Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде көш бастады

Ақмола облысы республикамызда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша алдынғы орында тұр. Бұл туралы әкімдік отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқарамсының басшысы Бауыржан Малғажаров мәлімдеді.

«Осы жылдың 9 айының нәтижесіне сәйкес Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 248,4 млрд теңге, индексі 113,1% болды және аймақ республикада бірінші орын алды. Бүгінде 13,2 ц/га орташа өнімнен 5,6 млн тонна дәнді және бұршақты дақыл, майлы дақылдар 9,1ц/га өнімнен– 128,8 мың тонна жиналды», – деді Б. Малғажаров.

Аймақта картоп егуді дамыту жұмыстары қатар жүріп жатыр.

«Биыл 258,3 мың тонна картоп жиналды. Облыста 71,6 мың тонна сыйымдылығымен 54 арнайы қойма бар. Картопты сақтауға байланысты проблема жоқ», – деді шенеунік.

Аймақ өзінің және елорданың ішкі қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп отыр. Өнімнің бір бөлігін басқа өңірлерге шығарады.

«Mал шаруашылығында ірі қара малдың саны 3,1%-ға көбейді. 69,2 мың тонна ет, 299 мың тонна сүт және 565,4 млн дана жұмыртқа өндірілді», – деп толықтырды басқарма басшысы.

Айта кетейік, Астана айналасындағы азық-түлік белдеуі аясында биыл 8,9 млрд теңгенің 11 жобасы іске асады.

Дереккөз: bnews

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …