Қазақстан ағымдағы маркетингтік жылда 5367,5 мың тонна астыққа шаққандағы ұнды және астықты экспортқа шығарды.
Маркетингтік жыл 2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықты қамтиды.
Осылайша, 2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 20 ақпанына дейін 3411,4 мың тонна астық, 1369,3 мың тонна ұн (астыққа шаққандағы – 1956,1 мың тонна) экспортталды.
Былтырғы 2015-2016 маркетингтік жылы 5,4 млн. тонна астық және 2,1 млн. тонна ұн экспортқа (астыққа шаққанда 2,95 млн тонна) шығарылған.