Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

ҚазАгро 2016 жылғы тоғыз айдың ішінде 226 млрд теңгеден астам қаражатты АӨК қолдауға бағыттады

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2016 жылғы тоғыз айдың ішінде 226 млрд. теңгеден астам қаражатты еліміздің АӨК қолдауға бағыттады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.


АӨК қаржыландырудың жалпы сомасының — 183,1 млрд. теңгесі отандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдарды несиелеуге, 17,8 млрд. теңгесі – ауылшаруашылық өнімін сатып алуға, 23,8 млрд. теңгесі – АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруға жұмсалады. Жылдың аяғына дейін «ҚазАгро» холдингі саладағы түрлі жобаларды несиелеуге және қаржыландыруға тағы да шамамен 80 млрд. теңге бағыттауды жоспарлайды.

Ұлттық холдингтің инвестициялық қоржыны 530 инвестициялық жобаны құрайды, оның жалпы құны 324 млрд. теңге. Оның ішінде бүгінгі таңда жалпы құны 273,4 млрд. теңгенің 487 жобасы іске қосылды, шамамен 15,5 мың жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылы өндіріске жалпы құны 18.8 млрд.теңгенің 37 инвестициялық жоба іске қосылды, 1068 жұмыс орны құрылды.
Егін егу және жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін ағымдағы жылы Холдингке 60 млрд.теңге сомасындағы бюджеттік несие қаражаты берілді, олар Холдингтің еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің арасында қарыздар түрінде бөлінді. Қазіргі уақытта бөлінген бюджеттік ресурс толық игерілді. Аталған қаражатқа 2141 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырылды, егістік алаңы 5,3 млн. га.

Жалпы, 2016 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қолдау шеңберінде Холдингпен барлық қаражат көздері есебінен 72,9 млрд. теңге сомасына 3235 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырылды. Алынған қаражат аграрларға 6,9 млн. га алаңда егістік науқанын жүргізуге ықпалын тигізді.

Шаруашылыққа қажет агротехникалық іс-шараларды жүргізу үшін лизингке 37,6 млрд. теңге сомасына 1 877 бірлік ауылшаруашылық техникасы берілді.

Жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен «ҚазАгро» ұлттық холдингіне 25 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде 9 айдың қорытындысы бойынша 19,8 млрд. теңге игерілді. Бөлінген қаражат Холдингпен қаржы бағдарламаларының кеңейтілген спектрін пайдалану арқылы АӨК дамуын ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталды, оның қатарында – Несие серіктестіктері арқылы АШТӨ қаржыландыру, аналық ІҚМ басын және қойларды сатып алу.

«ҚазАгро» ұлттық холдингі биылғы жылдың соңына дейін экономикалық өсімді ынталандыру жөніндегі қосымша шаралар шеңберінде бірқатар жобаларды қаржыландыруды бастауды жоспарлайды. Әңгіме АӨК басым салаларындағы экспортқа бағдарланған жобаларды несиелеу, сүт қабылдау пункттерінің желілері мен отбасылық сүт-тауарлы фермаларды, ауылшаруашылық кооперативтерін және бордақылау алаңдарын, жеміс-көкөкніс шаруашылығы жобаларын қолдау туралы.

Ақмола облысында «Нұ­рлы жер» бағдарламас­ын жүзеге асыру жөнінде келісім жасалды

Ақмола облысының әкімдігі мен «Тұрғын үй-құрылыс жинақ бан­кі» АҚ өзара әріптес­тік туралы меморанду­мға қол …

Бос жерлер туралы мәліметтер халыққа қолжетімді болуы тиіс — Бас прокуратура

Бос жерлер туралы мәліметтер халыққа қолжетімді болуы тиіс. Бұл туралы бүгін «100 нақты қадам» …

Оралда сегіз жер телімі кәсіпкерлерге сатылды

Орал қаласы әкімдігінде коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру құқығын …