ-Ұж-1663 нөмірімен тіркелген протест арыз талаптарына, оның алдында Төле би ауданы Алатау ауыл округінің ақсақалдар төрағалары А.Сақыбаев, Т.Жетібаев, Қ.Нұсқабаев Төлеби ауданың әкімшілік апаратына 17.05.2012жылы Т-177 нөмірімен тіркелген арыз-талап протестерін елемей,көз жұма қарап, заңды бұзып «Игілік» СТК-ның пайдалануында болған жайылымдық жер учаскесі аудан әкімдігінің 27.07.2011жылғы 303нөмірлі қаулысы негізінде ауданның арнайы жер қорына алынған болатын.
    Осы ауданның арнайы жер қорына алынған жер учаскесіне бір жыл толғанан кейін, яғни үстіміздегі жылдың 27-ші шілдесінен кейін,аталған жер учаскесі Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 48 бабының 1-тармағының талаптарына 06тарапынан 27.07.2011 жылы №303санды қаулысын өз әкімшілік тарапынан заң бұзушылық орын алып,шығарылған қаулы бұзылды деп айтуға болады.
    Алайда заңсыз 1212 га жерді алып қалып,бірлескен бұйрықтарына сәйкес және аудандық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, жер учаскелерін жалға беру конкурстарын ұйымдастыру жөніндегі, Төлеби аудандық комиссиясының 2013 жылғы 09қаңтардағы №2 қорытынды хаттамасы негізінде аудан әкімдігі қаулы етеді.
    1.Аудандық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, жалға беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп, табылған «Игілік» селолық тұтыну кооперативіне Алатау ауылдық округіне қарасты ауданның арнайы жер қоры құрамынан жалпы көлемі 2882,0 гектар жайылым жер учаскесін 16.01.2013 жылғы №1 жер учаскесін жалға беру шарты негізінде 49жылға ұзақ мерзімге өтеулі уақытша жерді пайдалану құқығымен жалға берілсін.
    2.Бөлінетін жер учаскесінің құқығы иеліктен шығармасын, өтеулі уақытша жер пайдалану құқығы түрінде белгіленсін.Төлеби ауданының әкімділігін қаулысын негізінде 2882,0 гектар жерге мемлекеттік акт алынды. Ал 05.06.2006 жылғы №323 нөмірлі қаулысы негізінде СТК»Игілік»-ке 4094 га жер учаскесі берілген болатын. Арасында 1212 гектар жер толық қайтарылмады. Жоғарыда көрсетілгендей ОҚО жер инспекциясының тарапында тексеру қорытындысы негізінде заңсыз қайтарып алған деп көрсетеді.
    Жоғарыдағы аталған, көрсетілген жайылымдық жерлер аталарымыздың, апаларымыздың, әкелерімізбен,шешелеріміздің одан қалса өзіміздің колхоз совхоз құралғалы бері еңбегіне тиген пай жер үлесі емес пе. Қазіргі таңда алып қалған 1212 гектар жер 05.06.2006жылдан бастап шешім Алатау ауыл округінен 40 шақты азаматтардың атына шешімдер шығып, мемлекеттік актілер берілген. Оның кейбіреуінің Алатау округіне ешқандай қатысы жоқ. Ал біреулердің атына құжаттар жасап, заңсыз ірі кәсіпкерлерге, сатып отырған. Атап айтқанда Шұбар-ағаш, Алатау елді мекені тұрғындары және СТК «Игілік»-тің мүшелерінің атынан заңсыз құжаттар жасап сатқан адамдарды білмейді. Олар өз жерлерін СТК «Игілік»-тің құрамына тапсырған, және сол «Игілік» СТК-ның құрамында тұр деп жүр. Заң жүзінде жерлерін сату үшін алдыменен «Игілік» СТК-ның төреағасының атына арыз жазып, СТК-дан пайын алып шығу жөнінде жиналыс өткізіліп, жалпы жиналыстың қорытындысы бойынша, белгілі болады. «Игілік» СТК төреағасы атына шығу туралы арыз түскен емес, ешқандай жалпы шығу туралы жиналыста өткізілмеген. «Игілік СТК-ның» құрамындағы мүшелерінің атынан заңсыз құжаттар жасап, заңсыз алынып қалынған. 1212га жердін, жоғарыда көрсетілген мынау мемлекеттік актілерін үстінен № 298010719, № 298010720, №298010721, № 298010722 «Изуми» фирмасына сатқан. Атап айтқанда келесі азаматтардың атынан Жұманов Серік 8г. 6 соттық, Юсупов Жаппар 17г.43 соттық, Тезепов Ержан 3г.8 соттық, Оңғаров Сұлтан 14г.69 соттық, Райымбаев Оразалы 9г.36 соттық Нуриддинов Сережеддин 3г. Алдабергенов Камал 1,2га өзге адамның атынан алып сатқан. «Изуми» фирмасынын директерінің атына Ералиев Өмірәлі 12га, Жолсейітов Нұрғали 13 га, Аукцион арқылы. Және де басқа азаматтар анықталу үстінде, артынан қосымша тапсырамыз, бұлардың түсініктемелері бар. Алайда біздің атымыздан заңсыз құжаттар жасап сатқан адамдарды заң алдында жауапқа тартып, моралдық материалдық төлем ақы төлеп, жерлерімізді орнына қоюын талап етеміз, деп жазылған. Кейінгі кезде Райымбаев Оразалы мен Оңғаров Сұлтанға делдал болып жүрген Беркінбаев Нұрбосын есімді Қайнар елдімекенінің тұрғыны, біріншісінің қайнағасы, екіншісі күйеу баласы болып келеді. Содан өте алмастан арызымды қайтып бер, менің жерім бар екен деп жалған айтуда. Бірақ олардың берген арыз көшірмесі артынан тіркелген. Олар жерлерін алып басқа біреуге сату үшін «Игілік СТК-ның» заңды түрде арыз жазып келіп көпшіліктің және СТК төрағасының келісімін алмай заңсыз шығып заңсыз сатып отыр. Бұл заң бұзушылыққа жатады.
    Осы аталған азаматтардын атынан, әкімшілік тарапынан,жер қатынастар тарапынан кадастрлік сызба жұмыстары жүргізіліп, Мемлекеттік актілер табысталып, сатылған. Осының шегіне жете алар емеспіз. Бір белгілі болғаны сол кездегі 2006жылдардағы Төлеби ауданы жер кадастр бөлімінің меңгерушісі Т.Жеткеров іс-әрекетімен 14,69 Оңғаров Сұлтанның атына шыққан жерді және Шыныбеков Абай деген Беркінбаев Нұрбосыннын құдасы қазіргі таңда қайтыс болған. Н. Беркінбаев өз атына сенім хат істетіп өз атына аударып,Беркінбаев Нұралыға сатқан. Анық қанығын ЖерҒӨО» РМК ОҚФ жіберілген жауап хатын артына тіркейміз. СТК «Игілік»-тің мемлекеттік акт алып қойған №298010721 нөмерлі жерінен қабаттастыра, құжат жасаған,артынан арызданғанымызда, Оңғаров Сұлтан жерін қайтарып алып, Алатау елді-мекенінін жайылымдық жеріне қостым деп, тіл хат берген. Алайда Оңғаров Сұлтаның атына берілген 14,69 га Шұбар-ағаш елдімекені мен Қос-ағаш елдімекенінің ортасында орналасып тұр. «Игілік» мүшелері мен және төреағасымен барып сұрағанымызда,өзге азаматтар сияқты бұлда мен жерімді қайтарып алып қойғанмын, менің жерім Алатаудын жайылымдық жерінің құрамында деп, өзіде арыз жазып берді. Алайда қазіргі таңда Беркінбаев Нұрбосын қайын ағасынаң шыға алмай отыр. Осыларды және басқаларын жақсылап тексеріп,заңға тартып жерді қайтаруларыңызды сұранамыз. Қазіргі танда ірі кәсіпкерлер атап айтқанда «Изуми» фирмасы 100гектартан астам жер алып оның жан-жағын қоршап, біздің жерлерімізден жол салып ағаштарымызға, шабындық жерлерімізді заңсыз тегістеп,ор қазып су өткілдерімізді,жайылым өткілдерімізді жауып, малымыз орға түсіп шабындық жерлеріміз жолға айналып ,одан басқа өзі заңсыз алған жерінен басқа «Игілік» СТК-ның заңды жерінін де қоршап, ауылшаруашылығымен айналысу мақсатында заңсыз алынған жерлерді, қазіргі таңда саяжайлық жер учаскесі ретінде қалталы азамттарға заңсыз сатып жатыр.
    Неге бұлай еттін?-деп сұрасақ. Бір жұмысшы әңгімесінде: «Ақыры әкімдерін сатады ғой, алдың ала қоршай берейін» деп жауап катты,басшысы-дейді. Сорақысы Біркөлік елді мекенінің ішінде «Изуми» фирмасының ғимараты біздің ата-бабамыз жатқан мазараттың жанында салынған.Заң бойынша 25-30 метр қашықта болу керек емес пе? Және Алатау ауыл округіне қарасты Шұбарағаш елдімекенінде орналасқан «Көктерек» әулие атты тарихи мәдени маңызы бар жерден 16.09.2012 жылы 5га жер елмен ақылдаспай аукцион арқылы сатылып кеткен. Елдің ашу-ызасын келтіруде. Неге аудан әкімшілігі бір жерді берер кезде,зерттеп, анықтап алмай бере береді?
    Осындай заң бұзушылықпен бірге Қосағаш, Қорған елдімекендеріне өтетін су тасымалдайтын құбырларымызды жақын қоршап, оларды жөндеп су тасымалдауға ешқандай мүмкіншілік бермей отыр, осыған ұқсас жекеге сатып алған азаматтар жайылымдық шабындық жерге өтетін жолдарымызды бекітіп отыр. Өзен бойларына тақап,демалыс орындарын ашып, шомылатын хаустар жасап,шыққан суларын,нәжістерін өзенге ағызып жатыр. Осылайша анти-санитарияға жол беріп отыр. Заң бойынша өзен көлдерден, ғимараттар демалыс орындары 25-30 метр қашықтықта, Апат болған жағдайда қауіпсіз болатын деп көрсетеді. Осындай заң бұзушылыққа баруларының себебі аудан әкімшілігінең берілген шешімдермен, мемлекеттік актілердің күші деп білеміз.
    Осындай жағдай Алатау округіне қарасты Қайнар елдімекенінде, Нысанбек елді мекенінде жайылымға шығатын жолдарды «Береке» корпорациясы әкімшілік арқылы алған жерлерін жауып,жайылымға шығатын жол жабылып отыр. Осындай келеңсіз жағдайлар ауыл тұрғындарының мал мен күндерін көріп отырғанын ескерсеңіздер. Заңсыз талан-таражға түсіп жатқан жерлерімізді өз иеліктерімізге қайтарып берсеніздер. ОҚО мелекеттік жер инспекциясының заңды тексеру қорытындысы негізінде 4094гектар жеріміз СТК «Игілік» қайтарылады, деп көрсеткен.Осыған сүйене отырып, заң бұзғандар заң алдында жауап берсе деп, Ауыл ақсақалдары,ардагерлер кеңесінің төрағалары және заңды құқықтары бұзылған жергілікті халықтын атынан арыз талап жазып отыр. Біздің талаптар орындалмаған жағдайда Мемлекеттік жоғары сот орындарына және де жоғары лауазымды мемлекеттік органдарға шағымданамыз. Заңды шешімін табуын сұранған болатынбыз. Алайда, тиісті нәтиже болмаған соң жоғарыда жазылғанға қарай отырып ОҚО прокуратурасына 27.10.2015 жылы №2-1215-15-03232 тіркелген арыз «Игілік СТК» және халықтың атынан тіркелген СТК төрағасы Ғ. Ибрагимовтың және осы мезетте ОҚО-ның әкімі Б. Атамқұловқа жазған болатынбыз. Обл. прокуратурадағы арымыз бойынша Төлеби ауданының прокуратурасының көмекші прокуроры Нышанов Е. тергеу тексеру жұмыстарын жүргізуде тексеру нәтижесінде 18.01.2013 жылы №53 сандық қаулысымен Алатау ауыл округінде конкурс ретінде «Игілік» СТК-на 2882 гектар жер телімі ұзақ мерзімде пайдалану құқығымен 49 жылға жалға «Игілік» СТК тиесілі болған 4094 га жерді мемлекет меншігіне қайтарып 18.01.2013 жылы №53 санды қаулы мен қайта 2882 га 0 га-ны жерді «Игілік» СТК табыстау кезінде негізсіз жер қорында қалдырып 1212 га жер ауданының арнайы жер қорында қалған. Осы қалған 1212 га жерді әкімдікпен өзге азаматтарға табысталуы салдарынан «Игілік» СТК-ға тиесілі болған жайылымдық жерлердік кемуі-деп жауап берді. Бұдан бөлек Төлеби ауданы әкімдігінің 11.01.2002 жылғы №71 қаулысымен азамат Тезеков Ержанға «Көктерек» ОК-нің (Игілік) жер үлесі есебінен табысталған 3,08 га жайылым жер телім (кадастр №19-298-010-793) 08.01.2013 жылғы азамат Н. Жолсейтов пен сатып алып О. Ералиев арасында түзілген сату-сатып алу келісім шартына сәйкес Ө. Ералиевке сатылғаны, ал өз кезегінде бұл мән-жайлар жөнінде жер иесі Е. Тезеков мүлдем бейхабар екені анықталды.
