Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Қазақстан шекарасындағы ауылшаруашылық жерлерді кім пайдалана алады

Шекара аймағындағы жер кәсіпкерлерге берілмейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгертулер туралы баспасөз мәслихатында ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжаxан Бимендина мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Шекара белдеулерінде ешқандай жер учаскелері берілмейді (…) Аталған аумақтағы жерлер сонда өмір сүретін халық қажеттілігіне ғана беріледі. Бізде шекара белдеуінде орналасқан 2-3 ауыл бар. Сол ауылдың тұрғындарына жерді ауыл шаруашылық мақсатында жалға алуға рұқсат берілген.

Ал шекара белдеулеріндегі жерді кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жалға беруге мүлдем тыйым салынады», — деді Г. Бимендина. Бұған дейін Мемлекеттік шекара белдеуінде және шекара аймағында орналасқан жер телімдерін шетелдіктерге, шетелдіктермен некеге отырған азаматтарға, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларға жалға беруге тыйым салынғаны хабарланған еді.

Сонымен бірге, заң жобасында қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде жалға беру және берілетін жер аумағының ең жоғарғы мөлшерін белгілеу қарастырылған.

Дереккөз kazinform

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …