Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Қазақстан электронды астық қолхаты тетігін кеңейтуге ниетті

Қазақстан электронды астық қолхаты тетігін кеңейтуге ниетті. Бұл туралы бүгін Қазақстандағы астық нарығының ашықтығын арттыру жөніндегі конференцияда еліміздің Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.

«Біз ағымдағы жылы теңдессіз қадамға бардық. Яғни, өздеріңізде білетіндей биыл Қазақстан электронды астық қолхаты тетігін енгізді және бұл да астық айналымы ашықтығын арттырудағы маңызды қадамның бірі саналады», – деді Исаева.

Осы ретте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қазақстанның осынау теңдессіз тәжірибесін Еуразиялық экономикалық одақ бойынша серіктестері жан-жақты зерделеп жатқандығын баса айтып өтті.

«Біз бұл тетікті Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында таныстырдық. Бағдарлама жұмыс істеген бірнеше айдың ішінде жүйенің барлық басымдықтары анық байқалды. Фермерлер астық айналымына қатысты ақпараттарға қолжетімділік мәселесінде элеватор кәсіпорындармен бірдей құқыққа ие болды. Ал ең бастысы барлық астық опеарцияларын ашықтығын қамтамасыз етудегі біздің негізгі мақсатымызға қол жеткізілді», – деді ол.

Сонымен қатар Исаева еліміздің бұл тәжірибесі Біріккен ұлттар азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы үшін де қызықты болуы мүмкін екендігін баса айтты.

«Бүгінгі күні аталған жүйеде 11 млн. тоннадан астам көлеміне 58 мыңнан астам астық қолхаты шығарылды. Бұл ретте негізгі астықты үш облыста 10,3 млн. тоннадан артық көлемге 55 мың астық қолхаты берілген», – деді вице-министр.

Дереккөз kazinform

Қызылорда облысының күрішіне орақ түсті

Шиелі ауданында 2017 жылдың күріш орағы басталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын уақыт жетті — Елбасы

Отандық ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын уақыт жетті. Бұл туралы Ақмола облысында жұмыс сапарымен жүрген …

Мемлекет басшысы Ақмола облысында егін алқабын аралады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Зеренді ауданындағы «Ұмай жер» ЖШС-нің …