    Осыған орай, тексеру нәтижесімен Е. Тезековке тиесілі 3,08 га жер учаскелік заңсыз алаяқтық жолмен жалған құжаттар негізінде рәсімідеу фактісі аудандық прокуратурасының АЕК-на ҚР ҚК-нің 190 бабы 1бөлігімен тіркеліп жинақталған құжаттар бойынша сотқа дейінге тергеп-тексеру жүргізу үшін Төлеби АТБ-ке жолданды, сонымен қатар «Игілік» СТК-ға тиесілі жер учаскелеріне қайта түгендеу жұмыстарын жүргізу және СТК-ға тиесілі болған жерлердің өзге азаматттарға табысталу заңдылығына баға беру арқылы заң бұзушылықтарды жою туралы Төлеби аудан әкімдігіне ұсыныс енгізілген хабарлаймын. Ал ОҚО әкімдігіне жазылған арыз бойынша 24.11.2015 жылы №01-14\47-44 ОҚО жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқарамасының басшысы Тұрбеков С., орындаушысы Ж. Мустакимовада тексере отырып аудан прокурорының көмекші тексерушісі Е. Нышановтың орындаушысымен тексерілген аудан прокуроры Қ. Елшібаевтың қадағалау мен тексеру қорытындысына қарап, тексеріп өзі де осыған шағаналас жауап берді. Оған қоса ҚР Жер кодексінің 147 бабы 1-1 тармағының талабына сәйкес заң бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдана отырып, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңанмасы саласындағы қабылданған шешімдерінің заңдылығына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу орталық уәкілетті органының құзырына берілген.
    Осыған байланысты зерттеу жұмыстарының барысында анықталған мән-жайлар бойынша тексеру жүргізу үшін жинақталған құжаттар сіздің аразыңызбен бірге басқарманың 24.11.2015 жылғы №10-14\4738 хатымен ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері және жер ресустарын басқару комитетіне жалданды.
    Бұдан бөлек, зерттеу, жұмыстарының барысында осы мағыналас арызыңыз бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесі бойынша арызда көрсетілген алаяқтық жолмен жер учаскелерін заңсыз рәсімдеген азаматтарға АЕК-на ҚР ҚК-нің 190 бабы 1 бөлігімен жинақталған құжаттар аудан прокуратурасынан сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізу үшін Төлеби АІІБ-не жолданғандығы «Игілік» СТК-ға тиесілі жер учаскелеріне қайта түгендеу жұмыстарын жүргізу жөнінде Төлеби ауданы әкімдігіне ұсыныс енгізілгендігі белгілі болды. ОҚО прокуратурасы бақылаумен Төлеби аудандық әкімі аппаратының лауазымы тұлғалары 16.05.2006 жылдан бері өз қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып «Игілік» СТК-ның жерін талан таражға салып, жеке тұлғаларға сатып отырғаны жөнінде жазған арызыңыз тергеуі бойынша ҚР ҚПҚ-нің 186 бабы 1 бөлігі 2 тармағына сәйкес ОҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл Департаментінің Сайрам аймағы бойынша ауданаралық Басқармасына жолданған хабарлаймын деп көрсетеді. Ал ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің Сайрам аймағы бойынша ауданаралық басқармасының бастығы М. Махадмлов Шығыс хаты №16\19-6-801 11.12.2015 жылы ОҚО жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы С. Тұрбековке жіберген туралы былай деп баяндайды.
    Сізге, ҚР ҚПК-нің 181-бабының талаптарының негізінде азамат Ғ. Ибраимовтың арызы негізінен қарау үшін жолданады.
    Тексеру нәтижесі жөнінде арызданушыға және лауазымды тұлғаларға қатысты заң бұзушылықтар анықталған жағдайда Басқармаға хабарлауыңызды сұраймын деп жолдаған ОҚО жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы С. Тұрбековке жіберілген басқарма басшысының басшысы С. Тұрбековке жіберілген басқарма басшысының орынбасары А. Мырзаев орындаушысы Бектас Мұзаппаров №7-3607 30.12.2015 ж. ОҚО Төлеби ауданы әкімшілігін жер қатынастар бөлімін тексере отырып аудан әкімдігінің орынбасары, орындаушысы Б. Жансеитовтың берген хатындағы жауабы.
    Алатау ауылдық округі әкімінің 31.12.2012 жылы №49-і ұсынысы негізінде Алатау ауылдық округі аймағынан 2882,0 гектар жайылым жер конкурсқа ұсынылған соған сәйкес тиісті сызбалары жасалып аудан әкімдігінің 02.11.2012 жылғы №476 қаулысы бойынша конкурстарда жалға ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесі бекітілген ҚР Үкіметінің 13.11.2003 жылғы №1140 қаулысы негізінде конкурс ісіне асырылған. Сол конкурс нәтижесі бойынша «Игілік» СТК-на 18.01.2013 жылы №53 қаулысымен 2882,0 гектар жер ұзақ мерзімді өтеулі уақытша жерді пайдалану құқығымен жалға берілген.
    Жоғарыда айтылғанының негізінде Ғ. Ибраимовтың «Игілік» СТК-ның 1212,0 гектар жерін заңсыз таратты деген негізсіз деп жауап қатады аудан әкімінің орынбасары С. Дүйсебаев орындаушысы Б. Жакипов.
    Осыны негізге ала отыры ОҚО жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысының атына берген жауабы негізінде орындаушысы Бектас Мұзаппаров «Игілік» СТК төрағасына және не болмаса мүшелеріне жолықпай осы жоғарыда көрсетілген негізінде жауап қатады. Алайда бұл тірлік мүлдем басқаша ғой жоғарыда жазылған прокурордың көмекшісі бұл лауазымды тұлғаларды тергеуге, тексеруге жалған ақпарат берген үшін тексеріске араластырмай бейтарап комиссия құрып, ал бұлар жалған ақпарат бергендері үшін корупцияға жол бергені үшін жауапқа тартуларыңызды сұранамыз. Өйткені еш нәтиже болмаған соң №38 02\115 19.04.2016 жылы ОҚО жер инспекциясының басқармасы мемелекеттік мекемесінен біздің берген ҚР Нұр Отан партиясына жазған арызымыз негізінде келіп тексерген Төлеби аудандық жер қатынастар бөлімінің басқарма мүшесі М. Әлібеков орындаған
    Ә. Мырзалиевтің бақылауымен инспекторы Т. Жунисов жіберіліп СТК төрағасы
    Ғ. Ибраимовпен хабарласып, бірге тексеріске барасындар деп хабарласқан болатын. Облыстан келген жер инспекторы жер қатынастары бөлімі басшысы Төлеби ауданы бойынша Б. Жакиповтың қатысуыменен «Игілік» СТК қатысты құжаттар тексерілді. Нәтижесі бастапқы прокурордың берген жауабымен бірдей болды. Бұл жауапты қайталап ҚР Ұлттық экономика министрлігі құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне жіберіңіз деп қолыма тапсырды. Ал мені және облыстан келген комиссия инспекторын Т. Жунисов және Б. Жакиповты және Пралиев Абай деген азаматтың көзінше тексеріс нәтижесінде әкеліңдер деп С. Дүйсебаев аудан әкімінің орынбасары өз кабинетіне шақырды. Осы азаматтардың көзінше маған «Игілік» СТК төрағасына Ғ. Ибрагимовке облыстан келген жер инспекторына ешқандай (претензия) жоқ деп қарсылық көрсетпеймін деп, қол қойып бер деп дауыс көтерді. Мен оған не үішн қол қоюым керек? Халықтың игілігіндегі СТК-ның жерін бастапқыда бізде болған СТК-ның 1212 га жерінен кетіп отырғой. Жер қайтарылмаса мен қол қойып бермеймін дедім. Ондай болса бос қалған 1212 га ішіндегі 550 га жерді де СТК-ға бергізбеймін деді. Сотпен қайтып жатқан жерлерді де бермейміз. Сол алған камерцанттардың өзіне және басқа да азаматтарға аукционға қойып өздеріне ұтқызып береміз. Ал сендердің СТК-ларында тарқатып жібереміз өздерінің үстерінен арыз ұйымдастырып, қаңғыртып жібереміз деді. Біз олай болса біз сіздердің үстеріңізден ҚР Бас прокурорына арыз жазып корупция қозғатамыз дедім. С. Дүйсебаев аудан әкімінің орынбасары жазбаған жерлерің қалмады ғой Назарбаевтан басқасының бәріне жаздыңдар ғой қолдарыңнан не келіп жатыр деп дауыс көтерді. Соған байланысты С. Дүйсебаев аудан әкімінің орынбасары аудан прокуратурасында және ауданның ішкі істер бөлімінде тергеліп жатқан Қайнар елді мекен Нұрбос Беркімбаев және Үсіпбеков Нәлібайды осы қатарды бірнеше қатарды оған қоса Алтау округінің әкімі Ешімбетов Болысбекті Алатау ауыл округінде жаңадан сайланған депутаты Әшірбеков Қанайды Көктерек өндіріс коперативінің төрғасы Байсапаров Бөкенді халлыққа қарсы ұйымдастырып жер сатқандардың қылмысын жабу мақсатында іс-әрекет ұйымдастырып үстімізге жала жапты. Бұл азаматтар бірнеше адамдарды ұйымдастырып ол азаматтар бізге сенімсіздік білдіріп неше түрлі әңгімелер айтты. СТК-ның жерін халыққа бөліп аламыз деп және біздің үстімізден бірнеше адамдарды ұйымдастырып астыртын арыз жазып азамматарға арызға жалған жазып, жала жауып қол қойдырып жатқаны мәлім болды. Бұл тірлік бұрын алдында да біздің бастапқы болған 4094 га жерімізді 2006-2007 аралығында аудандық кадастр бөлімінің басшысы болған Т. Жеткеров және Н. Беркінбаев біздің мемлекеттік актіміздің үстіне қабаттастыра акт жасап жерді мақсатсық пайдалану деп ауданның арнайы қорына алып қойған болатын.
    Е. Нышановтың тексеру нәтижесі бойынша аудандық ішкі істер бөліміне жіберіліп, тексеріліп, тергеліп Тезеков Ержанға қатысты құжаттар негізі рәсімделгені жөнінде бейхабар болғаны және бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып ОҚО ішкі істер бөліміне жіберілгендігі осыған мағыналас Жуманов Серіктің істері тергеліп аудан прокуроры Қ. Елшібаев бақылауы менен бірнеше ондаған күннен күнге қосылып жатқан фактілер бойынша аудандық прокурор кееңесші тергеушісі Е. Нышановтың тергеуге үлгере алмай жатқандығы және Төлеби ауданының ішкі істер бөлімінің тергеушісі подполковнигі Құрманбаев Е.Қ. да үлгере алмай жатқандығына көзін жұма отырып аудан әкімінің орынбасарсы С. Дүйсебаев орындаушысы аудан әкімінің жер қатынастар бөлімінің басшысы Б. Жакипов «ешқандай негіз жооқ» — деп жауап берді. Тексеріліп, қылмыстық істер қозғалып корупцияға жол берген азаматтар үстіне іс қозғалып алаяқтармен бірге тергеліп жатқанда бұлардың лауазымды қызметкерлердің жауабы қылмысты жасыру және корупцияға жол беру деген емеспе. Бұдан басқа да Астанадан жер комитетінен келген Урумбаев С-ті бізге жолықтырмастан осыны жоғарыда берген жауабы мағыналас жауап беріп бізге жолықтырмай қайтарып жіберген және тексеру нәтижесі актімен шектелген.
    Мұндай лауазымда отырып тергеудің әділ және оның болуына кедергі келтіруде. Соның нәтижесінде СТК-ның 1212 га жері кеміп, сол дау дамай осы уақытқа дейін созылды. Сонда бұл қалай жердің заңсыз жолмен сатып, ақшаны бөлісіп, қалтасына басып тайраңдап жүре бере ма, ал халық болса малмен күн көріп отыр бұрынғыдай ауылда савхоздар мен калхоздағыдай жұмыс болса жоқ. халықтың ашу ызасын тигізіп, жайылымдар таралып, ал бұлар болса алаяқтармен бірігіп, жер сатып отырма? Неге жер сатқандарды анықтаудың орнына комиссияға претензиям жоқ қол қойып бер дейді? Әйтпесе өздеріне арыз ұйымдастырып СТК-ны тарқатып, жерді қайтарып алып қоямыз дейді. Осыған заң барма? Жоқпа? Менің өткізген арызды тексерушілер әділдігін шешіп беру мақсатында ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры
    А. Аубакиров мырза өзіңіздің бақылауыңызбенен бізідң кәсіпкерлік құқығымызды және адамгершілік құқықығымызды қорғау мақсатында әділ тексеру жүргізу үшін біз сізбен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының бас прокуроры Жақып Асановқа, Қазақстан Республикасының «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жне жер ресурстарын басқару комитетіне жіберуіңізді сұранамыз. Бұл мәселе бойынша 10 ай болды. Шешімін таппады. Осы көрсетілген мәселелер бойынша арнайы ОҚО Төлеби ауданы әкімдігін және Алатау ауыл округі әкімдігінде орын алған жайттарға байланысты Республика аумағынан қатысты комиссия құрып тексерулеріңізді кінәлі азаматтарды жауапқа тартып елдің жайылымдық және шабындық жерлерін өндіріс коперативтерді тексерткізіп халықтың мұң мұқтаждығын жер дауын шешіп берулеріңізді сұранамыз. Арыз иесі «Игілік» СТК мүшелері атынан және жергілікті халықтың атынан.

