Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар келісім шарттарға қол қойылды

Астанада Хэнань провинциясына арналған Қазақстан-Қытай бизнес-форумы аясында еліміздің мемлекеттік органдары, үкіметтік емес ұйымдары және бизнес өкілдері Қытайдың 160 азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, агрохимия, биотехнология салалары өкілдерімен кездесті.

Форумның негізгі тақырыбы Хэнань провинциясының экономикалық мүмкіндіктерін ұсыну, Қазақстан және Қытай кәсіпорындары арасында бизнес кооперация түрінде инвестициялық салымдарды кеңейту және Қазақстан аумағында жаңа бірлескен кәсіпорындар ашу, екі ел арасында тауарларды жеткізу болды.

Форум барысында екі тарап өзара тиімді ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар келісім шарттарға, меморандумдарға қол қойды. Атап айтар болсақ:

– қытайлық Davo Industrial Ltd компаниясы және қазақстандық China-Kazakhstan Modern Agricultural Development Co., Ltd компаниясымен ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы саласы бойынша қазіргі заманғы өнеркәсіптік саласында бірлескен кәсіпорын құру;

– Ауыл шаруашылығы паркінің құрылысын жүргізу үшін Henan Jinyanyinhai Seed industry Co., Ltd қытай компаниясымен және “Жаннұр-Астана” мен One plus One Natural Flour Co.,Ltd компаниялары арасында.

Осы келісімдерге қол қою екі жақты ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін береді

Ауғанстан Қазақстанға астық терминалдарын салуды ұсынып отыр

Қазақстан астығын тиімді экспорттау үшін Ауғанстанда терминал салу керек. Бұндай пікірді Мәжіліс төрағасының орынбасары …

Ақмола облысында астық сақтайтын кешен ашылды

ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Ақмола облысының Астархан ауданында астық қабылдау, сақтау және жөнелту пункті …

Үкімет басшысы: Зауыттарды қант қызылшасына көшіруге уақыт керек

«Атамекен» ҰКП төралқасының кеңейтілген отырысында ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев елімізді қантпен қамтамасыз ету …