Қазақстанда 30 қазандағы жағдай бойынша 22 94 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша, ауылшаруашылық өндірушілері есептік кезеңде 15 311,3 мың гектар астық жинаған, бұл өңірлердің астық жинау алқабының 100%-ын құрайды.
Орташа өнімділік гектарына 14,4 центнерден айналды. Қазақстанда 2016 жылы осы кезеңде 14 174,6 мың гектар өнім жиналып, бұл облыстардың астық жинау алқабының 92,7%-ын құраған. Ал орташа түсімділік гектарына 15,2 центнерден болған еді.
2017 жылы астық жинау алаңы 15 311,3 мың гектарды құраса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 15 290,1 мың гектар болған.
Дереккөз kazinform