    «Игілік» СТК төрағасы Ғ. Ибрагимов
    87025448667

    1. Құрметті, Ғалымжан!
      Сіз жеке мәселеніңізді көрсетіпсіз.
      Осылайша, осы мәселеніңізге қатысты әкімдікке жүгінуіңіз қажет екенін хабарлаймыз.
      Осы орайда мән-жайларды анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін жазбаша түрде тиісті әкімдікке немесе Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне арыз берулеріңізді сұраймыз.

  38. Мен Жандарбаев Байталип Жандарбавич Алматы краласы 11 ыкшам ауданы 37 уй 35 патерде турамын.
    19-Наурыз 2009 жылы Алматы облысы Карасай ауданынан Райымбек ауылынын онтустик жагынан 0,1600 га жер учаскесин жеке тулгадан сатып алдым. Жердин санаты: Ауыл шаруашылык максатындагы жерлер. Жер учаскесинин нысаналы тагайындауы: Шаруакожалыгын жургизу ушин. Жер учаскесинин кадастрлык номери: N 03-047-271-1550. Жер учаскесинин номери: 0568198.
    Жерди алганнан кейин Карасай ауданынын акимдигине бирнеше рет арыздандым, шаруакожалыгын жеке кожалыкка пайдалануга (ЛПХ) немесе жеке уй салуга (ИЖС) ауыстыруга, бирак маган руксат берилмеди. Сонгы рет 11.05.2016 жылы арыз жаздым, дегенмен онын шешими калай болатынын билмеймин, жауап келген жок.
    Курметти комиссия мушелери, осы сурагымды канагаттандыруларынызды сураймын. Осындай жагдаймен мен жалгыз емеспин, Каскелен ауданында мен сиякты мындаган жануя бар.
    Сиздерден сурайтыным менин жерим сиякты кишкентай жерлерди «Шаруакожалыгына арналган» кедергисиз ауыстыруга болатын болса, жауабын жазбаша турде хатпен жиберулеринизди сураймын. Болмайтын болса неге, кандай занга байланысты екенин жазып жиберсениздер.
    Асыга кутуши сиздерге сениммен зейнеткер Жандарбаев Б.Ж. 25 маусым 2016 жыл.

    1. Құрметті Байталип Жандарбавич!
      Қазақстан Республикасының Жер кодекстің 65-бабына сәйкес, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану кезiнде — жер учаскесiн беру актiсiне немесе жалдау шартына (өтеусiз уақытша жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға міндетті.
      Қазақстан Республикасының Жер кодекстің 49-1-бабында, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі көрсетілген.
      Осылайша, аталған бапқа сәйкес, арыз жергілікті атқарушы органдарына жолданады. Арыздың қарау мерзімі бір ай болып белгіленген, және Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту уәжді болуға тиіс.
      Әкімдік тарапынан қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, іс-әрекеттеріне сот органдарына тиісті арыз беруге құқығыңыз бар екенін хабарлаймыз.

  39. Құрметті комиссия мүшелері!!!!
    Жер туралы нақты ұсыныстар:
    1) Алдымен Қазақстандағы бар жерлерді түгел есептеп, оларды нақты санаттарға (категориялар) бөлу керек.
    Ойымша:
    1 санат/ — Жалпы халықтық. Мүлде жекеше қолға берілмейтіндер: Тарихи, ел сеніміндегі әулие жерлер, қорғандар, бейіттер, табиғи қорықтар, табиғи демалыс орындары (көл, өзен, орман) және осы тәріздес тәлімдер; Бұл типтес жерлер белгілі бір жол (трасса) бойына шейін ашық, кедергісіз баруға мүмкін болуы керек.
    2 санат/ — Мемлекет қарамағындағы. Қорғаныс саласындағы, авто-темір жол, электр, газ линиялары бойлары. Олардың тиісілмейтін периметрлері анықталынуы керек, құрығанда 100 м көлденеңі. Ормандар мен таулар. Елді-мекен орналасқан жерлер. Жайылымға, жайлау-қыстауға мал айдайтын трассалар.
    3 санат/ — Мемлекет қажеттілігіне керек жерлер, яғни, жол, маңызды құрылыстар салынатын. Егер ондай қажеттілік жоспардан тыс пайда болса, жер иесінен мемлекет сатып алмауы керек, тек қана, басқа жерден жер берілсе болғаны!
    4 санат/ — Шекаралық аумақтар. Міне бұл жерде шекара бойынан 500 км жер белгіленуі керек, немесе, қазіргі әкімшілік аумақтар бойынша шекаралық облыстардағы аудандар көлемі. Бұл жерлерде мүлде шетелдік жал, жекеше деген түсінік болмағаны дұрыс. Негізі, ондай аудандарға мемлекеттік шаруашылықтар (тұқым шаруашылықтары, ғылыми институттар, тұқым сынайтын станциялар, метерологиялық станциялар, зертханалар, мал заводтары) шоғырландырылсын.
    5 санат/ — Ауыл шаруашылығы жерлері. Ешқашанда бір түрден екіңшіге ауыстырылмауы керек. Яғни, егістік жерлер (пашня) қалалық құрылысқа, немесе, жайылым мен шабындыққа әлдебір облыс әкімінің шешімімен, әлдебір қожайындардың ұйғарымымен өзгермеуге тиісті. Ондай қажеттілік жағдайда парламент пен үкіметтің бірлескен комиссиясы қарап, ғылыми тұжырымдар негізінде ғана шешім қабылдануы керек.

    Ауыл шаруашылығы жерін пайдалану
    1. Әр елді-мекендердің айналасында жайылымдық, шабындық жерлер, жергілікті әкімдіктер қарамағында болып, сол ауыл тұрғындарының ортақ пайдалануында болсын. Ал, алысырақ жайылымдар мен шабындықтар шаруашылықтарға берілу жағы қарастырылсын.
    2. Ауыл шаруашылығы жерлері ешкімге де сатылмасын. Өйткені, қазіргі практика көрсетіп отырғандай, оны тексеру, бақылау-қадағалау қиынның қиыны. ҚР «Кәсіпкерлік туралы Кодексі» тексерулерге белгілі шектеулер қойылған. Ал қайтарып алу деген тіптен мүмкін емес, оны қайтарып алуға ешкім де мүдделі емес. Кім жүгіріп соттасып жүреді? Әкімдер ме? Бос сөз!
    Оның үстіне көп жер алуға қазақтардың экономикалық жағдайы көтермейді. Тіптен өздеріне тиісті 5-6 га жерді алды дегеннің өзінде, олар кейінгі кезде алпауыт корпорациямен, латифундистермен мүлде бәсекелестікке түсе алмайды! Аз ғана жерде, агротехникалық шараларды, әсіресе ауыспалы егіс жүйесін енгізу мүлде мүмкін емес!
    3. Мынандай қалыптасқан жағдайда шетелдіктерге де жалға беру ауыл тұрғындарының мүддесін құртқанмен тең. Сондықтан оған кемінде 10 жыл мораторий жарияланып, қазіргі елге ауыл шаруашылығымен айналысуға жағдай жасалсын. Себебі, ауыл тұрғындарына берілген жер өте дұрыс болмады. Біріншіден, басшылар өздеріне көп жердерді алып-алып, қолдан латифундистер жасалынды. Ал, ондайға қолы жетпеген шаруалар (5-6 га тиген) шаруашылқтарын дамытуға мүмкіндіктері жоқ, «натуралды» шаруашылықтың күнін кешуде. Субарендаға формалды түрде, тиым салынғанымен, жұмыс істегісі келгендер еріксізден, басқа жер иелерінен жалға алуда. Әсіресе, ауылдық жерде (бәрі бір-бірімен таныс, туыс жағдайда, қалайша жалдық ақысын бермессің?!)
    4. Ауылда жұмыс істегілері келетіндер әлі де бар. Бірақ, жерлері жоқ. Міне, сондықтан ондай шаруаларға қосымша әліне қарай жер берілсін.
    5. Ауыл шаруашылығыне жүргізудің ең тиімді тәсілі – адамдардың ерікті бірлескен түрі (кооператив). Оған жету үшін, былай істеу керек: Конкурстық негізде жұмыс істеймін дегендерге әлдебір жер учаскесі емес, ғылыми негізде жасалынған толық ауыспалы егіс жүйесі ұсынылсын. Мысалы: 5 (бес) танапты, әрқайсысы 100 га, 500 га егістік: көп жылдық шөп-пар-күздік бидай-күздік бидай-арпа. Осы жүйе 4-5 отбасына ұзақ мерзімге ауыспалы егісті міндетті түрде қолдану шартымен берілсе, ондай жерді 2-3 трактор, 1 комбайн, бірер автомашиналармен толық игеруге болады. Бұл үшін елдің қазіргі қолындағы жер емес, қосымша жерлер қарастырылысын.
    6. Үкімет тарапынан берілетін субсидиялар сапалы, класты тұқым, сапалы мал ұрықтары, асыл мал (құс) аталықтары, қажетті пестицидтер (улы химикаттар), минеральды тыңайтқыштар, техника, арнайы ғимараттар т.с.с түрінде берілгені дұрыс. Ақшалай берген көбіне, экономикалық тиімділік бермейді.
    7. Ауыл шаруашылығы жерлерін түгелдей инвентаризация жасап, белгілі санаттарға бөлу қажет. Тың игеру дақпыртымен айдалып кеткен, егістікке (пашня) ыңғайсыз жерлер (биік таулардағы, шөлейт-шөлдердегі сияқтылар) үкімет тарапынан көмек ретінде көпжылдық шөптер (изен, житняк) себіліп, қайтадан шабындық-жайылымдарға айналдырылсын.
    8 Біздің жер, түгелдей дерлік эрозияға ұшыраған, сондықтан қорғаныш орман алқаптарын дамыту қайта қолға алынсын.
    9. Барлық жерлерге құнарлығын анықтайтын агрохимиялық тексерулер жүргізіліп отыруы керек. Оның қаражатын кім төлейді? (Мысалы Алматы облысында 53 мыңнан астам шаруашылықтар бар). Міне, бұл да үлкен мәселе. Өйткені, жерді қайтарып алудың ең бір алғашқы критерийлерінің өзі де осы. Бұған қосымша, тағы бір критерий ретінде жекеленген шаруашылықтардың алған түсімі дер едім, яғни, гектар түсімі (өнімнің ц/га) ауылдық округтегі басқа шаруашылықтардың алғанынан қатарынан 2 жыл кем болса, ондай шаруашылық, жер иеленуші кімге керек? Себілмей, өңделмей қалған да осы критерий қатарында.
    10. Жерді бергенді әкімдердің құзіретінен алған да дұрыс сияқты. Бұл жерде алдымен, жергілікті тұрғындардың ой-мүддесі ескерілсе. Ғылыми негіздегі комиссиялар, қоғамдық кеңестер ойларын ескере отырып мемлекеттік комиссия бергені дұрыс болар. Жалпы әкімдіктерден жер қатынастары бөлімін алып тастап, архитектураны ғана және жер инспекциясын қалдырған дұрыс.
    11. Астық қабылдау орындары (элеватор), агрохимиялық қызмет (қоймалары) жандандырылып, химиялық өңдеу жүргізуші орындар, авиациалық мекемелер, мал тұқымын асылдандыру мекемелері, мал заводтары… мемлекет қарамағына алынса (ең болмаса 51 пайызы мемлекеттік болса).
    Азамат Ақылбеков

