Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Ақмола облысында астық сақтайтын кешен ашылды

ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Ақмола облысының Астархан ауданында астық қабылдау, сақтау және жөнелту пункті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалтыр ауылында ашылған қазіргі заманға сай жабдықталған нысанда 25 мың тонна астық пен майлы дақылдарды қабылдап, сақтауға болады. Нысанның құрылысына 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын көкшетаулық мердігер «Эталон-Плюс» ЖШС жүзеге асырған.

Нысанның ашылуы 18 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ГРОСС НАН»-ның  директоры Мағауия Қанапиннің айтуынша, кешенде аудан орталығы мен жақын маңдағы елді мекендердегі шарушылықтардан бидай мен майлы дақылдар қабылданатын болады. Қабылданған астықты кептіру, сақтау және жөнелту сияқты қызмет түрлері көрсетіледі.

«Аграрлы облыс үшін астық сақтау қабылдау орындарының ашылуы, ауыл шаруашылығы саласының дамуына септігін тигізетін болады»,  — деді Мағауия Қанапин.

Дереккөз kazinform

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …