Жер туралы
Жер мәселелерінің
ақпараттық ресурсы
Бөлiсу

2021 жылға дейін 610 мың га суармалы жер айналымға түседі

Бүгін ОКҚ-де Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 610 мың га суармалы жерді айналымға түсіру мен жер қатынастарын жетілдіруге арналған баспасөз конференциясы болып өтті.

Шараға ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев, «Қазсушар» РМК директорының орынбасары Э.Якубаев қатысты.

«Алдағы 5 жылда 610 мың га аумақтағы тұрақты суғарылатын жердің ирригациялық жүйесін қалпына келтіру жоспарлануда. Атап айтқанда, Алматы облысында – 127 мың га, ОҚО – 99 мың га, ШҚО – 92 мың га, Жамбыл облысы – 86 мың га, БҚО – 40 мың га, Павлодар облысы – 30 мың га, Ақтөбе облысы – 29 мың га, Қызылорда облысы – 29 мың га, Қарағанды облысы – 28 мың га, СҚО – 28 мың га және Атырау облысы – 22 мың га», – деп хабарлады И.Әбішев.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында 368 мың га аумақтағы көлдетіп суару жерін қалпына келтіру жоспарлануда. Атап айтқанда, БҚО-да
163 мың га, ШҚО-да 56 мың га, Ақмола облысында 44 мың га, Ақтөбе облысы – 41мың га, Атырау облысы – 36 мың га, Павлодар облысы – 24 мың га және Қарағанды облысы – 4 мың га. Бұдан бөлек, ескірген коллекторлық-дренаждық желілерді қалпына келтіру жоспарлануда. Оның жалпы ұзындығы 13,2 мың шақырым, вертикальды-дренажды саңылау 955 дана болмақ.

Дереккөз mgov

Қазақстан Қытай, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясына ауылшаруашылық өнімдер экспортын арттырады

Қазақстан агроөндірістік кешен (АӨК) өнімдерінің экспортын дамыту бойынша арнайы «жол картасын» әзірлеп жатыр, деп …

Бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты — ҚТЖ

 Биыл темір жолмен бидай мен ұн тасымалдау өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артты, …

Қазақстанның астығы қайда экспортталады

ҚазАқпарат — «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры Нұржан Мұxамеджановтың айтуынша, Ресейде үш …