    Өзім туралы: 1985 жылы Қаз АШИ (Каз СХИ) (Алматыда) үздік дипломмен аяқтадым. Біліктілігім – ғалым-агроном. 1985-96 ж.ж. Алматы облысы, Кербұлақ ауданындағы ірі-ірі колхоз-совхоздарда бөлімше агрономы, тұқым жөніндегі аға агроном, бас агроном. 1996-2008 ж.ж. Сол Кербұлақ ауданында жеке шаруашылық қожалығы. Қазіргі күнде Талдықорған қаласында, ауыл шаруашылығы саласында қызметкермін. Телефоным: 8-777-820-57-18

    Сұрақ қойыңыз

    1. Құрметті Азамат Ақылбеков!
      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы өкімімен Жер реформасы бойынша Комиссия құрылған. Сол Комиссия құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, біріккен ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ғалымдар мен қоғам белсенділері енгізілді және ол 75 мүшеден тұрады.
      Келіп түскен ұсыныстар Комиссияның мүшелеріне жолданады.
      Осы орайда, Сіздің жолдаған ұсынысыңыз Комиссия мүшелерінің назарына жолданатын болады.
      Өзіңіз тұралы мәлметтерді жолдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз және қысқа арада көрсетілген телефон бойынша Штаб қызметкерлері Сізге хабарласатын болады

  40. Абениязов Сағындық Жаңбыршыұлы («3 Энергетик СНГ»):

    Құрметті комиссия мүшелері!
    Сіздерге Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласынан жазып отырмын. Оңтүстік Қазақстан облысында 400-450 мВт электрэнергиясы жетіспейді.
    Біздер 40-50 жылдан энергетика саласында еңбек еткен ҚР еңбегі сіңген энергетик және ТМД еңбегі сіңген энергетигі, зейнетке шықсақта осы жетіспеушілікті азайтып және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев баламалы энергия көздерін пайдаланып жасыл экономика жасау саясатын қолдау мақсатында «З Энергетик» ЖШС-і Төлеби ауданында Ақсу өзені бойынан осы ауданға және облысқа электрэнергиясын беретін кіші су электрстанциясын салмақшы болдық. Біздің бұл идеямызды аудан басшылығы дұрыс түсініп, қолдап, 6,6га жерді уақытша 3 жылға жалға беруге 23.11.2015ж. №468 қаулы шығарды. Бірақ ОҚО әкімшілігіндегі шенеуніктер сол 2015 жылғы қазан айынан осы күнге дейін 7 ай бойы қаулыға қол қоймай, жерге Мемлекеттік акт ала алмай жүрміз. Облыс әкімінің атына екі рет хат жаздық. Шенеуніктердің бұл қимыл-әрекеттерін қалай түсінуге болады. Президенттің саясатын дұрыс түсінбеуі ма, жоқ әлде түсінседе Президент саясатына қарсылықтары ма? Халықтың ашу-ызасын келтіріп, қылмыстық істерге итермелеп мәжбүрлеу ме? Әлде мемлекеттік қызметте отырғандар жемқорлар ма? Түсінбедік.
    Сіздерден өтініш: облыс әкімінің қаулысын шығаруға және Мемлекеттік акт алуға ықпал етуіңізді сұранамыз.
    Осы хаттың 1 данасы ОҚО жер комиссиясына жіберілді.

    «3 Энергетик СНГ»
    ЖШС директоры С.Абениязов, ҚР еңбек сіңірген энергетигі,
    ТМД еңбек сіңірген энергетигі, 50жылдық
    өтілі бар энергетик

    1. Құрметті Сағындық Жаңбыршыұлы!
      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес (43-бап) Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі ол түскен кезден бастап екі айға дейінгі мерзімді құрайды, оның ішіне жерге орналастыру жобасын әзірлеу мерзімімен келісім жіргізу, сондай-ақ жер учаскесінің шеқарасын белгілеу кезеңдері кірмейді.
      Осылайша, бұл жерде заң бұзышылықтар көзделуде, алайда бұл жағдай тиісті тексеру жұмыстарын талап етеді. Осы орайда заңнаманың сақталуына тексеру жұмыстарын жүргізу үшін орталық уәкілетті орган немесе прокурордың атына немесе жергілікті жердегі Жердін пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасына жазбаша түрде арыз жолдауыңызды сұраймыз. Арызыңыз негізінде тексеріс жүргізіліп мән-жайлар анықталатын болады.

  41. Жер реформасы жөніндегі комиссиясына ұсыныс

    Жер үсті оның қойнауындағы байлықтар еліміздің байлығы, ата-бабаларымыздан қалған ырыс-несібеміз, асыраушымыз. Қазақ елі толық егемендігін, тыныштығын сақтау үшін кен орындарын, ауыл шаруашылығы жерлерін, тау-тастарын да шөл даласын да шетел азаматтарына жалға берілуі мүмкін емес.
    Елбасымыз Н. Назарбаев басшылығымен, Аллаға шүкір, бірте-бірте өсіп, нығайып келеміз. Жер байлығын қазақстандықтардың өздері игеруі керек. Жерді шетелдіктерге жалға беріп өркениетті, жетілген егеменді ел бола алмаймыз. Шетке жалға берілген жердің артында мыңдаған шетелдіктерді көреміз, еліміздің бірте-бірте әртүрлі себептермен ырқы-тыныштығы бұзылуы мүмкін. Біздер халық саны аз елміз.
    Қазірдің өзінде біраз жеріміз шетел азаматтарына жалға берілген дейді. Егер де ол рас болса қанша жер берілген? Ол жерде қазақ азаматтары жұмыс істейді ме? Қаншадан жалақы алады? Мемлекетімізге қанша салық төлейді, өнімдер қайда сатылады? Ашықтық керек.
    Егер де еліміздің тәуелсіздігін, тыныштығын, әл-ауқатты болуын қаласақ, жерді өз азаматтарымызға берген жөн. Ауыл шаруашылығын көтеру үшін елімізде көлемді, кемінде 9-10 жылдарға арналған, терең ғылыми зерделенген, кең көлемді жоспар (жол картасы) жасалуы керек. Онда жердің құнарлығын кемітпейтін тәжірибе, ғылыми ұсыныстар мен мемлекет тарапынан әртүрлі жеңілдіктер, мүмкіндіктер көрсетілуі тиіс. Жастарымызды ауыл шаруашылығына баулысақ, тартсақ, ауыл мен қаланың әлеуметтік мәдени жағдайларын теңестіретін етіп, еңбек ақысын көтерсек, ауыл шаруашылығы техникасын мектеп-колледждерде меңгеруді жақсылап қолға алсақ, жастарымыз ауылда қалады, жұмыс істейді, ауыл шаруашылығы өнімдері артады, кеткен шығындар қайырымды болады, асығыстық жасамайық.
    Өз елімізді өзіміз арзан да тиімді, залалсыз табиғи азық-түліктермен, киім-кешекпен 100% қамтуға, артығын шетке сатуға толық мүмкіншілігіміз бар. Ол үшін елімізде коррупция мен сыбайлас жемқорлықпен қатаң да аяусыз күрес, қатаң тәртіп, адал еңбек керек.
    Осы уақытқа дейін қолдап, қуаттап, әртүрлі жолмен байып алған бизнесмендерге салықты көбейтіп, беттерін ауыл шаруашылығына да бұруымыз керек шығар. Ешқандай шетелдерге сілтеме жасауымыз, жалтақтамауымыз керек деп ойлаймын. Шетелдіктер Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеремін деп келмейтіні анық.

    Әділ Қалғанбайұлы
    Сарыағаш ауданының
    құрметті азаматы, зейнеткер.
    26.05.2016ж.

    1. Құрметті Әділ Қалғанбайұлы!
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы өкімімен Жер реформасы бойынша Комиссия құрылған. Сол комиссия құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, біріккен ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ғалымдар мен қоғам белсенділері енгізілді және ол 75 мүшеден тұрады.
      Жұмыс Комиссиясының атына келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстар жер Комиссиясы отырысының қарауына жолданып, әрі қарай сәйкес ұсыныстар мен түсініктемелер беріледі.
      Сонымен қатар, жалпы алғанда шетелдік компанияларға ауыл шаруашылығы жерлерден 1% ғана жалға беріліп, ол кәсіпорындарда көпшілік жергілікті азаматтар жұмыс атқаруда екенін хабарлаймыз.

  42. Құрметті жер комиссиясы мүшелері. Көпшіліктің барлық сұрақтарына ауылшаруашылық министрі (АШМ) жауап беріпті. Бұл, комиссияға түскен сұрақтардың өзін АШМ қатаң қадағалап, көптеген сұрақтар мен ұсыныстарды комиссия талқылауына жібермейді деген сөз. Комиссия отырысын Б.Сағынтаев пен Құл-Мұхаммет қадағалап, түскен ұсыныстарды АШМ қадағалап отырған комиссиядан дұрыс шешім шығарылады деп күту қиын. Үкімет мүшелері жер мәселесінің дұрыс шешілуін емес, өз айтқандарына көндіруге бар күштерін жұмсауда. Сондықтан, жер комиссиясын «тәуелсіз орган»- деп, ал, оның шешімін «үкімет орындауға міндетті»- деп заң шығарылмаса, комиссия халық сенімін ақтамай, үкіметтің тек «қолжаулығы» болып қала береді. Үкімет, «жер туралы заңды комиссия шешті»- деп, халыққа сіздерді айдап салмақ. Ойланыңыздар!

