Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Қазақстанда 8,57 млн тонна астық бастырылды

Ауылшаруашылық дақылдарын жинау жөніндегі жедел ақпаратқа сәйкес, 2017 жылдың 4 қыркүйегіне дейін Қазақстанда 8576,8 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР АШМ ақпаратына сілтеме жасап.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметіне сәйкес, 6785,2 мың гектар аумақта егін жиналды. Бұл — өңірлердің астық орылатын аумақтарының 44,7 проценті. Орташа түсім гектарына 12,6 центнерді құрап отыр.

2016 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырсақ: былтыр осы уақытта 4883,7 мың гектар аумақ игеріліп (немесе барлық аумақтың 32,1 проценті), 7148,7 мың тонна астық бастырылған. Орташа түсім гектарына 14,6 центнерді құрады.

2017 жылы егін жинау аумағы 15 165,1 мың гектарды құрайды, 2016 жылы 15 203,9 мың гектар болған еді.

Дереккөз kazinform

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …