Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

А. Мырзахметов: Гектарлық субсидиялау алынып тасталады

А.Мырзахметов Ақтөбе облысындағы АӨК-ті дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын түсіндіру барысында субсидиялаудың тиімділігін арттыру шаралары туралы айтты.

Қолданыстағы жүйе жеміс-жидек пен жүзімді (9,3 млрд. теңге) гектарлық субсидиялауға бағытталған.

«Біз 6,3 млрд. теңгені бау-бақша мен жүзімге инвестициялық субсидиялауға беруді жоспарлап отырмыз, соның нәтижесінде субсидия алушылар саны 523-ке дейін артады. Қалған 3 млрд. теңге құрама жем, күрішті өңдеу, майлы дақылдар, қант өндіру, сірне және шитті мақта өнімдеріне бөлінеді»,- деді Асқар Мырзахметов.

30,4 млрд. теңге гектарлық субсидиялау бойынша дәнді-дақыл, бұршақ дәнділер, картоп, мақта өнімдеріне таратылады
Осының ішінде, 23,3 млрд. теңге құрама азық өнімдеріне, күрішті өңдеуге, майлы дақылдарға, қант өндіру, шитті мақтаға бөліну жоспарланған. 4 млрд. теңге тұқым шаруашылығын субсидиялауға беріледі.

Қалған 13,1 млрд. теңге мал азығы мен өңдейтін кәсіпорындардың сатып алатын бағасына гектарлық субсидиялау бөлінеді.
Көкөністер бойынша 1 га аумаққа бөлінетін 4,8 млрд. теңге мына тәртіппен бөлінеді: 1,7 млрд. теңге тұқым шаруашылығына, 3,1 млрд. теңгені жылыжай шығындарына бөлу қарстырылған.

«Субсидиялаудың осылай бөлінуі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 5000-ға дейін көбеюіне, тұқым сапасы мен өнім көлемі артуына оң әсерін тигізеді»,- деді А.Мырзахметов.

Қазақстан Президенті Асқар Мырзахметовті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев вице-премьер — ауыл шаруашылығы министрін Асқар Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлайды …

Солтүстік Қазақстан облысында астық жинау аяқталды

Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп құрылымдары астық жинау жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Республика бойынша 14,7 млн астық бастырылды

Соңғы мәліметтерге сәйкес, астық алқабының 76,7 пайызы орылып, 14,7 млн тонна астық бастырылды. Бұл …