    1. Құрметті Болат Саттарович!
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанында Жер реформасы бойынша комиссияның жұмысын ұйымдастыру мақсатында арнайы Штаб құрылған. Осылайша, аталған Штаб осы сайтқа жер заңнамасын жетілдіру бойынша келіп түскен ұсыныстарды жинақтап, Комиссияның қарауына жолдайды. Одан басқа, Call-орталығынан түскен немесе қағаз жүзінде келіп түскен ұсыныстар Комиссияның қарауына жолдануда. Яғни, келіп түскен ұсыныстар Комиссияға жеткізілетін болады. Бұл ұсыныстар негізінде жер заңнамасын жетілдіру бойынша тиісті өзгерістер әзірленеді.

    2. Құрметті Болат Саттарович!
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанында Жер реформасы бойынша комиссияның жұмысын ұйымдастыру мақсатында арнайы Штаб құрылған. Осылайша, аталған Штаб осы сайтқа жер заңнамасын жетілдіру бойынша келіп түскен ұсыныстарды жинақтап, Комиссияның қарауына жолдайды. Одан басқа, Call-орталығынан түскен немесе қағаз жүзінде келіп түскен ұсыныстар Комиссияның қарауына жолдануда. Яғни, келіп түскен ұсыныстар Комиссияға жеткізілетін болады. Бұл ұсыныстар негізінде жер заңнамасын жетілдіру бойынша тиісті өзгерістер әзірленеді

  43. Азамат Ақылбеков …алдында Азкен..деген атпен 2 рет комиссияға өз ұсыныстарымды 24 және 26.05.2016 күндері, жаздым. Алайда, «Ваш комментарий ожидает проверки.»—дегеннен басқа ештеме шықпапты. Тексерілсе деген сұрауым. Қ/н А.А.

  44. Сәлеметсіздер ме? менің 20.05.2016 жылы қойған сұрағымның жауабын күтіп отырмын. Аманжол Ұлтарақов

  45. Менің сұрағым жер конкурс арқылы беріледі дейді кай жерде көруге болады қай сайтта сайт адресі берілсе

    1. Құрметті Қайрат!
      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер учаскелерін беру жергілікті атқарушы органның құзыретіне жатқызылған. Осылайша, конкурс немесе аукцион арқылы жер учаскелері табыстау туралы ақпарат әзір болған кезеңде әкімдіктермен баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жариялайды. Осылайша әкімідіктерін сайтында ақпарат алуларыңызға болады.

  46. «Жерді Қазақстан азаматтарына жалға беруге болады деп жатырмыз. Тек, бір мәселені қатаң түрде ескеруіміз керек. Бүгінгі таңда 24 мың қазақ қызы қытай жігіттеріне тұрмысқа шығыпты. Қыздарымыздың бұл үрдісі үлкен деңгейде жалғасып жатыр. Болашақта Қазақстан азаматшасына үйленген қытай күйеу балалар сан миллиондаған жерді жалға алып, қытай құдаларды қаптатса қайтеміз? Сондықтан аралас некедегі адамдардан келетін қауіпті Жер туралы заңға енгізуіміз керек», — деді Мұхтар Шаханов.

  47. Құрметті комиссия!
    Жер комиссиясының 3-ші отырысын түгел көрдім. Сөйлегендердің көбі жер шетелдіктерге алдымен 10 жылға, артынан жақсы көрсеткіштер көрсетіп жатса 10-15 жылға ұзартып беру керек деді. Олар онымен баяғы айта-айта жауыр болған 25 жылға жалға беруді айтып отыр. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосынды өзгермейді деген. Шетелге жалға 10 жылға да, 25 жылға беруге де қарсымын.
    Жалға өз азаматтарымызға беру керек. Бірте-бірте үйренсін. Көш жүре түзеледі. Бірте-бірте бәрі дұрыс болады.
    Шетелге жалға беріп, бірден белшемізден батпай-ақ қойдық. Жерді шетелге жалға беруге болмайды!!!!!!!!!!!
    Пожалуйста, шетелдің практикасымен Қазақстанды салыстырмаңыздаршы! Олар 50-100 жыл алда келе жатыр. Оларда заң қатаң сақталады. Ал бізде заң қағазда ғана. Іс жүзінде бізде заң жоқ. Так что шетелмен бізді салыстырмаңыздар.

  48. Уважаемые члены комиссии!
    Нельзя отдать землю иностранцам в аренду на 10-15-25 лет! Без разницы на сколько лет. Даже на 10 лет нельзя отдать. Я против!!!
    У нас законы не осуществляются, везде беспредел. Поэтому нельзя отдавать землю иностранцам в аренду даже на 10 лет.

  49. Құрметті Қайрат!
    Комиссияның құрамы Үкіметпен бекітілген. Оның құрамын қайта жасақтау мәселесі Үкіметтің құзыретінде.

  50. 1.Біз Тəуелсіздік алғаннан соң, шегаралық спор болып тұрған жерлер толық көршілеріміздің пайдасына шешілді, қысқасы шетелдіктерге олардың жерлеріне ешқандай дау қылмастан, қайта өз жерімізден кесіп бердік. Бұрын жалға берілген жерлерімізде,толық бір ауданымызда сол елдердің үлесінде қалып кетті.Солардың ішінен толық өрескел қате берілгендері өте көп. Сол құрылған комиссия ісі қайта қаралады ма? Жерлерімізді қайта қайтару мүмкіндіктері барма?.2.Қазақстаннан басқасы шетел екені белгілі.Ресейдің жерімізге, əскери полигондардан, космос ұшырудан, зымырандардың құлауынан пайда болған,радиацияның мың түрінен келтірген шығындарының ешқайсысынан əлі күнге өтемақы ала алмай отырмыз, комиссия мүшелері елге сатқындық немесе қиянат жасап отыр. 3.Шетел компанияларымен қате, шығындарға түзілген келісім шарттарды да еліміздің пайдасына қайта қарай алмай отырмыз. 4.Компаниялардың елімізге, еңбекақыларына жəне қазақ жұмыс күштеріне жасап отырған мың сан келеңсіздіктері ың-жыңсыз шетелдіктердің пайдасына шешілуде. 5.Шетел жұмыс күші мен шетелдіктердің елге кірді-шықтысын қадағалайтын орган қауқарсыз жұмыс істеуде немесе көрсетіп отырған мəліметтері шындықтан ауылы алыс. 6.Шетелден келген инвестиция, міндетті өз шығынын алып кетеді,сол инвестицияның оң дұрыс нарқын құнын анықтап жатқан мекеме барма? Жалға алатын жерге əкеледі инвестицияның құнын кім есептейді,елге қандай пайда қалады, бізге не қалдырады. 25 жылдан соң барлығы тозығы жеп, есесіне ескірген дүние мен бұзылған мүлік зиянын тигізуді бастайды.Кəзіргі комиссия құрамы да ел пайдасына емес, екіге жарылып отырғандықтан барлығын есепке ала отырып жерді шетелдіктерге беруді он жылға тоқтату керек.

  51. Министр мырза орталық уәкілетті орган деп отырғаныңыз кімдер екенін нақтылап айтсаңыз екен,өйткені мен жергілікті атқару органдарының есігін талай қағып,тоздырғаннан кейін сіздерден көмек сұрап отырмын,

  52. Жер комиссиясының назарына ұсыныс!
    Жер мәселесінің айналасындағы бір мәселе — ауыл мен ауыл келешегі!
    Проблема:
    Негізі кезінде «Дипломмен ауылға» деп, жердің иесін жастарды ауылға қалдыруға тырысып бақтық. Оның мыңнан он-он бесі қайтқаны болмаса, токсан бес пайызы қалаға қашты. Сонда бұл қай жер иесіне келешекте жерді қалдырмақпыз?! Айтпақшы, Ауыл жылдарының бағдарламасының мардымды жетістігінің болмағаны тағы бар. Сол себепті ауылдың һәм ауыл жастарына қатысты жасалынбақ бағыт жалпы мәселені ШЕШПЕДІ!!!
    Ұсыныс:
    Меніңше «Жас ауыл» деген жаңа бағытты қолға алу керек. Ең алдымен, ауылдың келешегін жастардың кемінде нақты жер мен оның өндірістік-кәсіптік саласына 30% қайтару.
    Жолдары, ауылдан шыққан жастарға, сырттан келген жас ағайынға, қаладан ауылға барып шарушалық ашуға ниетті жастарға:
    — кәсіп не шаруашылық ашуға 5 жылдық салықтан босату;
    — техника мен несиелік қаржыға қол жеткізуде 50% мемлекеттік үстеме қолдауымен жеңілдік жасау;
    — ауылдық аймаққа «Қол жетімді баспана» ауылдық типтегі бағдарлама жасақтау;
    — Инвестициялық жобалардың негізінде қосымша инфрақұрылымдық мәселелерге, әлеуметтік ынсандарды құруға келетін ішкі не сыртқы компаниялардың құзыретіне беру арқылы жергілікті әлеуметтік әріптестікті күшейту.
    Нәтижесінде — қалаға ішкі миграцияның 30% тоқтайды, нақты кәсіптік-өндірістік бағыттар айқындалады, қалалық қылмыс, әлеуметтік күйзелістер мен теке-тірестер, қосымша қоғамдық мәселелер туындамайды.
    Ойланып көріңіздер! Кезінде Мүстафа Кемаль Ататүріктің тұсында 30-40 жылдары шамамен осындай бағытта жастарды жер кәсібіне тартқан болатын, ол кезде керек десеңіз кеңсесіне дейін тегін жалға берілді, коммуникациялық проблемаларын да шешіп беріп еді. Бізде де 21 ғасырда керемет күшті болып кетпесек те, даму үрдісімен салыстырсақ сол 40-ы, 50-ы жылдардың о жақ, бұл жағының деңгейінде тұрмыз…

    1. Құрметті Мақсат!
      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы өкімімен Жер реформасы бойынша Комиссия құрылған. Сол Комиссия құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, біріккен ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ғалымдар мен қоғам белсенділері кірді, ол 75 мүшеден тұрады.
      Келіп түскен ұсыныстар Комиссияға жолданады.
      Осы орайда, Сіздің жолдаған ұсыныстарыңыз Комиссия мүшелеріне жолданатын болады.

  53. Комиссия мүшелеріне айтарым. Ұсақ сөздерді тоқтатып, латифундистерге, байларға , тамыр таныстарға жалға берілген 100млн га жер мəселесін күн тəртібіне енгізейік. Істете алатын жерлерін 50% жеңілдікпен емес, кемінде100%дық есеппен, аукцион арқылы болсын ақшалары жеткенше сатып алсын, ақшалары жетеді, елге мол қаражат түсері рас. Ал істете алмағанына бос ұстап отырған жерлерге біріңғай қатал тəртіпте, қайтарымсыз 10-50 есе салық енгізу қажет.Істете алмағанын жер сұрап жүрген миллиондаған азаматтарымызға беріліп жер мəселесін толық шешеміз. Есеп жүргізу 100% автоматтандырылған болып, жасыру, жеңілдік жасау, программадан өзгерту қаралмау қажет, кімнің қанша жері бар, кім салықтан жалтарып төлемей жатқаны барлығы ашық болуы тиіс, ешқайсысын қалдырып кетпей, оны бағдарламаға енгізу оңай шаруа. Сонда жерлеріміз кейін коммерцияға айналып, жерге қарауға сұраныс өсіп, елге мол үлес қосады.

  54. Құрметті комиссия мүшелері. Егеменді еліміздің келешегі үшін халқымыз сіздерді мемлекеттің басты байлығы жерімізді ел игілігіне пайдасы тиетін жоба жоспар жасайды деп сеніп отыр .Біздің ауылымыз Алматы облысы Райымбек ауданы Ақай Нүсіпбеков ауылы .Республикадағы шекаралы аудандардың біреуіміз .Ауылымыз 1993 жылы мемлекеттік жекешелендіруге байланысты үлкен кеңшардан таратылған .1993 жылға дейін кеңшар есебінде 3800 га егістік жер ,оның 300 гектары суармалы жер болған .Осы жерлер сол кездгеі ауылдағы құрылған 240 шаруа қожалықтары мен тұрғындарға жан ұя мүшелерінің санына қарай 1,0 га дан 10 гектар аралығында үлестіріліп жерді өмір бойы мұраға қалдырып беретін мемлекеттік АКТ берілді . Осы егістік жерлердің бүгінгі күнге 10 — 15 % ғана игерілді.Бұған мына төмендегі факторлар себеп болды. 1 .Ауыл шаруашылығы маманы жоқ .23 жылда ауылға бірде бір агроном,иженер мамандығы бар адам келген жоқ. 2.Кеңшардан қалған ауыл шаруашылығы техникалары тозып жарамсыз болған. Техника алуға қаржы жетіспеушілігі, . 3 . Жоғары сұрыпты тұқым алаалмағандықтан,арнайы тыңайтқыш пайдаланбағандықтан өнімділік төмендеп кеткен.4.Суармалы жерден өндірілген көкөністер ауыл мен қала арасының жол қашықтығынан әртүрлі делдалдардың қолына өтіп еңбек ақталмады. Су құбырлары мен су каналдары істен шыққан .Осы жағдайлар біздің аудандағы 5000(бес мың) шару қожалықтарының басындағы жағыдай.Сондықтан аудан көлеміндегі егістік жерлерді әр ауылдық округтерден кооператив ұйымдастырып біріктіру арқылы игеріп өнім өндіру.Мемлкеттен ауыл шаруашылығы банксін ашу арқылы кепілсіз несие беруді ,өндірілген өнімді бір жерден қабылдап сату арқылы алған несиені жабу .Қолданысқа берілген » Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі » туралы заң ауыл дамуы үшін жасалған заң,ауылдан көшуді тоқтату, жастарға, тұрғындарға жұмыс орны . Мал шаруашылығы өнімдерінде кооператив арқылы өткізу. Шаруа қожалықтарының және ауыл тұрғындарының бүгінгі күні пайдаланып отырған шабындық және жайылымдық жерлерін тегін беру. Аудандағы ЖШС тер мен АҚ дар аудан көрсеткіші үшіңғана жұмыс істеуде,сол үшін оларды астықты облыстарға егін егіп жұмыс істеуге жіберу керек,олардан ауылдарға ешқандай пайда жоқ. .

    1. Құрметті Серик!
      Бір қатар ұсыныстар жолдадыңыз. Бұл ұсыныстарыңыз үшін алғыс білдіреміз және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылған Жер реформасы бойынша Комиссияға жолданатын болады. Келіп түскен ұсыныстар негізінде Комиссиямен Қазақстан Республикасы Парламентіне одан әрі Жер заңнамасын жетілдіру бойынша тиісті ұстанымдар енгізілетін болады.

  55. Құрметті жер реформасы жөніндегі комиссия төрағасы және комиссия мүшелері! Біздін сиздерге қояр сұрағымыз: 90-шы жылдардың соңында колхоз, совхоздар таратылып, жекешелендіру жұмыстары жүргізілді. Сол кезде онда жұмыс жасайтын жұмысшыларға жер пайлық үлеспен жеке меншікке берілген болатын. Содан бері бұл жерлерді қазіргі таңға дейін иеленіп, пайдаланып келеміз. Енді жаңа заңнама бойынша сол жерлерімизди қайтадан сатып алуымыз керек пе? Біздіңше бұл дұрыс емес. Онсыз да біз бұл жерлерді игеру үшін қаншама қаржы жұмсадык және де бұл жерлер бизге пай үлесіміз бойынша тиесілі болып табылады. Пайлық үлесімізді дәлелдейтін заңды құжатымыз бар. Бұл жерлерге пайлық үлесімізді иелену үшін қаншама жыл совхоздарда еңбек еттік. Пай үлесі жоқ тұлғалардан биздин қандай айырмашылығымыз болады сонда? Жерді пай үлесімен алған тұлғалар да, совхоздарда жұмыс жасамай, пай үлесі жоқ тұлғалар да сатып алатын болса.
    Комиссияға ұсынысымыз: Пайлық үлес бойынша алынған жерлер тегін берілсін.
    Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ақалтын ауылының бір топ дихандарының атынан!

  56. Айтеуир бир жарияладыныздар ау усыныс, пикиримизди, 20 кун дегенде.

  57. Қожаға – сере қазы, құлға – сүйек-саяқ

    Ресей, Қытай секілді державалар Қазақстанды тәуелсіздігін кеше ғана алған отар елдердің бірі ретінде әлеуметтік азаттыққа апаратын жолға түскенін қаламайды. Шетелдіктер әр кезде де отар елдерге кіргенде оның байлығына өз үстемдігін ұзағынан сақтап қалу үшін «өкіметтегі өз сыбайластарын» параға сатып алуды мейлінше пайдаланып, бірте-бірте сол елдің экономикалық және саяси жағдайына бақылауды өз қолдарына алуды көздейді. Себебі, жасыратыны жоқ қазіргі кезде қытайлықтар мен билік арасында экономикалық сыбайластық бар. Ол аз болғандай қазақтың өз ішінен шыққан қытайлықтардың өндірісін жүргізіп отырған «орташа бастықтары» бар күш – жігерін, ақыл-білімін қандастарын (жұмысшыларын) езіп-жаншуға, қытайы қожаларының бетіне жел тигізбеуге жұмсайды. Біз мұны мойындауымыз керек. Осындай мақсатпен енген Қытай мен басқа да шетелдік трансұлттық корпорациялар бүгінде бізді бағынышты етіп ұстау үшін өздерінің бет-бейнесін бүркемелеген отаршылдықтың жаңа жүйесін енгізіп жатыр. Бұл экономикалық бұғау қазірдің өзінде қазақ елін қылғындыра бастады.
    Бұл аз болғандай түрлі жолмен ірі көлемдегі жерлерді ұзақ мерзімге жалға алғандардың ішінде жерді екінші деңгейдегі банктерге кепілдікке қойылып, қыруар қаржы несиеге алынып, бірақ қайтарылмай кепілге қойылған жерлердің банк иелігіне өтіп кеткен жағдайы бар. Мәселен, Алматы облысы, Райымбек ауданының біршама жері Эксимбанкке өтіп кеткен. Қазір ол жерлерді не мемлекет өзіне қайтара алмай, не халыққа бере алмай жатыр. Ондай оқиғалар республика бойынша аз болмауы мүмкін. Ал коммерциялық банктерді шетелдіктердің сатып алуына немесе банктің өз мүлкін еркін сатуына ешқандай тосқауыл жоқ. «Банктер кепілге қойылған мүлікті несие қайтарылмаса сот шешімінсіз-ақ сатуға шығаруға мүмкіндігі бар, осы жолмен көптеген жер телімдері шетелдіктердің иелігіне өтіп кетуі ғажап «емес» деп жазды «Абай кз» порталы. Құрылтайшысы Ресей болып табылатын «Сбербанкте» қандай меншіктер кепілде барын да текесеріп жатқан құзырлы органдар жоқ.
    Қазіргі күні Қазақстандағы ірі инвестор мемлекет Қытай екені жасырын емес. Әуелгі келісім қалай еді? Көршіміз Қазақстанның Қытаймен шекаралас жатқан Батыс өңіріндегі көмірсутектердің көзін тауып энергетикалық қорғанысты нығайта отырып шикізатты тасымалдау керек болатын. Сөйтіп, қытайлық компаниялар мұнай-газ саласында белсенді жұмыстарын бастап кетті. Қазір еліміздегі мұнай өндірісінің 40 пайызы қытайлық компанияның бақылауында. Оның ішінде CNPC – Ақтөбемұнайгаз көш бастап тұр. Дерек көздерінің айтуына қарағанда Ақтөбе мұнайының 90 пайыз акциясы солардың қолында. Көш бастағанда да заң бұзудан да, экономикалық қитұрқылықтан да көш басында тұрған осы компания. Оның үстіне шетелдiк азаматтардың (қытайлықтардың) Қа¬зақстан азаматтарымен некеге тұруы да белгiлi дәрежеде қо¬сымша мәселелер туындатады. ҚР «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» заңының 14-бабы бойынша Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады.
    Қазақ мемлекеті мұнай газ саласында отандық компаниялардың үлесін арттыру туралы талап қойып, саясат жүргізіп отырса да, «CNPC –Ақтөбемұнайгаз» өзінің негізгі бас компаниясы «CNPC CHINA» — ның қарамағындағы еншілес компанияларды дамытуға басымдық береді. СНПС тің Қазақстандағы еншілес компанияларының құрылымы төмендегідей:
    1. «ChinaPetroleumTechnology&DevelopmentCorporation»
    Қызметі: өндіру, тауар және жабдықтарды тасу
    Қазақстандағы еншілес компаниялары:
    1. «Восточная Корона» ЖШС;
    2. «Ақтөбе Мұнай Маш Комплект» ЖШС;
    3. «Ақтөбе Нефте Маш» ЖШС;
    4. «Каспий Ойл Тех Сервис» ЖШС;
    5. «Сырдария Нефте Сервис» ЖШС;
    (Дереккөз: CPTDC сайтының түсірілімі
    http://www.cnpc.com.cn/cptdc/CPTDCNEW/CPTDCWorldwide/default.htm)
    2. ChinaPetroleumEngineeringandConstruction (Group) Corporation
    Қызмет түрі: инжиниринг және құрылыс
    Қазақстандағы еншілес компаниялары:
    1. «ВСП Интернациональ» ЖШС;
    2. Чжунте Қазақстан
    3. «Арман-Құрылыс» ЖШС;
    4. Қытайлық инженерлік-құрылыс мұнай компаниясы
    5. Қытайлық мұнай корпорациясының құрылыстық жобалау жұмысы бойынша ашылған қазақстандық ЖШС филиалы
    3. Great WallDrillingCompany
    Қызмет түрі: бұрғылау операциялары
    Қазақстандағы еншілес компаниялары:
    1. «ККБК Великая стена» ЖШС
    2. «Восток нефть и сервисное обслуживание» ЖШС
    3. «Батыс-Мұнай» ЖШС
    Дереккөз: Great WallDrillingCompany аталған ЖШС лардың құрылтайшы үлесі
    4. ChinaNationalLoggingCorporation
    Қызмет түрі: геологиялық және геофизикалық қызмет
    Қазақстандағы еншілес компаниялары:
    1. БИДЖИПИ геофизикалық қызмет
    2. КНЛК Интернешнл Қазақстан
    3. М-техсервис
    (Дереккөз: http://www.hkexnews.hk/listedco/listconews/sehk/2011/1214/01251_1225624/E106.pdf)
    Шетелдік монополистер (қытайлықтар т.б) Қазақстанды шикізаттың қоймасы, капиталын үстемелу және өнімін тиімді өткізудің нарығы, шектен тыс пайданың көзі деп қарайды. Қазақтардың саяси және экономикалық тіршілігне ықпал жасайтын маңызды тетіктері мұнай, газын әбден иеленген олар, енді міне қалған өндірісі мен ауыл шаруашылығын, жеріне (территориясына) қожалық етуге ұмтыла бастады. Қазақстан олармен 24 млрд доллар тұратын 50-ден аса келiсiмге қол қойды. БАҚ құралдары бүгінде Қытайдың 4 алпауыт ауылшаруашылық компаниясы, атап айтқанда CITIC, COFCO, Rifa Holding Group, AIJIU Қазақстанның ауыл шаруашылығы нарығына тағы кiргенін жазды. Ресей елi Байқоңыр ғарыш айлағы және 7 әскери полигондар орналасқан жерлердi сатып алуға мүдделi. Себебi Ресей Бай-қоңырды жалға алғаны үшiн жыл сайын 15 млн. доллар әскери полигондар орналасқан жер үшiн 24 млн. доллар төлеп отыр. Егер ол жерлердi жеке меншiкке сатып алса, оған миллиондаған доллар ақы төлеудiң қажетi болмайды.
    Бұған қанаудың капиталистік формасын қабат қолданып жүрген жергілікті жер иемденуші үстем тап, бүгінде 4 млн.га жерге ие болып отырған латифундистер мен олигархтарды, заңды тұлғаларды және қосыңыз. Иелігінде 100 мың, 200 мың, 400 мың, 500 мың тіпті 800мың гектардан жері бар В. Школьник, С. Терещенко, С. Кулагин, В. Метте (марқұм), Р. Мадинов сияқты алпауыттар пайда болды. Дамыған капитализм мемлекеттерінде ұлттық байлықтың 40-50%-нан астамы мемлекет меншiгінде. Нарықтық қатынастарға өткен қытайдың өзінде 90% мемлекет меншiгінде. Мәселен, АҚШ өз мұнайының 80% табысына ие болса, Ресей 60-65% — қалдырады екен. Ал, Қазақстан мұнайдан түскен табыстың әр тоннасынан бар – жоғы тек 16 пайыз үлес алады екен. «Осындай жағдайды бiле отырып, жер сатудың неге алып баратынын сезе отырып, ҚР Пар¬ламентi неге жер сатуға мүм-кiндiк беретiн заң қабылдайды?» — дейді халық. Жер қазақ халқының қолындағы соңғы меншігі, стратегиялық тетігі. Жерінің тұтастығына, халқының бірлігіне, мемлекетінің қауіпсіздігіне төнген қауіпті сезінген қазақ халқы ҚР Жер кодексінің қазіргі нормалары Қазақстан халқының мүдделеріне сәйкес келмейтінін, өз құқықтарының сақталуын талап етіп ереуілдерге шықты.
    Әдетте шетелдік монополистер азаттық алған елдерде экономикасының ең табысты салаларын — кен шығару, өңдеу өндірісін иеленеді. Сатып алу, пара беру жолымен билік тетіктеріне де мүдделес лоббистерін кіргізіп, көп жеңілдіктерге ие келісім-шарттарға қол жеткізеді. Қолдары жеткесін өз талаптарын зорлап ұсынып, бұл елдерді іштен қанай бастайды. Шетелдік монополистік қанаудың бірте-бірте мемлекеттік монополистік қанауға ұласуы «жұмысшы табын» және халықтың басқа да бөліктерінің наразылықтарын тудырады. Осыдан туындайтын елдегі көпті толғантқан жалпыұлттық дағдарыстар тереңдей келе, бұл әдетте қалың бұқараны белсенді қимылға, ашық қарсылықтарға баруға итермелейді. Монополист шетелдіктердің зорлық-зомбылығы мен жемқорлықпен былғанған жергілікті шенеуніктердің олармен сыбайластығы, өзгеге тәуелділік, экономикалық тапшылық пен тұрмыстағы мұқтаждық, еңбекшілердің әлеуметтік құқықсыздығы «жұмысшы табы» мен «халықтың басқа жіктерін» көшелерге шығарады. Осылай билеуші тап дәрменсіздігінен халқын қанаушы тапқа қарсы арандатады.
    Біз бір нәрсені анық түсінуіміз керек. Кешегі Атырау, Ақтөбе, Жаңаөзен, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Семей, Алматы ереуілшілерінің көздегені: жерінің бүтіндігін сақтап қалу, соның ішінде шетелдіктердің саяси — экономикалық басыбайлығынан құтылу болатын. Өзіңнің ырыздық бұлағыңды өзің билеп, өз қалауыңша өмір сүргенге не жетсін. Халықты «екі жақты қанау» дегеніміз осы. Ал, екі жақты қанау тереңдей келе халықтың екінші бөлігінің наразылығын тудырады. Наразылық ушыға келе еріксізден «қаналушы тапты» (бұқара) көшеге шығаруға мәжбүрлейді, бұл АКСИОМА. Мұның емі: үкімет «Жер туралы кодекстің» 170-бабы, 3-тармағы бойынша қанша адамға қанша жер берілгенін есептеп, қаншалықты заңа аясында орындалғанын жұртшылыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуі тиіс. Үкіметтің халық алдында есеп беретін кезі келді. Жердi сату, жалға беру мен жер салығының әдiлеттi, экономикалық негiзделген ақысы бел¬гiленiп, заңмен бекiтiлуi тиiс. Алдағы бірер жылда пайдаланылмай жатқан және дұрыс игерiл¬меген жерлердi толық тү¬гендеп, оларды мемлекет меншi¬гiне алу мәселесiн бастау қажет. Қазақ халқы ауыл шаруашылығын шетелдіктерсіз өз күшiне сүйенiп көтере алады. Бұған еш күман болмасын.
    Бір ғана Ақтөбедегі митингіде әділетсіздіктен титықтаған халық құнарлы жерді аукцион арқылы өзіміздің ғана емес, шет елдің алпауыттарына сатуды көздейтін кодекс баптарын алып тастауды, жалға бермеуді, жердi сату, сатып алу үдepici шаруаның мүддесiн көздеуi керек, жер шаруашылық айналымынан шығып кетпеуі, шаруаның қолынан саудагердің қолына өтiп кетпеуi қажет дегенді көтерді. Жергілікті жұмысшылар мен қытайлықтардың арасындағы жалақы айырмасының теңсіздігін айтты. Олар еңбек жағдайларын жақсартуды және басқа да тиесілі әлеуметтік теңдіктің, жұмысшы мүддесінің өкімет тарапынан қорғалуын, демократиялық құндылықтардың сақталуын, талап етті. Бұдан ешқандай да құбыжық іздеудің қажеті жоқ. Мұндайға олар шетелдіктермен ауыз жаласқан мемлекеттік монополистердің өктемдігін тежеу, өз құқықтарын қорғау мақсатында мәжбүрліктен барды. Те¬рең талдау мен мониторинг жасап алмай, халықтың келісімінсіз, ту сыртынан ауыл шаруашылығы саласына шетелдiк жұмыс күшiн тарту бастамалары әлеуметтiк қақтығыстарға ұрындырарын мойындауымыз керек.
    Халқымыздың өмір сүру деңгейі «қандай деңгейде» деген сұраққа жауап берер болсақ, мынаған қараңыз: The Good Country өмір сүруге қолайлы, қауіпсіздігі жоғары, азаматтардың әл-ауқаты жақсы ең үздік елдер тізімін жасады. Біздің ел тізімде 110-орынды иеленді. Бұл туралы life.ru сайты жазады. Ендеше, «жерінің тұтастығын» ту етіп, іштегі әлеуметтік, қоғамдық қатынастарды ушықтырушы басты фактордың бірі — шетелдік қанаушы таптың заңнан тыс іс-әрекетіне қарсы наразылық келтірген бұқараның «экономикалық тәуелділіктен» туындаған табиғатын түсіністікпен қабылдағанымыз дұрыс болар еді. «Қожаға – сере қазы, құлға – сүйек-саяқ» күйін кешкен, кешегі көшеге шыққан халықтың көздегені бар болғаны қазақ елінің шынайы экономикалық тәуелсіздігін сақтап қалу ғана болатын. Айтарым, еліміздің тыныштығын, бірлігіміздің бектігін ойласақ Жер Кодексіне қатысты құрылған үкіметтік комиссия жоғарыдағы жайларға баса назар аударады деп үміттенеміз.

    Құрметпен Нұрлыбай Қошаманұлы
    ҚР Журналистер Одағының мүшесі,
    Жер кодексіне байланысты Ақтөбе облысы бойынша құрылған үшжақты комиссия мүшесі.
    Ұялы тел: 87785976287
    07.06.2016 жыл.

    1. Құрметті Нұрлыбай Қошаманұлы!
      Сіздің жолдаған ұсынысыңыз және басқа да шетелдіктерге жалға жер учаскелерін беру мәселесі арнайы құрылғын Жер реформасы бойынша комиссия мүшелеріне жолданады.
      Қазіргі танда жер заңнаманы жетілдіру мәселесіне қатысты келіп түскен ұсыныстар Комиссиямен жинақталын, олар негізінде тиісті Жер кодексіне енгізілетін түзетілер ұсыныс ретінде Қазақстан Республикасы Парламентіне жолданатын болады.
      Атап көрсететін жайт, мәселе екі бағытта жалға беру, немесе бермеген жағдайдағы туындайтын барлық қауіпті жағдайлар зерделену барысында екенін жеткіземіз.
      Сіздің өз хатыңызда тәуекел дәрежесі жоғары қауіптіліктерді атап жазып, үлкен назарға алып отырғаныңызға алғысымызды білдіре отырып, бұл мәселелерді Комиссия талқылауына ұсынылатын болады. Сонымен қатар, ірі көлемде жерлердің бір қолда жоғарлатуын болдырмау мақсатында, оларға шекті көлемдер (шектеу) қою мәселесі жөнінде ұсыныстар көптен түсуде, және бұл мәселеде негізгі талқылауға алынған сұрақтар болып отыр. Мұнда шектеу қою мәселесін әрбір аудан, облыс аумақтары бірліктері бойынша белгілеумен қатар, оны әрбір алқан түрлері бойынша белгілеу талқылау ұсынылады.

    2. Құрметті Нұрлыбай Қошаманұлы!
      Сізбен қатар, шетелдіктерге жалға жер бөлу мәселесі не байланысты түскен көп ұсыныстар Комиссия мүшелерімен қызу талқылау барысында.
      Атап көрсететін жайт, мәселе екі бағытта жалға беру, немесе бермеген жағдайдағы туындайтын барлық қауіпті жағдайлар зерделену барысында екенін жеткіземіз.
      Сіздің өз хатыңызда тәуекел дәрежесі жоғары қауіптіліктерді атап жазып, үлкен назарға алып отырғаныңызға алғысымызды білдіре отырып, бұл мәселелерді Комиссия талқылауына ұсынылатын болады. Сонымен қатар, ірі көлемде жерлердің бір қолда жоғарлатуын болдырмау мақсатында, оларға шекті көлемдер (шектеу) қою мәселесі жөнінде ұсыныстар көптен түсуде, және бұл мәселеде негізгі талқылауға алынған сұрақтар болып отыр. Мұнда шектеу қою мәселесін әрбір аудан, облыс аумақтары бірліктері бойынша белгілеумен қатар, оны әрбір алқан түрлері бойынша белгілеу талқылауға алынған. Сондай-ақ, шектеуге дейінгі жерлерді тек бір облыстың әкімшілік бірліктері бойынша алуға мүмкіндік беру мәселесі де талқылануда.

  58. Үкімет арқылы жер комиссиясы кешігіп болса да, құрылғаны дұрыс болды. Комиссияның дұрыс жағы, олар депуттартарға қарағанда елдегі өткір пікірлер тікелей толыққа жақын айтылуда, халықтың ой пікірлері, талап сұрақтарын қабылдауда. Арқалары жар бермей, мойынсынбаудан кетіп жатқан кемшіліктер уақытымен жетілдіріледі деп ойлаймыз. Комиссияға өтініш,қатып қалған қағида жоқ,ел игілігіне үшін, адасып барып қалғандар ел белсенділермен, нағыз сол саланың мамандарымен алмасса мəселе проблемалар тез жəне дұрыс шешілер еді.

  59. Құрметті Жер комиссиясы мүшелері ! Ата- бабамыздың талай ғасыр күресімен , азапты жылдарымен, қаншама қан төгіспен келген жерін ешкімге де сатуға болмайды. Алла тағаланың біздің халқымызға берген сыйы, одан айырылып қалуға болмайды. Жер нарықтық қатынастың товар айналымына түспеуі қажет. Жерді сату дегеніміз бітіспес даулы мәселеге апратын, түбінде қазақ ұлтының өзі өз жерінде бір -бірімен қырлыстыруға , бітіспес араздастыруға апаратын жол. Дәл қазіргі кезде жерді сату, сатып алу, басқа ұлт өкілдеріне тиімді болуы мүмкін, немесе азғандай ат төбеліндей өтпелі кезеңде әртүрлі айла — амалдармен арам капитал жинаған «жаңа қазақтар» ғана сатып алады. Ал қарапайым көпшілік әсіресе күнін малмен, кешегі үкімет 49 жылға берген пайына келген жермен әзер күнін көріп отырған ауыл тұрғындары жерді ешқашанда сатып ала алмайды. Оларға пайдалысы жерді тек қана арендаға алып, оны ұзартып отыру. Ұсыныс: 1.Жер кодексін қайта түбірімен өзгерту, жерді ешкімге де сатпау , тек арендаға беру. 2. Шаруа қожалығы дегендерді жою, оның орнына ірі ауылшаруашылық кооперацияларын құру, әркімге еңбегіне, жер үлесіне, пай мөлшеріне қарай табыстан бөлу. Қазіргі шаруа қожалығы дегеніміз адамның еңбегін қанау, заңсыздыққа жол беріп отыр, соның себебінен ауыл- село тұрғындары қалаға қашуда, әсіресе қазақ ауылдары құрып бітті. Солтүстік қазақстанның тарыдай шашылған қазақ ауылдары жоқ болудың қарсаңында. Сонымен қатар астықты солтүстік өңірдегі әртүрлі ауылшаруашылық құрлымдары (агробизнес, командиттік, ЖШС т.б. құрлымдар) басшылары тек өздерінің қара басының тек өз пайдасын көбейтуді ойлайды. Сондықтан агроқұрылымды құру кезінде демократиялық басқару жүйесін енгізу қажет. Жер реформасын түбегейлі қайта жүргізбесе болмайды. Ауылшаруашылық министрлігінің жұмысын , құрылымын өзгерту.ауылшаруашылық ғылымын тамытуға ерекше көңіл бөлу. Жер ешкімге сатылмасын, тек жалға беру, Берілген жердің игерілуін қатаң бақылау.

    1. Құрметті Қажымұрат!
      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен 2016 жылғы 13 мамырда Жер реформасы бойынша Комиссия құрылған. Сол Комиссия құрамына Парламенттің қос палатасының депутаттары, Үкімет мүшелері, біріккен ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ғалымдар мен қоғам белсенділері енгізілді және 75 мүшеден тұрады.
      Осылайша, келіп түскен ұсыныстар осы Комиссияға жолданады.
      Осы орайда Сіздің жолдаған ұсыныстарыңыз Комиссия мүшелерін назарына жолданатын болады.

  60. Комиссияға 26.05. күнгі ұсынысымды 07.06. күні жариялағандарыңызға, жеке жауап бергендеріңізге алғыс білдіремін. Жалпы шолу ретінде айтылған 31.05. күнгі пікірімді де шығарсаңыздар! Құрметпен А.А.

    1. Құрметті Азамат!
      Қазіргі кезде келіп түскен ұсыныстар мен пікірлер жинақтылып арнайы құрылған Жер реформасы бойынша Комиссияға жолдануда. Сұрақтар мен ұсыныстарға жауап берілетін болады.

    2. Құрметті Азамат!
      Бірқатар техникалық проблемалар болуына байланысты уақытылы жауап бермегеніміз үшін кешірім сұраймыз. Сіздің 31 мамыр күні жолдаған пікіріңіз қаралатын болады.

  61. О внутренних инвестициях и технологиях
    См. таблицы в статье «Сколько гектаров земли и в каких регионах Казахстана арендуют иностранцы». По этим таблицам можно составить такие же таблицы по областям и районам, но с той разницей, какие АО., ТОО и отдельные землевладельцы владеют сельхозземлями и и как рачительно используют землю, сколько они платят налоги в бюджет. В таблицы можно внести соответствующие графы (колонки). Это нужно для внутренних инвестиций и технологий, и ради внешних инвестиций и технологий, даже на оговоренный в документе срок приглашать иностранцев не нужно. Как мне помнится, эдак лет 25 назад, когда замПремьером и министром сельского хозяйства был Балташ Турсумбаев, были внедрены тогдашние новые технологии, как капельный полив и голланндский способ выращивания картофеля на полиэтилене. Кстати следует сказать, что в 1992 году был собран рекордный урожай зерновых – 30-33 млн тонн, что не повторялось доныне. В тот год, мы «АЗАТовцы», помогли собрать урожай, чобы не приглашать иностранцев, которым отдавалось бы до 20% урожая. «АЗАТовцам», помимо зарплаты, дали по одной тонне пшеницы. Но к сожалению, в тот же год подоражала перевозка, и они оставили пшеницу там. Кстати, следует сказать, еще об одном случае насчет технологии в Южно-Казахстанской области. После Турсумбаева, пришедший на должность министра сельского хозяйства нынешний аким акмолинской области Сергей Кулагин, спросил у аксакала, у вас должен был быть капельный полив картофеля, тот ответил, что он трудоемкий, надо соединять трубки. Но ведь это делается в самом начале вегетации и один раз в год. Сколько министров перебывало с тех пор. Технологии вводит нужно самим.
    Сейчас члены земельной комиссии, общественных советов и депутаты, наверное разъехались по областям и районам, они привезут сведения, о котором говорилось выше. За неверные сведения необходимо отвечать перед Законом. jerturaly.kz

    1. Уважаемый Хизат!
      Хочется выразить благодарность за Ваши предложения и отмечаем, что эти рекомендации будут учтены в работе, а также Ваши предложения будут направлены в Комиссию по земельной реформе, состав которой утвержден распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 13 мая 2016 года.

  62. Кешіріңіздер, менің 19.05.2016ж. жазған пікір-ұсыныстарым неге әлі «ожидает проверки «деп тұр? 23 күн өтті…

  63. Беккожин Амангелді Төлеуханович Тұрғылықты жері: Акмолинская область Қорғалжын ауданы Арықты савхоз:

    1) Жалға берілетін жер көлемінің арақашықтығы Қазақстан Республикасы Жер туралы көдексіне сәйкес ауылдық округтерден 10 шақырымда болуы қажет. Себебі ауылдық округ тұрғындарының малшаруашылық жұмыстарына қажетті болып табылады.
    2) Жалға беруді тек қана Қазақстан Республикасының азаматтарына беру қажет. Меншікке беруді тақтата тұру қажет, себебі еліміздің қарапайым азаматтары жерді шаруашылыққа қолдану үшін сатып алуға мүмкіншіліктері жоқ. Сондықтан бірінші болып қарапайым халықтың жер көлемін сатып алу үшін оларға қатысты банк жүйесі арқылы тиімді несие алу мүмкіншіліктерін беруді қалыптастыру қажет. Жер көлемін Қазақстан Республикасына сатуды тоқтатпаған жағдайда, шет елдерінің азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтары арқылы спекуляциялық және алаяқтық әрекеттері арқылы өздерінің қолдарына жеткізуі мүмкін.
    3) Шетел азаматтары мен компанияларына жалға беру мерзімі 5-10 жылдан аспауы қажет. Мерзімі аяқталған кезінде жалға беру мерзімін ұзарту үшін сол ауылдық округі тұрғындарының келісімдері арқылы жүзеге асырып отыру керек. Ауылдық округтердің ауылшаруашылығына маңызды су көздері (өзен жағалаулары, көлдер) орналасқан жерлерді жалға беруді қатаң түрде тиым салу қажет. Жалға берілген жерлердің шетел компаниялары мен азматтарының меншігіне өтіп кетпеуі үшін, олардың жалға алынған уақытында жерлерді түрлі қоршау әдістерін жүргізуді тиым салып қажет. Аталған іс-шаралар сол аймақтағы тұрғындарымыздың еркін жүріп тұруларына кедергі жасауы мүмкін. Ауыл тұрғындарының өздері жерлерді өндеп егін егу, малшаруашылықты дамыту үшін оларға инвестиция мен техникалық көмек көрсету қажет. Осы ісшаралар жүргізілген кезде еліміздің ауыл тұрғындары өздерінің жанұяларын бағуға, ауыл шаруашылығын дамытуға және еліміздің қазынасына пайда келтіруге мүмкіншіліктері пайда болады.

    1. Құрметті Амангелді Төлеуханович!
      Жолдаған ұсыныстарыңызға алғыс білдіре отырып, осы жолдаған пікірлеріңіз арнайы құрылған Жер реформасы бойынша Комиссияға жолданатып болады. Осылайша, Комиссия келіп түскен пікірлер негізінде Қазақстан Республикасы Парламентіне Заң жобаға ұсыныстар ретінде енгізілетін болады.

  64. Неге менің 14.05.2016 ж. үсынысым қараусыз қалды? Ешбір ұсыныс қараусыз қалмайды-деп едіңіздерғой?

  65. Құрметті комиссия мүшелері! Жер иелері туралы мəліметті жасыра отырып СІздер жемқор коррупцияны тікелей қолдау көрсетіп отырған болып шығасыздар,заңға өзгеріс енгізулеріңізді сұраймыз. Қарап отырсақ, сыбанып кірісу орнына, елдегі латифундистікті жою мəселесі күн тəртібіне əлікүнге неге енбей отыр? Жер халықтыкі, ақшамен, тамыр таныстықпен, төбеден нұсқаулармен жалға орта есептен мыңдаған есе көп мөлшерде бөліп алынған жерлер шамасына қажеттісі қалдырылып қалғаны міндетті қайтарылу тиіс жəне бірнеше жылдардағы қайтарылмаған табыстар, келтірген шығындар айып пұлдармен қайтарылу тиіс. Жерді тиімді пайдалануын тексерумен, жеңілдіктердің алып тасталуымен, жер көлемінің өсуімен өсіп отыратын прогрессивті салық арқылы қайтарып алуға болады.

  66. Құрметті жер туралы комиссия мүшелері. Өкінішке орай, жер мәселесінің шешімін таба алмағандықтан, сіздер мораторииді әлі 5 жылға жалғастыру керек деп шештіңіздер. Ол дегеніңіз, көптеген жерлер әлі 5 жыл бойы игерілмей, халыққа өнім бермей, бос жатады деген сөз.
    Жер мәселесінің туындауының негізгі себебі;-жерден өнім өндірілмей, ауылшаруашылығы экономикасының өсуінің тежалуінде емес пе?
    Ал, мораторий — экономиканың өсуін әлі 5 жылга кешіктіреді.
    Сондықтан, тағы да ескертемін, (14.06.2016 ж жазғамын) жер мәселесінің шешу тетігі менің қолымда. Анығырақ айтқанда, менің өнертабысымды іске асырумен байланысты екенін ескертемін. Бұл өнертабыс, жастарды қайтадан ауылға тартып, ауылшаруашылығы өнімдерін күрт өсіруге мүмкіндік береді.
    Менің өнертабысымды комиссия отырысында қарап, Президент алдына;- жерді толық пайдаланудың жаңа шешімі бар — деп, ұсыныс жасауларыңызды өтінемін..

  67. Ассаламалейкум ағайын. Я думаю народ уже высказал свое мнение. Вопросы надо снимать с повестки дня, моратория о продлении на 5-лет итак усугубит настроение народа. Вы должны дать четкий ответ где будите жить и ваши дети в Казахстане или зарубежом. Не кто не присягает на частную собственность работайте если можете, делитесь с нами мы коренное население друг другу братья, у нас каждый род знает свою родословную и мы четко ему следуем при заключении брака. Я понимаю всех кто сидит на верху, но после верха вы все спускаетесь на землю и будите жить среди нас об этом не надо забывать. Если не мы то кто будет строить наш дом, не одному иностранцу этого не надо каждый из них преследует свой интерес. Да есть проекты которые идут из вон плохо и об этом мы все знаем нам больно, но есть пословица «Не ошибается тот кто не работает «. Конечно больше всего горечь за детей, что им останется. Но большинство из нас верит, что когда не будь это прекратится. Если сравнить «Қазақстан» с США то мы как 5-летний ребенок, вот мы доживем до 25-летнего возраста это примерно лет через 120,будем думать, а пока давайте сватать на ноги. У нас без этого много работы 1-очередь это сильная армия (нам нужны ракетные стратегичексие войска) Мне и остальным таким как я не куда ехать «менім елім осында».

  68. УРА! Моратори узартылды. Енді бес жыл тағы уайым қайғысыз жатуға болады. Жер мәселесі де, елдің пікірі де тұра тұрсын. Бас ауыртып қайтеміз- деп, бір көсіліп отырған шығар АШМ қызметкерлері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *